kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?алалы? баяндама "Білім беру ж?йесінде бастауыш сынып м??алімдеріні? к?сіби шеберлігін арттыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру ж?йесінде бастауыш сынып м??алімдеріні? к?сіби шеберлігін арттыру.

?стазБ?секеге ?абілетті ?рпа? дайындау білім ба?дарламасыны? негізгі м?селесі болып отыр. Е? басты н?рсе - жеке т?л?аны? ?абілетін ашу. Сонды?тан м??алім жа?ашыл, жан-жа?ты болу керек.
Дарынды ?стаз К. Д. Ушинский: «?ызы?ушылы?ын ту?ызбайтын о?у бірте - бірте о?ушыны? білімге деген ??марлы?ын жояды, ал тек ?ызы?ушылы??а негізделген о?у о?ушыны? еркін, к?ш - жігерін т?рбиелемесе м?нін жояды» деген екен. Олай болса, бізді? мектебіміздегіПедагогикалы? ?жымны? та?ырыбы:

О?у – т?рбие ?рдісіне  жа?аша мазм?н беру ар?ылы білімге ынталы, ?негелі  жан –жа?ты  дамы?ан жеке т?л?аны т?рбиелеу.Ма?саты:Білімді, жан–жа?ты дамы?ан, к?пм?дениетті, толерантты, болаша? ?рпа? алдында жауапкершілікті сезінуге ?абілетті, ?р т?рлі жа?дайлар?а да бейімделе білетін т?л?аны т?рбиелеу.

Сондай-а?, мектепте ?ылыми-?дістемелік орталы? ж?мыс ат?арады.

?ылыми  ?дістемелік  орталы?ты?  та?ырыбы:

«М??алімдерді? к?сіби шеберліктерін арттыра отырып педагогикалы? технологияны жетік ме?геру негізінде ?стазды? ??зырлы?ын ?алыптастыру.»

Ма?саты?йрену, ?йрету, т?жірибе алмасу, озат т?жірибені насихаттап отыру.Бастауыш сынып ?дістемелік бірлестікті? та?ырыбы: «Бастауыш сынып м??алімдері жа?а техналогия элементтерін пайдалана отырып, білім  сапасын арттыру»Ма?сат1.О?ушыларды о?ытуда жа?а технология элементтерін пайдалана отырып, бастауыш сынып о?ушыларыны? білім сапасын арттыру.

2.О?ушыларды? ой –?рісін, тілін дамыту, сауаттылы??а баулу.

3.О?ушыларды адамгершілікке, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

