kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Е?бек- ?мірлік ?ажеттілік.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Е?бек-?мірлік ?ажеттілік

    Жас?спірімді е?бекке т?рбиелеу-е? к?рделі де ?за??а созылатын процесс оларды жастайынан ?мір с?ре,е?бек ете білуге ?лкендерді ж?не оларды? е?бектерін сыйлай ж?не ба?алай білуге т?рбиелеуді? ма?ызы зор.Мектепте жас?спірімдерді? е?бек с?йгіштіктерін ?алыптастыру ж?не оларды ?лкендерді? е?бегін ба?алай білуге ?йрету-е? ма?ызды міндеттерді? бірі.

   Е?бек-халы?ты? ?мірлік ?ажеттілігі ?ана емес,сонымен бірге баланы?-рухани байлы?ыны? к?зі.

   Е?бек ?уанышыны? д?мін еш?ашан татпа?ан,?иыншылы?тарды же?геннен кейінгі адам баланы? бойында?ы пайда болатын ма?таныш сезімін біле алма?ан бала-ба?ытсыз.Ба?ытсыз адам-бізді? ?о?амымызды? ?лкен ?ай?ысы.Ал ба?ытсыз бала-ж?з еселенген ?ай?ы.

   Бала жастайынан жал?ау бола бастаса,е?бекті жат санайды,бар ?аблетімен  е?бек ету керек деген с?зді? ?зіне жек к?рінішілікпен ?арайды.Неліктен бала жал?ау?а айналады екен?Оны? себебі –е?бек ба?ытын білмеушілік.Балаларды осы ба?ытты ?адірлеуге ?йрету ?ажет.Сонда ол намысына тырысып е?бекті аялай білуге ?йренеді.Міне,м?ндай ?кінішті жа?дайлар бала т?рбиесіне кейбір ата-аналарды? жеткіліксіз к??іл б?луінен туындайды.Сонды?тан б?л жауапты м?селелерге м??алімдер мен ата-аналарды? бірлесе к?ш ж?мсаулары керек. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Е?бек- ?мірлік ?ажеттілік.»

Еңбектің тәрбиедегі ролі

Адам туа біткен қабілетін белсенді еңбек етумен дамытады.Егер адамның жұмыс қабілеті көп уақыт тежеліп өз орнын таппаса,кездейсоқ қолайсыз көрініс береді.

Оқушылар шама-шарқына сәйкес жүйелі еңбек балалар денесін қалыпты дамытып,оқу ісіндегі қиыншылықтарды жеңе білуге үйретеді.

Егер еңбек белгілі мәселеге байланысты мақсат көздей ұйымдастырылса,

оның тәрбиелік мәні арта түседі. Балаларды еңбекке,қоғамдық пайдалы жұмысқа баулу оларды ұйымшылдық, тәртіптілік,еңбек сүйгіштік басқа да моральдық қасиеттерге қалыптастырады.

Еңбекті жеке балаға және топқа шама-шарқына қарай ұйымдастырған жөн.

Балалар мектепте болашақтағы еңбек іс-әрекетіне қажетті білім,дағды алып,жүйелі еңбек іс-әрекеттеріне тәжірибе жинақтайды,ой және дене еңбектерін әдетке айналдырады.

Әрбір оқушы еңбек іс-әрекеті қоғам пайдасын көздеп,олардың адамгершілік борышына,өмірінің негізгі мазмұнына айналуы қажет.

Жетістік қуаныш оқушылар еңбек іс-әрекетінің салдары болып,

жұмыс орындауға деген ынтаны арттырады.Жетістік және оған байланысты,қуаныш,оқушылардың белсенді еңбек іс-әрекеттерінің басты стимулы.

Еңбек процесі көпшілік жағдайда көңілсіз,қиын болғанмен оның нәтижесі қуантады,қанағаттану сезімін туғызады.

Еңбектің бір сарындылығы,күрделілігі,организмді шаршатуы,

еңбек дағдысы қалыптасуына байланысты жайылып,жеңілдейді, қалыпты іске айналады.Балаларды еңбекке психологиялық жағынан даярлау үшін ұзақ,жеткілікті енбек жүйесін дағдыға айналдыру керек.Бұған оларды мектепке келген күннен бастап тәрбиелеу дұрыс.Адам еңбегімен әлеуметтік ортада көрініп,оның азаматтық қасиеті қалыптасады.

Еңбек-балалар үшін таным бастауы,игерілуі тиіс іс-әрекет.Еңбек-оқушының жеке бас қасиетін дамытатын құрал.

Баланың адамгершілік санасын және мінез-құлқын қалыптастыруда жанұядағы еңбек іс-әрекеттерінің маңызы зор.Үйдегі еңбектің тәрбиелік әсері үй еңбегінің қаншалықты пайдалы екендігіне ғана байланысты емес,

еңбекке қатысушы ретінде оқушыларға үлкендер тарапынан қатынасқа да

байланысты.

Балалар мектепке дейінгі жастан бастап,өзін-өзі күтуге үйреніп,

бастауыш сыныптарда өзіне-өзі қызмет істеу дағдысы әдетке айналып дамиды.Үлкендер оларды еңбекті құрметтеуге,адам өміріндегі еңбектің

ролін түсінуге баулып,ұзақ дене еңбегіне даярлайды.

Балалар белгілі еңбек міндеттерін атқарып,жалпы жанұяның еңбекке қатысуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларын еңбек дағдысына үйретпейінше,

жоғары сынып балаларына еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру қиын болады.Балалар мектепте өзіне-өзі қызмет көрсетіп,оны орындауға ұжымдық еңбекке араласады.Бір-біріне жолдастың көмек көрсетуге үйренеді.Жалпы ұжымдық мәселелерге

сапалылықпен қарап,жұмысты уақытылы,тиянақты орындауға жауапкершілігі артады.

Сан алуан іс-әрекеттер жүйесіне араласып,өз қатарларымен,

үлкендермен дұрыс қарым-қатынас жасауға,үлкендер іс-тәжірибесін үйреніп,оның жетістіктерімен танысады.































Енбек тәрбиесі-баланың болашағының тәрбиесі

Адам баласы жетіледі.Бірақ бір адам еңбекке қабілетті болып келсе,енді бірі ебейтейсіз келеді.Кейбір адамдар өз жұмысын ұқыпты,тыңғылықты және жемісті атқаратын болса,енді біреулері салдыр-салақ сапасыз атқарады.

Адамдардың еңбекке түрліше көз қараста болуының негізгі бір себебі әр жанұяның баланы еңбекке әр түрлі тәрбиелеуінен.

Мысалы,парасатты жанұяда балаға еңбек тәрбиесі жөніндегі әуел бастан дұрыс жағдай жасалады ал қайсібір жанұяда бұл жөнді ескерілмейді.

Кейде тіпті баланы ешбір еңбекке баулымайтын жанұя да кездеседі.

Жас шағында адамның еңбек тәрбиесін дұрыс алуға немесе ондай тәрбиеден мүлдем шет қалуы сол адамның болашақ өмірінен жақсы,не жаман болуының тағдырын шет-шетін алғы шарт.Еңбек тәрбиесі-баланың болашағының тәрбиесі деп бекер айтылмаған.

Бала жасынан еңбек етуге үйреніп,ата-анасына қолқабыс тигізіп үнемі әдетке айналған болса,оның сол кішкентай кезінен басталған еңбегі өсе

келе нағыз өнерпаздың,шығармашылығының еңбек ете білуге ұласады.Ал егер ол еңбек етуден бойын аулақ салып,оған ықыласын бермесе немесе өзі бастаған жұмысын толық аяқтамай,осыдан қайтсем құтыламға салынса ондай баладан жақсы келешек күтуден де қиын.

Еңбекті сүйетін адам қолына алған жұмысын тындырғанша асығады,істі мейілінше тиянақты да жинақты етіп орындап шығады.

Балалардың ата-ана,туған-туыстары аталған жағдайлардың әр қайсысын мұқият біліп,адам өмірінде еңбектің маңызды роль атқаратынын жете ұғыну керек.Алайда біздің арамызда бала тәрбиесіне осы тұрғыдан қарамайтын кейбір ата-аналардың кездесіп қалатыны қынжылтады.

Жанұяда алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде, оны игеруде жеңілдік тигізеді.

Ал, жанұяда еңбек тәрбиесі дұрыс берілмеген болса,ол бала белгілі мамандықты үйрену жолында үлкен қиындыққа ұшырайды.

Жанұядағы жүргізілетін еңбек тәрбиесін балаға тек дене және ой еңбегін ғана үйрету екен деп ойламау керек.Бізде дене және ой еңбегі тығыз байланысты.Сондықтан мына бір жағдай әрбір ата-ананың есінде болуы тиіс:балаға біріңғай қолмен қарапайым істейтін жұмыстарды ғана тапсырып қоймай,сол жұмысты ұйымдастру тәсілін табуды,өз бетімен бір мәселені шеше білуге қоса үйретіп отырған жөн.Тапсырылған жұмысқа баланың жауап-кершілігін арттырып,оның сол жұмысты белгіленген уақытында орындауын мұқият қадағалаған дұрыс.

Баланы еңбекке тәрбиелеу тіпті бөбек шағынан-мектеп жасына дейінгі кезінен басталуы керек.Ең арғысы олар ойыншығының өзін бүлдірмей,

сындырмай ұстап,ретімен ойнауы,жинауы,таза ұстауы да тәрбие.Ата-ана мұны мұқият бақылауы тиіс.

Баланың осылайша бірте-бірте ұқыптылыққа тәрбиелеп,есейген сайын еңбектерін күрделендіре берген жөн.

Балаларға еңбек тәрбиесін беруде мектеп үлкен роль атқарады,оқу тәрбие жұмысын өмірмен байланыстыру,оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке үйрету істері көзделеді.

Келешегіміз-жас ұрпақтарымызды жастайынан еңбекке тәрбиелеп,оларды заманымыздың нағыз іскер азаматтары етіп даярлайық.Бұған әрбір ата-ана,мектеп және бүкіл жұртшылығымыз болып алуан түрлі жұмыстар жүргізілуі тиіс.



































Еңбек-өмірлік қажеттілік

Жасөспірімді еңбекке тәрбиелеу-ең күрделі де ұзаққа созылатын процесс оларды жастайынан өмір сүре,еңбек ете білуге үлкендерді және олардың еңбектерін сыйлай және бағалай білуге тәрбиелеудің маңызы зор.Мектепте жасөспірімдердің еңбек сүйгіштіктерін қалыптастыру және оларды үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйрету-ең маңызды міндеттердің бірі.

Еңбек-халықтың өмірлік қажеттілігі ғана емес,сонымен бірге баланың-рухани байлығының көзі.

Еңбек қуанышының дәмін ешқашан татпаған,қиыншылықтарды жеңгеннен кейінгі адам баланың бойындағы пайда болатын мақтаныш сезімін біле алмаған бала-бақытсыз.Бақытсыз адам-біздің қоғамымыздың үлкен қайғысы.Ал бақытсыз бала-жүз еселенген қайғы.

Бала жастайынан жалқау бола бастаса,еңбекті жат санайды,бар қаблетімен еңбек ету керек деген сөздің өзіне жек көрінішілікпен қарайды.Неліктен бала жалқауға айналады екен?Оның себебі –еңбек бақытын білмеушілік.Балаларды осы бақытты қадірлеуге үйрету қажет.Сонда ол намысына тырысып еңбекті аялай білуге үйренеді.Міне,мұндай өкінішті жағдайлар бала тәрбиесіне кейбір ата-аналардың жеткіліксіз көңіл бөлуінен туындайды.Сондықтан бұл жауапты мәселелерге мұғалімдер мен ата-аналардың бірлесе күш жұмсаулары керек.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Е?бек- ?мірлік ?ажеттілік.

Автор: Мустафина Ботакоз Жасузаковна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289281


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства