Тақырыбы:Етістік.
Сабақтың мақсаттары:1)білімділік:Етістік туралы білім беру,
Жаттығулар орындау арқылы алған білімдерін жетілдіру.
2)дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру;
өз ойын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту
3)тәрбиелілік:Адамгершілікке,ұқыптылыққа;сауатты,көркем
жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап әдісі,ойын әдісі
Көрнекілігі:интер тақта,тақырыпқа сай кестелер.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
-психологиялық дайындық
II .Үй тапсырмасын тексеру,бағалау:
-411-жаттығу
-ереже бойынша сұрақтар
III .Өткен сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы
тексеру:
-Қанша сөз табы бар?
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімнің қанша түрі бар?
IV .Білімдерін бекіту:
Терме диктант.Зат есімдерді теріп жазу
Тексеру:(дұрыс жауабын интер тақтадан көрсету)
V .Жаңа сабақ:
-Сөзжұмбақ шешу.
Арман,жина,шеге,ойнады,қызыл,
Ержан,оныншы,қар,қуанды,балық,
Айман,отызда,көбелек,мұғалім.
Қонжық балшықтан қамал…..
Тышқан ірімшікті рақаттана…..
Ақтөс бөгде адамдарға…..
Күшік тәтті …..
Торай коньки…..
Айдос қарға… ..
Торай мен қонжық…..
Ережемен таныстыру:Заттардың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді
етістік дейміз.Етістіктерге не істеді?не қылды?қайтті?деген сұрақтар
қойылады:өсті,ойнады,сайрады .
VI .Оқулықпен жұмыс:
413-жаттығу. /Жұмбақтарды оқып,шешуін табу/
Жазда қыдырады, Таңмен көзін ашады,
Қыста тынығады. /су/ Әлемге нұрын шашады. /күн/
416-жаттығу. /Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып,етістік екенін
дәлелдеу/
ұшты
қанат қақты
сөмке
қалам
кітаптар
өсті
VII .Тақтамен жұмыс:
414-жаттығу. /Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз./
Шығармашылық тапсырма:
415-жаттығу. /Берілген етістіктерді қатыстырып оқиғалы сөйлем құра/
Қонды,жауды,тасыды,жүзді.
VIII .Сабақты қорытындылау:
/Сөздерге сатылай талдау технологиясы арқылы талдау жүргізу/
IX .Үйге тапсырма:
-417-жаттығу
-Білімге,оқуға қатысты мақал-мәтелдер іздену
X. Бағалау.
Тоғайда түрлі аңдар __________ . Қызыл түлкілер тоғайда __________ .
Терең шатқалға қояндар __________ .Тиіндер ағаштан-ағашқа _________.
Керекті сөздер:жүреді,жасырынады,болады,секіреді.
Байлады
Жүгірді
бұл сөз, ____________
бұл сөз, ____________
бұл сөз, ____________
бұл сөз, ____________
бұл сөз, ____________
бұл сөз, ____________
бұл сөзде, __________
бұл сөзде, __________