Просмотр содержимого документа
«Е? жо?ар?ы т?рбие-с?збен т?рбиелеу.... Е? жо?ар?ы ?уаныш – рухани ?уаныш.»
Ең жоғарғы тәрбие-сөзбен тәрбиелеу....
Ең жоғарғы қуаныш – рухани қуаныш.
Бала тәрбиесі - баршаның ісі
Мақсаты:
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту.
Үш тұлға : ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді қазіргі жас отбасыларының санасына сіңіру.
Ең жоғарғы сый – көңілмен сыйлау, Ең жоғарғы тәрбие-сөзбен тәрбиелеу....
Ең жоғарғы қуаныш – рухани қуаныш. Әлемде оны ештеңемен ауыстыруға болмайды. МұхтарШаханов
Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Ал бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата-ана. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез - құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөз бар.
«Өтінемін» ойыны. Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады. - Құрметті ата-аналар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер? - Рахмет, өтінемін, т,б - Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген
сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін»
деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар. - секіріңіздер; - оң аяқтарыңызды көтеріңіздер; - өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар; - өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар; - оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар;
Ертеде бір ғұламаға келіп:- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? - деп сұрапты. Ғұлама:- Балаңыз қаншада? - деп сұрақ қояды.- Бес - ақ ай толды,-дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап:Бес айға кешіккен екенсіз, деген екен. Халық арасынан кең таралған бұл аңызды айтпағым баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен ата-ана.
Ата-анаға құрмет
Бейнефильм
“Адасқан сөздер”
Мақал-мәтелдерді
құрастыру
Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз.
Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
3. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар, жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар.
Сөз құдіреті
Бейнефильм
«Баланы ести білу»
рөлдік ойыны
Ойында жасөспірімнің, оның әкесінің, шешесі
мен әжесінің рөлін орындайтын төрт ата-ана
қатысады.Келесі жағдаят ұсынылады:
«Балаңыз мектептен ашулы келеді, портфелін
бұрышқа лақтырып, айқай салады:
«Бұл мектепке мен енді бармаймын!
Онда математика мұғалімі маған
жайдан-жай тиісе береді!Бақылау жұмысын
өзім орындағам,ол көшіріп алдың дейді!
«Ертең ата-анаңды мектепке алып кел»-деді»
-Бала ашуланады,өте қатты әсермен
қарсылық көрсетеді,өзінің дұрыстығын дәлелдейтін
бірнеше аргументтерге жүгінеді.
·Әке мінез –құлықтың авторитарлы /өктемшіл стилін
көрсетеді /баланы басыну,айқайлау, қорқыту және т.б. /
·Шеше гипер қамқорлық танытушы ата-ананың рөліне
Кіріседі /баласын жақтайды,ол үшін күйеуімен ұрысады;
өзінің кеңестерін нақты бере алмайды және т.с.с./.
Отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту мен өзара түсіністікке
қол жеткізу үшін қандай да бір тәжірибелік амалдар бар ма?
Ата –аналарға сұрақтар:
1.Біздің көрінісімізде балаңыз тыңдалып, оны тыңдай білдік пе?
2.Қалай ойлайсыз,қандай себептер бойынша бұл жағдай үнемі кездесіп тұрады?
3.Берілген жағдайда балаңыз қандай сезімде болады?
4.Болған жағдайда бала ата-анасының
қандай сөздері мен әрекеттеріне
мұқтаж болды?
Күрделі баланың әлемінде болып жатқан
құбылыстарды көрмеу, түсінбеу, асығыстық
білдіру, қызы мен ұлының проблемасына
солардың көзімен қарау, өзінің өмірлік
тәжірибесінің жақсы екендігіне
паңдық сенімді болу - бұл,
бірінші кезекте, ата-аналар мен балалардың
арасындағы қарым-қатынастың
психологиялық кедергісі.
Мен кіммін?
Мен Әселмін
Мен қазақпын.
Мен ...
Мен ...
Қорытынды:
Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.
10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.
20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.
"Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз." Бернард шоу
Жасырын хат
Ерте-ерте-ертеде… әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір біріне хат жазған екен.Қалайша? Олар сурет салуды біліпті.Бүгін біз соны үйренеміз.Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі. Берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салады.
І топ
Бүгін маған сағат алтыда телефон соқшы
ІІ топ
Жұмыстан кейін баламды бақшадан ала келші
ІІІ топ
Жексенбі күні сағат үште менің туған күніме кел
Болсын балам тәрбиелі,білімді Күндей күлген болсын жарқын өмірі ,
дей келе,сіздерде өз ойларыңызды қортындылаңыздар.
Қатысушыларға жеке сөз беріліп ой түйінделеді. 1.Сөз «Айна» 2.Сөз «Қайшы» 3.Сөз «Барыс» Айна- баланың өмірі айнадай жарық,әдемі болсын деймін, ол үшін жан-жақты
Жұмыс атқаруға үлес қосамын. Қайшы -қайшымен негізі артық, керегі жоқ заттарды қиып жатамыз.
Бірсабы мектеп болса,бір сабы ата-ана болып,баланың өміріне төніп тұрған жаман нәрселерді қиып тастап, бірігіп іс атқарайық.
Барыс- жекетұлғаертеңгіелімніңбарыс-болашағы.Сондықтан да саналы,білімді,
тәрбиелішәкірттәрбиелейік .
Жұтатын таза ауаларыңыз болсын,Жылынатын отындарыңыз болсын,Ішетін таза суларыңыз болсын!Әрқашанда дендеріңіз сау болсын!Бәрінен де өмір сүретін жерлеріңізЖәне мықты да бақытты