Б?гінгі к?ні мемлекетімізді? ?ркениетке жету жолында?ы ?р талабына т??ыр боларлы?тай ?рпа? о?ыту, т?рбиелеу ісін жа?а сапалы? ?згерістер де?гейіне к?теруді талап етіп отыр. Мектеп ??рылымында болып жат?ан ?згерістер, білім беру ма?саттарыны? алмасуы, оны? дамытушылы? сипаттарыны? бекітілуі, к?пн?с?алы? о?ыту?а к?шу сия?ты м?селелер орындаушылардан шы?армашылы? бастамалы?, ж?мысты? жо?ары сапасын ж?не к?сібилікті талап етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Инновациялы? ?дістер мен о?ытуды? а?паратты? технологияларын саба? ?рдісінде ?олдану ар?ылы о?ушыларды шы?армашылы??а бейімдеу”. »
“Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын сабақ үрдісінде қолдану арқылы оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу”.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Оқыту процесі
Мұғалім Оқушы
Жаңа оқыту тәсілінің компоненттері
Ұйымдастыру формалары Оқыту әрекеті Оқыту құралдары
Жеке Ақпараттық Оқулық
Топтық -танымдық Қосымша
Жұптық Дамытушылық әдебиеттер
Ұжымдық Зерттеушілік Ақпараттық
Өз бетінше Ізденушілік материалдар
білім алу
Оқушының шығармашылығын дамыту
Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың 2 бағыты бар екендігі анықталды.
-Ақпараттық технологиялар білім,білік,дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
-Ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертугемүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес,сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт беруші болып анықталады.
Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында мектеп оқушыларында болуы керек сапалар:
1. Қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалану, жылдам өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделу.
2. Өздеріне өздері сын көзбен қарай алу, кездесетін қиындықтарды көріп, оларды шеше білу, дұрыс әрі уақытылы шешім қабылдай алу.
3. Ақпарат ағынымен дұрыс жұмыс істей алу, мақсат- міндеттерді дұрыс анықтап, болжам жасап, тиісті қорытынды шығарып, проблемаларды шеше білу.
Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында болмайтынын көрсетеді. Сондықтан оқу ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технология ларды кең көлемде енгізуді талап етеді.
Технология-бұл қандай да бір істе, өнерде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы, дидактикалық жүйенің құрамдас бір бөлігі.
Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңде әлеуметтік,мәдени ортадағы білім беру әрекетінің нәтижесі.
Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының мақсаттары мен міндеттері:
1 Сабақтарды жаңаша ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау.
3. Теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.
4. Оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.
5. Шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау арқылы ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
6. Баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай қолдану.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.
Қазіргі бастауыш сынып оқулықтары «Дамыта оқыту технологиясы» негізінде жасалған. Бұл технология баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне, өздігінен шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі күннің талабына сай инновациялық әдістер мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану, оқу үрдісінде түрлі деңгейлік тапсырмалар жүйесін әзірлеу, оқыту бағдарламалары, оқушы мен мұғалімге арналған зертханалық-практикалық және мәдени практикалық жұмыстар жеке тұлғаның сапасын қалыптастыруға септігін тигізетіні белгілі.Осыған орай сабақ беру үрдісінде инновациялық әдістер оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Инновациялық әдістер-оқытудың интерактивті оқыту модулі
Елбасымыздың алдыңғы бір жолдауында «Білім беру сапасының басты міндеті-2020 жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың қызмет көрсету аясын кеңейту» деген болатын. Бұл мұғалімдер қауымын жаңаша іскерлікпен оқып үйренудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді. Тәжірибеге сүйенсек, күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды,компьютерді, мультимедиялық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беруде.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі. Сол себепті оқушыларының білім сапасын көтеру-әр ұстаздың міндеті. «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды дамыту » технологиясын басшылыққа ала отырып, әр оқушының өз деңгейінде дамуына мүмкіндік жасау бағытында жұмыстанып келемін.
«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды дамыту»
технологиясы-мұғалім мен оқушының құзіреттілігін арттыруда болатын бірден бір тиімді әдіс.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйретудегі шартты белгілер:
-сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек:
-оқушыларға ойланып-толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру;
-әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
-үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
-кейбір оқушылар түсіп қалған жағдайларды әжуаға айналдырмау;
-оқушылардың бір-бірінің жауабынасынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету;
-сын тұрғысынан ойлауды бағалау т.б.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
-бар ынтасымен оқуға берілу;
-сенімділікпен жұмыс жасау;
-пікірлерді тыңдау,құрметтеу;
-өз пікірін ашық білдіру.
Жаңа технологияны оқыту-тәрбие үрдісінде қолдана отырып, біз неге үйрете аламыз?
1.Өз бетімен ойлауға.
2.Жаңа шешімдер табуға.
3.Ұжымдық өмір сүруге.
4.Шыдамды болуға.
5.Өзгелердің көзқарас пікірлерін тыңдай білуге.
6.Өзінің жеке болашағын жасақтауға.
7.Өз бетімен білім алуға.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижелері
- өз бетімен жұмыс істей отырып, шеберлігін арттыра біледі;
- өз беттерімен ізденулеріне, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыт беріледі;
- ойлау қабілеті дамиды;
-нәтижелерін керек жағдайда түзетеді және одан қорытынды жасай алады;
-қорытындыны басқа нәтижелермен салыстырады;
-әр түрлі жағдайда өз шешімін таңдай біледі, мұғалімге жалтақтамайды;
-өзін-өзі бағалай білуге үйренеді;
-жаңа технологияны пайдаланып, интерактивтік тақтада жұмыс жасай біледі.
Оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын,қиялын,сезімдерін,яғни жан-жақты,шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың маңызы өте зор.