МіндеттеріАлды??ы ?атарда?ы педагогикалы? психологиялы? т?жірибені ж?йелі т?рде пайдалану.?р ?стазды? алдында?ы ж?мысты шешу ?шін, к?сіби шеберлігін арттыру.О?ытуды? жа?а технологиясы негізін м??алімні? шы?армашылы? т?жірибесінен ?алыптастыру. О?ушымен ж?ргізетін жеке ж?мыс т?рлерін жетілдіру.Елімізді? б?гіні мен ерте?і ?скеле? ?рпа? еншісінде. Ал осы ?рпа?ты б?гінгі та?да жан–жа?ты, тере? білімді, интеллектуалды? де?гейі жо?ары ?збетімен ізденуге ?абілетті етіп ?алыптастыруды? бірден-бір жолы – о?ушыны шы?армашылы??а жетелеу.Ол ?шінм??алімдеріні? к?сібишеберлігін арттыру керек.Б?л м??алімнен тере? біліктілікті ?ажет етеді. Себебі шы?армашыл ?стаз ?ана шы?армашыл т?л?аны ?алыптастыра алады. Б?гінгі ?аза?станды? мектептерге ?о?амны? ?ар?ынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ?ылыми-?дістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны тере? ме?герген ізденімпаз м??алім ?ажет. Б?л м??алімні? к?сіби шеберлігінен к?рінеді. Бас?аша айт?анда, білім беру ?дерісі м??алімні? дайынды? де?гейі мен маманды? сапасына ?лкен талап ?ояды. Ол м??алімні? ?зін-?зі дамуына, ?зіндік білім алуына ж?не ?здігінен шы?армашылы? т?рде ?ызметтерін іске асыру?а м?мкіндік береді. ?азіргі уа?ытта м??алім білім беру ж?йесіндегі кез келген ?айта ??руларда?ы педагогикалы? ?дерісті? негізгі субъектісіне айналып отыр. Сонды?тан м??алімдерді жа?а заман?а бейім болу?а жа?дай жасайтындай, м?мкіндік ту?ызатындай к?сіби білімдерін к?теру ж?не ?айта даярлау курстарыны? мазм?нын ?згертіп, жаса?тау ?ажеттілігі туындауы за?дылы?. Я?ни, педагог мамандар ?зін-?зі дамытуына ж?не ?здігінен білім алуына м?мкіндік алады. М??алімдерді? біліктіліктерін арттыру курстарында, курсаралы? кезе?дерде жо?арыда?ы сапалар?а жету ?шін т?мендегідей міндеттерді белгілеуге болаМ??алімні? шы?армашылы?пен е?бек етуіне ?олайлы жа?дай ту?ызуЗаман талабы, ?о?ам с?ранысына, ?ажеттігіне с?йкес ?лемдегі ж?не отанды? озы? іс-т?жірибелер, жа?а технологиялар, инновациялы? ?дістермен ?дайы ?аруландырып отыру.Шы?армашылы? ізденісі мен е?бегіне толы? еркіндік бере отырып, о?ытуды ізгілендіру ма?сатында?ы талап, тілектеріні? орындалуына, ?зіндік іс-т?жірибесін тарату?а м?мкіндік   М??алімні? зерттеушілік м?дениетіні? ?алыптасуы мен дамуы ?шін ?ажетті ба?ыт-ба?дар беру. К?сіптік шеберлігін арттырып отыру?а ба?ыттал?ан т?рлі іс-шаралар ?ткізіп т?руМ??алімні? ?о?амда?ы белсенділігіні? артуы ?шін к?сіптік м?ртебесі мен ?леуметтік беделіне ?немі к??іл б?лу.

?о?амда?ы болып жат?ан ?леуметтік – экономикалы? ?згерістерге с?йкес білім беру ма?саты мен міндеттері о?ушыларды ?лемдік даму  де?гейіне с?йкес келетін белгілі бір біліммен ?аруландыруды ж?не ?лтты?,сана  - сезімін т?рбиелеуді к?здейді.

Педагог кадрларды? к?сіби –т?л?алы? шеберлігін ?алыптастыру басты ма?сат екенін аны?талды. Осы?ан орай ?азіргі та?да бастауыш сынып м??аліміні? к?сіби шеберлігін дамытуда мына міндеттер ж?ктеледі:Бастауышта  о?ытылатын  п?ндері? теориялы?  білімділігіШы?армашылы? ?абілетіні?  болуы;Жа?а педагогикалы?  технологияны ме?геру, п?ндерді о?ытуда компьютерді пайдалана алуы?зіні? педагогикалы?  жетістігі  мен  кемшілігін ба?алай алуы Н?тижені пайымдай білу;

Мектебімізде бастауыш  сынып ?дістемелік бірлестігі ?о?ам  талабы  мен ?леуметтік с?раныстар?а  с?йкес о?ушылармен ж?мыс істеу функциялары  мен   принциптерін   іске асыру,мектепішілік  педагогикалы? технологиялар  мен инновациялар ?орыны? ж?мысын жетілдіру ма?сатында ж?мыстанып келеді.

Жалпы білім   беруде мектеп о?ушыларыны?  білім  сапасын  арттыру  бастауыш сынып   беруде   бастауыш сынып  м??алімдеріні?  к?сіби шеберлігіні? бейімделуіні?   табыстылы?ы   жа?сы. ?йымдастырыл?ан ?дістемелік к?мек, теориялы? семинарлар, педагогикалы? о?улар  т.б.  ?дістемелік  іс – шаралар?а  байланысты. Со?ан  с?йкес  шеберлігін  ?алыптастыруда  т?мендегідей шараларды?  ж?зеге  асырылуын  назарда  ?стайды:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?алалы? баяндама "Білім беру ж?йесінде бастауыш сынып м??алімдеріні? к?сіби шеберлігін арттыру"»

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен

азаматтарының білімімен өлшенеді». 

Н.Ә.Назарбаев


Білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.


Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің әр шақтарын қиғандар – деп ақын ағамыз жырлағандай шәкірт үшін алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе - жеке тұлғаның қабілетін ашу. Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан-жақты болу керек.
Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. Олай болса, біздің мектебіміздегі


Педагогикалық ұжымның тақырыбы:

Оқу – тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы білімге ынталы, өнегелі жан –жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мақсаты:Білімді, жан–жақты дамыған, көпмәдениетті, толерантты, болашақ ұрпақ алдында жауапкершілікті сезінуге қабілетті, әр түрлі жағдайларға да бейімделе білетін тұлғаны тәрбиелеу.

Сондай-ақ, мектепте ғылыми-әдістемелік орталық жұмыс атқарады.


Ғылыми әдістемелік орталықтың тақырыбы:

«Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыра отырып педагогикалық технологияны жетік меңгеру негізінде ұстаздың құзырлығын қалыптастыру.»

Мақсаты:Үйрену, үйрету, тәжірибе алмасу, озат тәжірибені насихаттап отыру.

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа техналогия элементтерін пайдалана отырып , білім сапасын арттыру»

Мақсаты:1.Оқушыларды оқытуда жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру.

2.Оқушылардың ой –өрісін, тілін дамыту, сауаттылыққа баулу.

3.Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Міндеттері:

1.Алдыңғы қатардағы педагогикалық психологиялық тәжірибені жүйелі түрде пайдалану.

2.Әр ұстаздың алдындағы жұмысты шешу үшін, кәсіби шеберлігін арттыру.

3.Оқытудың жаңа технологиясы негізін мұғалімнің шығармашылық тәжірибесінен қалыптастыру.

4. Оқушымен жүргізетін жеке жұмыс түрлерін жетілдіру.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу.Ол үшінмұғалімдерінің кәсібишеберлігін арттыру керек.Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Сондықтан мұғалімдерді жаңа заманға бейім болуға жағдай жасайтындай, мүмкіндік туғызатындай кәсіби білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындауы заңдылық. Яғни, педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстарында, курсаралық кезеңдерде жоғарыдағы сапаларға жету үшін төмендегідей міндеттерді белгілеуге болады:

  • Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу.

  • Заман талабы, қоғам сұранысына, қажеттігіне сәйкес әлемдегі және отандық озық іс-тәжірибелер, жаңа технологиялар, инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып отыру. 

  • Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап, тілектерінің орындалуына, өзіндік іс-тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызу.

  • Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті бағыт-бағдар беру. 

  • Кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп тұру.

  • Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігінің артуы үшін кәсіптік мәртебесі мен әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөлу.

Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттық ,сана - сезімін тәрбиелеуді көздейді.

Педагог кадрлардың кәсіби –тұлғалық шеберлігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықталды. Осыған орай қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамытуда мына міндеттер жүктеледі:

  • Өзінің кәсібіне деген қызығушылығын арттыру;

  • Өзін кәсіби маман ретінде сезіну;

  • Педагогикалық біліктілігі сауаттылығы;

  • Педагогикалық үдеріс теориясын өз тәжірибесінде пайдалана алу ;

  • Бастауышта оқытылатын пәндерің теориялық білімділігі;

  • Шығармашылық қабілетінің болуы;

  • Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру , пәндерді оқытуда компьютерді пайдалана алуы;

  • Өзінің педагогикалық жетістігі мен кемшілігін бағалай алуы;

  • Нәтижені пайымдай білу;

Мектебімізде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес оқушылармен жұмыс істеу функциялары мен принциптерін іске асыру,мектепішілік педагогикалық технологиялар мен инновациялар қорының жұмысын жетілдіру мақсатында жұмыстанып келеді .

Жалпы білім беруде мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру бастауыш сынып беруде бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінің бейімделуінің табыстылығы жақсы . Ұйымдастырылған әдістемелік көмек, теориялық семинарлар, педагогикалық оқулар т.б. әдістемелік іс – шараларға байланысты. Соған сәйкес шеберлігін қалыптастыруда төмендегідей шаралардың жүзеге асырылуын назарда ұстайды:

1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;

2.Бастауыш сынып мүғалімдерінің біліктілігін көтеруін болжау;

3.Оқыту үдерісіне оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу бағытында іс-шаралар ұйымдастыру;

4.Білім беру мекемелерінде педагогикалық тәжірбиені анықтау және бағалау.Қала, облыс, республика көлеміндебілім беру жүйесін дамыту мақсатында педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату;

5.Бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс жеке және топтық түрде жүргізіледі :кеңес беру, сабақ, сабақтан тыс шараларды сараптау, сынақ ұйымдастыру,шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік отырыстарын, ғылыми-практикалық конференцияларды, педагогикалық тәжірибе мектептерін, кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру.

Бастауыш білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде жаңа педагогикалық технологияларды қарастырамыз. Соған орай 12 – жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінебағытталған білім берудің териялық- тұжырымдамалық және нормативтік негіздерін талдау негізінде теориялық семинарлар, шеберлікке бағытталған сабақтар оздыру және баяндама, тренигтер жүргізудің маңызы зор. Осы орайда қала, облыс, республика оздырылған игілікті шараларға мектеп мұғалімдері белсенділік танытып отырады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда озық тәжірибелерді таратуға арналған семинарлардың алатын орны ерекше. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында мектептің бастауыш сынып бірлестігінде төмендегідей іс шаралар жоспарланды.

Тақырыбы

Мақсаты

Нәтижесінде


«Шеберлікке бағытталған білім берудің теориясы, технологиясы және әдістемесі»

Шеберлікке бағытталған білім берудің теориясы, технологиясы және әдістемесі туралы мұғалімдердің сауаттылығын жетілдіру

-Оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдерді таңдауға көмек беріледі

- мұғалімдер мұғалімдермен кәсіби әңгімеге қатысады

- оқыту тәжірибесі жетілдіреді

«Оқу тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдану»

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушы мұғалім ынтымақтастығын күшейту, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, шығармашылық ізденуге мүмкіндік жасау

-Жаңаша білім беру технологиясын сабақта пайдалану жолдарын үйренеді.

- шығармашылық жұмыстар дамиды

- озат педагогикалық тәжірибелер таратылады

- оқытудың тиімді жолдарын қамтамасыз етеді

«Шеберлікке бағытталған сабақты модельдеу»

Диалогтық оқыту қалай оқу керектігін үйрету: оқытудың жоғары деңгейін дамыту үшін диалогтық оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында қолдану және оқушыларды белсенеді ойлауға тарту жолдарын анықтау.

-Диалогтық тәсілдің оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына тигізер әсерін түсінеді

- пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырады

- топтық талқылаудың сапасы артады


«Оқыту үшін бағалау оқуды бағалау»

Бағалау түрлерімен таныстыру, формативті бағалаудың айырмашылығын түсіндіру.

-Мұғалімдер формативті бағаның айырмашылығын ұғады

- критериалды бағалау туралы түсінік алады



«Сендердің озат ойларың мен кемел білімдерің елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін мақсаттарға апаратын құдіретті күш»- деген Елбасы Н.Ә Назарбаевтың жастарға арналған сөзі ұстаз қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Біздің мектепте ғылыми – әдістемелік орталық жанынан шығармашылық топтар құрылып, мұғалімдер инновациялық тұрғыда жұмыс істеуде. Ұстаздың кәсіби шеберлігін шыңдауда, мектепте ұйымдастырылып тұратын педагогикалық оқулардың, ғылыми – әдістемелік семинарлардың, байқаулардың мектепішілік кіші пән олимпиадалардың, іскерлік ойындардың берері көп.

Жаңашылдық жұмыстарды жандандыру, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында мектепте 83 мұғалім «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша оқыған,соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің оқығаны 23,72 мұғалім «Оқытудың үшөлшемді жүйесі бойынша курстан өтіп, білімдерін жетілдіріп, оны бастауыш мұғалімдерінің 10-ы сабақта пайдаланып жүр, 5 мұғалім «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша оқыған, соның ішінде бастауышта күнделікті 2 мұғалім осы технологиямен жұмыс жасап жүр.10 мұғалім «Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын сабақтарында кеңінен қолдануда. Үш айлық деңгейлі бағдарламамен мектепте 10 мұғалім оқыту курстарын аяқтаған, соның ішінде бастауышта 3 мұғалім.

Мұғалімнің шеберлігін арттыратын технология түрлері өте көп. Қазіргі таңда біздің мектепте алты шығармашылық топ жұмыс жасайды: Олар:

  • «Жас маман мектебі»

  • «Озат тәжірибе мектебі»

  • «Шеберлік»

  • «Ізденуші»

  • «ҮӘЖ»

  • «Инновация»


1.1Жас маман мектебіндеұстаз жас маман арасындағы қарым қатынас әріптестік бағыттан қарастырылған. Жас мамандармен «Жас маман мектебі» арасындағы сабақтастық мектебіміздің жыл бойына қаланып келе жатқан дәстүрін жалғастыру мақсатында көп көмек беріп, келе жатыр. Біршама жас маман мектебінің жоғары сапалы жұмыстарының арқасында жас мамандардың жоғары сапалы сабақтары білім сапасының жоғарылауы мектепке деген қызығушылықтың артуы, жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады. Жас маман мектебінің бағыты бойынша теориялық материалдың практика жүзінде іске асуы қадағаланып нәтижесін байқап саралау мақсатында жас мамандардың сабақтарын қарап, бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

2.1 «Озат тәжірибе» мектебінде:

Озат тәжірибелі мұғалім кез-келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне айналған кәсіби біліктілігі жоғары маман иесі. Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім оқыту барысында әр түрлі жаңалықтар ашу арқылы ғана озат тәжірибе жинақтайды. Бұл шығармашылық топтағы мұғалімдер ұстаз шығармашылығын шыңдауда, озық тәжірибені үйрену және іс-тәжірибе алмасып таратуда


3.1 «Шеберлік»: топтағы мұғалімдер (Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жлбасы бойынша жұмыс істеуде. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу үйрену ісін ұйымдастырушы деуге болады. Ойлаумен ұштастыра білі алуды бағыттайтын оқыту технологиясы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне осы топтағы мұғалімдер көзімізді жеткізді.

4.1 «Ізденуші»: Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланады.Танымдық белсенділігін арттырады. Өз бетінше жұмыс істеуге ықпал етеді. Сабақтың құрылымын түрлендіреді. Оқу процесінде оқушының белсене араласуын қамтамасыз етеді. Есте сақтау, ойлау қабілетін кеңейтеді.


5.1 «ҮӘЖ»шығармашылық тобында

Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясын қолдану барысында мақсатпен нәтиженің ара қатынасын өлшеу арқылы оқушының білім сапасын шығаруға болады.

Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі”педагогикалық технологиясын қолдану арқылы сыныптағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады.


6.1. «Инновация»: (Кембриждік оқу тәсілі)

Кембриждік оқудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, іздемпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру Үш айлық деңгейлі бағдарламамен мектепте 10 мұғалім оқыту курстарын аяқтаған,соның ішінде бастауышта 3 мұғалім.. Олар: Қойкенва Ж.Қ – ІІ деңгей, Абишеева А.А, Ахметова Р.С. - ІІІ деңгей. Бұл әріптестерім бүгінгі таңда өз сабақтарын сындарлы оқыту теориясы арқылы сабақтарын беріп, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуда.

Осы шығармашылық топтағы әріптестерімнің оқыту мен оқудағы жаңа технологияларды сабақтарында тиімді пайдалануы мұғалім ізденісің «көк жиегі» дер едім.Мұғалімдер шеберлігінің қызметін ұлы ойшыл сөзімен бағалар болсақ, «Өзің ойлап табуың тамаша, ал бірақ та басқалардың біліп тапқанын бағалау қолданған жасағаннан кем түссе ме екен?»-деп ұлы ойшыл Гете айтқандай үйрену озық тәжірибені қолдану мақсатқа жетудің жолы болмақ.


-Құрметті әріптестер!

-Әріптестер сіздер оқушыларды қалай отырғызасыздар?пікірлерін тыңдау


Жаңа технология енгізілген сабақтарда үш қатарда екі-екіден тізіліп отыратын өзгермейтін отыру қалпы мұнда жоқ:

  • жұппен жұмыс

  • топпен жұмыс

  • -3,4 тен отыру

  • әркім өз көзқарасын қорғау үшін бұрыштарға бөлініп тұру:

  • қабырғаға қарап тұру,


-Ал, қанеки,әріптестер сіздердің сынып бөлмелеріңіздің стенд тақырыптарын айтыңыздаршы?

пікірлерін тыңдау

Қазіргі таңда сабақ үрдісінде жаңа технология енгізгеннен кейін сынып бөлмесіндегі стенд тақырыптарындағы өзгерістер:

  • оқы ,үйрен ,біліп ал

  • идеялар тақтасы

  • ең үздік сұрақтар тақтасы

  • пікір бұрышы

  • үздік шығармашылық жұмыстар тобы

-Ал, әріптестер сіздер оқушылардан сабақ сұрағанда қайда тұрасыздар?пікірлерін тыңдау

Мұғалім ретінде біздің тұратын орнымыздың да мәні зор екенін түсінеміз. Топтың атынан шыққан оқушы сөйлегенде, мұғалімнің үстелінің қасында тұрсақ, бізге қарап сөйлейді, сондықтан оқушылардың қасында боламыз, ол бізге қарап сөйлейді. «Маған айт», «Мен солай дедім» сияқты тіркестерін қолданбауға тырысамыз, «Бізге айт», «Ортаға сал» тіркесін пайдалану керек. Оқушының «Менің пікірім былай» деген тұжырымдамасын қолдаймыз.

Жоғарыдағы талаптардың орындалуын ескере отырып, сабақтың жаңа технологияларды пайдалану кезеңінде мұғалімдер өздерінің шеберліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолдануына ерекше мән беру керек..

Жаңа технологияларды сабақты пайдаланғаннан кейін ,оқушы рөлінің өзгеруі төмендегідей болады:

  • оқушы танымдық іс – әрекет иесі;

  • өзінің даму аймағын кеңейтуші;

  • оқыту процессінің белсенді мүшесі;

  • өзіндік ой – пікірі бар, сыншыл көзқарас, әділ пікір иесі;

  • өзін – өзі тануға әрекет жасайтын тұлға;

  • жоғары деңгейлі сұрақтар иесі;

  • эксперт рөлін еркін атқарушы;

  • бірін- бірі, өзін, тобын, топ жұмысын бағалай алушы;

  • ойының дамуын қадағалай алады;

  • алдағы қадамдарын болжап, мақсатты айқын қоя біледі.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз.
.

Егер өмір алтын болса, зергері – мұғалім,

Егер өмір теңіз болса, гауһары – мұғалім,

Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,

Егер өмір ақын болса, сөзі – мұғалім.

Қорытындылай келсек, мұғалімнің шеберлігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс – тәсіл мен технологияны сабақта тиімді пайдалану керек. Ол «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы ма?, «Оқытудың үшөлшемді жүйесі ме?, «Сатылай кешенді талдау» технологиясы ма? «Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы болу мүмкін, бірақ ең бастысы шәкірт қойылған проблеманың шешімін өз табуы керек, әрекет жасай білу керек .

Сонымен, ұстаздық ұстанымдарымыз ізденісті маңдайға тигізіп, білімді санаға сіңіру, ұғымды түсінікке ұйытқы болғызу болып табылады. ХХІ ғасырдың маманы – ой – өрісі кең, жан дүниесі бай, кәсіби білікті маман, қайталанбас дара тұлға болуы тиіс.

Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде: «Біздің болашағымыз білікті де, білімді жастардың қолында» - деп атап көрсетсе, сол жастарды,біз бастауыш сынып мұғалімдері мектеп табалдырығынан бастап дайындауға көш алдында болайық.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Автор: ?азыбаева Гаухар

Дата: 16.01.2016

Номер свидетельства: 277773


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства