kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?белекті? суретін салу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

шлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшлшл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?белекті? суретін салу"»

Сабақтың тақырыбы: Көбелек суретін салу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еске түсіру,бейнелі ойлау арқылы

сурет салу

Білімділік: нәрсенің формасын, түсін,көлемін таба білуге

үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін

арттыру,ойлау әрекетін дамыту.

Тәрбиелілік: Мейірімді,адал,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: С.Т.О

Пайдаланылатын

құралдар: түрлі-түсті карандаштар,су бояулары,гуашь.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,мәтін,шаблондар,плакат.

Пәнаралық

байланыс: әдебиет,биология,геометрия.

Сабақтың барысы:

I Психологиялық дайындық.

1.Жалпы әр күнді ҚР.Гимнімен бастайтындықтан,бір оқушы мына өлең жолдарын оқиды.

Туған жердің қорғайтын әрбір талын,

Гиммен қарсы алған әрбір таңын,

Құрметтейтін,тіпті,оның көбелегін,

Біз боламыз,О,Отан,жас Ұланың!

Оқушылар мемлекеттік гимнді орындайды.

II Қызығушылығын ояту

-Міне балалар,біз әр таңымызды осылайша гимнмен қарсы аламыз,сүйікті Отанымыздың көк байрағы шұғылалы күн аясында желбірейді.Міне,арайлап тағы бір таң атты, айналаға көз салайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Олай болса,көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер,айтайық.(бірнеше балаға тақпақ айтқызу)

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?-деген сұрақ бойынша топтастыру әдісін пайдаланып,

білгендерін тақтаға түсіру.

Күн жылынады

Құстар ұшып келеді Егін

егеді



Қырда қызғалдақ КӨКТЕМ

жайқалады Күн күркірейді



Ағаштар жапырақ жаяды

Жәндіктер тіріледі Жаңбыр жауады

III.Мағынаны тану фазасында ЖИГСО стратегиясын қолданудағы мақсат: «Оқушылардың шығармашылықпен,жұппен,топпен білім алуын және өз бетімен жұмыс жасай білуін қалыптастыру.»

Класты 3 топқа бөлеміз.

I-топ Табиғат

II-топ Гүлдер

III-топ Көбелек





Табиғат

ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктерімен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді.Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану,айналадағы ортаны қорғау,халықтың көбеюі,энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету,азық-түлікпен қамтамасыз ету,мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек,ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б.осының бәрі жеке елдің емес,бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын,басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған проблемаларға қатысты жетістіктер мен қиыншылықтарды, «кіші» проблемаларды оңай табуға болады.Өйткені адам қанша жеке,қайталанбас болғанымен дүние біртұтас,бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады. Табиғат адамды қажетті зат пен энергиямен қамтамасыз етеді.Адам табиғатты үнемі өзгертіп отырады белгілі бір шетке барғанда табиғат қарымта қайтара бастайды,өйткені қазіргі кезендігі табиғат ресурстарын алудын,өңдірудің жалпы өсумен қатар,адам ала бастаған ресурстардың түрлері де көбейіп отыр.Сондықтан да табиғатқа түсетін қысым өте күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық алдымызға бірнеше мәселені қойғаны сөзсіз.Бүкіл адамзаттың алдындағы сияқты бізге де денсаулық сақтау,азық-түлікпен қамтамасыз ету,жерді сақтау жөніндегі қиыншылықтар тансық емес.Табиғатты тиімді пайдалану мәселесі біз үшін әлі шешілмеген іс болып саналады.

Гүлдер.

Жер шарында өсімдіктің 500 млн-нан астам түрі бар.Жыл сайын ғылымға жаңа түрлер еніп отырады.Өсімдік-Жер шарының «өкпесі»деп бекер айтылмаған.Өсімдіксіз тіршілік атаулыны елестетуге болмайды.Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.Қазақстанда гүлөсімдіктерінін 5700-дей түрі өседі.Оның 500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу үшін 1981 жылы «Қызыл кітап» ұйымдастырылды.Оның мақсаты-жойылып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып,оларды сақтап қалу.Солардың бірі-қызғалдақ.Бұл гүл алғашында жабық күйінде өсіп тұрған,оның ішінде бақыт жасырынып жатыр деп болжаған.Бірақ,оны ешкім аша алмаған.Бір күні кішкене сәби осы гүлді көріп сықылықтап күліп,жүгіріп гүлді жұлып алып қарап тұрса гүл өзі жайлап қана ашылыпты.Міне,сәбидің шат күлкісі осылайша әдемі қызғалдақты дүниеге келтіріпті.Жабайы түрде Қазақстанның оңтүстігінде және Өзбекстан мен Қырғызстанның шектесетін жерлерінде өссе де әлемге таныс.Бұл гүл сәуірдің басынан маусымның басына дейін гүлдейді.Бұл гүлді жинауға,пиязшықтарын қазуға тиым салынған.Ол қолда жақсы өседі.Пиязшығының құрамында қант бар,бұрын тағамға пайдаланған.Бұны халық медицинада бас және өкпе ауруларына қарсы ем ретінде пайдаланған.

Көбелек

Жаздың орта шенінде шөп не ағаш жапырақтарында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндіктерді жиі көресіңдер.О,мына құртты қара!-деген құрбыларыңның сөзін де естіген боларсыңдар.Шынында да олардың денесі құрт тәрізді бұылтық,ауыз мүшесі кеміруге бейімделген,құрсағында 5 жұп жалғанаяқтары болады.Бұлар қырыққабат (орамжапырақ)ақ көбелегінің дернәсілдері(личинка).Ал енді осы дірнәсілдерді ересек көбелекпен салыстырып көріңдер.Дене пішінін айтпағанда,ересек көбелекте үш жұп жүретін ааяқтары бар,ал дірнәсілдерінде бесеу. Ересек көбелектің ауыз мүшесі түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша.Бұл тұмшықшасымен ол гүл шырынын сорады.Дірнәсілдің ауыз мүшесі үстіңгі,астыңғы тісшелі жақтарымен жапырата кеміріп,үгітуге бейімделген.

Көбелектің дірнәсілін жұлдызқұрт деп атайды.Жұлдызқұрттар өсімдіктердің жапырақтарымен қоректенеді де, тез өседі және бірнеше рет түлейді. Ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне, дуалға, құрылыс қабырғасына және тағы басқа жерлерге өрмелеп шығады.Қолайлы орын тапқан соң жұлдызқұрт қуыршаққа айналады. Қуырша кезеңінде олар ешбір қолғалыссыз алады, қоректенбейді. Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден орамжапырақ ақ көбелегі шығады.

Мәтіндерді оқуға 10 минут беріледі, жанұяға қайтады.

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік





Ақпаратты жұппен алмасуға 5 минут топпен ақпарат алмасуға 5 минут беріледі. Әр топ ақылдаса отырып, бір оқушыдан шығарады.Толықтыруға болады.Жіңішке және жуан сұрақтар қою арқылы бекітеді.

ІV Сарамандық жұмыс.

Әр топ плакатқа көктем бейнесін салып қалған жерлеріне көбелек суретін,бояумен салады.Балалар жұмыс жасаған кезде естеріне көбелек симметриялы денеге жататындығын айта отырып, оқушылар санасына «симметрия» ұғымын ендіремін.

V Ой – толғаныс фазасында «Гүл және көбелек» Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Көбелек Гүл







Балалар әуелі гүлдерге тән қасиетті, содан көбелекке тән қасиетті шеңберлерге жазады. Екі шеңбер ортасына екеуіне тән қасиеттер жазылады.

Бұдан кейін (Sin Kuein) бес жолды өлең жазу тапсырылады. Оқушылар бұл әдіспен таныс болғандықтан, қиыншылық тудырмайды.

1.Не?

2.Қандай?

3.Не үшін?

4.Не істейді?

5.Жалпы ойды түйіндеу.

IV Галереяға саяхат.Оқушылар плакаттарын тақтаға іліп, қағазға өз пікірлерін жазып суретке іледі, әр топтан бір оқушы шығып пікірлерді оқиды және бағалайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"К?белекті? суретін салу"

Автор: Молдир Таскараева Сапарбековна

Дата: 08.05.2016

Номер свидетельства: 324798


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства