kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елін сүйген,елі сүйген Елбасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елін сүйген,елі сүйген Елбасы.»




Бастауыш сынып мұғалімі

Турабаева Мереке Жалгасбаевна

Байқоңыр қаласы

274орта мектеп





Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген,елі сүйген Елбасы.

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,топтық жұмыстар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Психологиялық ахуал.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»

Сәлемдестік сіздермен,

Құрметпенен «біз»!


Мұғалім:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)


ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.


Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген ,елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!.


Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа

бұйырған екен.


Мұғалім:

Н.Ә.Назарбаев кім?

Видеоролик

Мұғалім:- Балалар, Назарбаев атамыз бірден президент болған жоқ.Өмір жолына тоқталайық. Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, анасының аты-Әлжан.«Нұрсұлтан» деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.Ұстаздары мен сыныптастарының естелігінде орыс-қазақ әндерін домбыраға,сырнайға қосып шырқауға,өлең жазып,ән шырқауға,спорттың түр-түріне бейім болды деп жазады. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен.Мектепте озат,үлгілі оқушы болып,ата-анасын құрмет тұтқан. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін алтын медальмен бітірген.

Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген.Ол халық қалауымен 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды.Содан бері 25 жыл өтті. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.


Мұғалім:

-Енді оқушыларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын тыңдайық


1-оқушы : Наргиза

Желтоқсаннан бастау алған егемен ,

Егеменді елде берік керегем.

Қазақстан-бірлігімнің айғағы,

Әлем білген басшысымен көреген.


2-оқушы : Диас

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,

Құт қонған ел қасиеттен жаралған.

Бірлігімнің туын биік ұстаған,

Жаңарған ел Желтоқсаннан нәр алған.


3-оқушы : Аружан У.

Бірлігімнің бұзылмайтын қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреген байрағы.

Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,

Қазақстан-ынтымақтың айғағы.


Мұғалім : Балалар,біз елбасымыз жас кезінен өлең, жыр жазуға бейім болды дедік,енді елбасымыздың «Жан шуағы» атты жыр шумағындағы халқына арнаған өлеңдерін тыңдайық!


1-оқушы : Фатима

Тәуелсізбін!Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы- менің арманым!


2-оқушы : Ғали

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы-менің мұратым!


3- оқушы : Фариза

О,Ақорда,Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы-менің мақсатым!


4-оқушы : Жеңіс

Халқым-менің тірегім,

Құрбан жаным ,жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы-менің тілегім!


Мұғалім: -Балалар,өздерің айтқан жыр жолындағы елбасымыздың арман, мұрат,мақсат,тілектері орындалсын дейміз!

-Енді халқымыздың елбасына арнаған « Нұр аға» атты жыр-шумақтарын тыңдайық!


1-оқушы : Іңкәр

Биіктей бер,Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма?

Халық сіздей тұлғасын.


2-оқушы: Нұрхан

Гүлдене бер,Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам

Көбейткен достың қатарын

Нұр аға-біздің ұлы адам!


Мұғалім :

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де,жер де,су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.

-Балалар, өздерің айтып өткендей Отанымызды гүлдендіріп,туын көтерген елбасымыз екен.Оқушыларымыздың орындауында

Хор: Менің Отаным


Сергіту сәті ( қимылмен )

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз!


Мұғалім:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет- ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.


-Енді бүгінгі сабақта не білдік,Қазақстан туралы білгенімізді ортаға сала отырып , топпен жұмыс жасаймыз.Бүгінгі біздің оқушыларымыз Қазақстанның сенімді,талапты,болашағынан зор үміт күтетін білімді оқушылар болады деген сеніммен 3 топты таңдадық.


1-топ « Сенім»тобы

2-топ « Талап» тобы

3-топ « Болашақ» тобы


Осы оқушыларымыздың білімін саралайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектебіміздің тәрбие-ісінің меңгерушісі : Нуралиева Райхан апай

2.Кітапханашы: Акишова Хадиша апай

3.Музыка пәнінің мұғалімі :Нұрғалиева Айнұр апай


Слайд


Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады

1-кезең.Топтардың өзін-өзі таныстыруы (аты,ұраны,топ басшыларының эмблеманы қорғауы)

2-кезең .«Адасқан әріптер»

Мақсаты: Берілген әріптерден Қазақстан қалаларының аттарын құрастыру.

3-кезең. «Ойнап өс те,ойлап өс!»(«Бинго»ойыны бойынша әр топқа 5 сұрақтан беріледі)

4-кезең. Қағаз қиындыларынан суреттер құрастыру

Енді сайысымызды бастаймыз!


1-кезең.Топтардың өзін-өзі таныстыруы

1-топ «Сенім» тобы (Көк байрақ) Топ басшысы :Сұлтан


Біздің ұран:

Сенімді ақтайтын ұланбыз,

Бізбенен мақтансын еліміз!

Эмблеманы қорғау

Біздің тобымыз «Сенім» деп аталады.Тобымыздың белгісі-«Көк байрақ».Біз болашағы жарқын,арманы асқақ ұландармыз!Көк туымызды желбіретіп,келер күнге сеніммен қадам басамыз! «Ел болашағы –сенімді ұрпақ!»Ел сенімін ақтаймыз!


2-топ «Талап» тобы (Пырақ) Топ басшысы : Арай

Біздің ұран:

Талаптанып талпынған,

Отан сүйер баламыз!

Эмблеманы қорғау

Біздің тобымыз «Талап»деп аталады.Біз тобымыздың белгісі ретінде «Пырақты» алдық.Себебі,

«Ер қанаты-ат» деген сөз бар.Біздің бүлдіршін көңіліміз жүйрік тұлпардай алға ұмтылуда.Соған байланысты пырақтай қарыштап,тек алда болуды мақсат еттік.

3-топ «Болашақ» тобы(Күн) Топ басшысы: Аружан Е.

Біздің ұран:

Ел тұтқасын нық ұстар,

Біз болашақ ұрпақпыз!

Эмблеманы қорғау

Біздің тобымыз «Болашақ» деп аталады.Тобымыздың белгісі етіп « Күнді» алған себебіміз, аспанымыз ашық болып,күніміз мәңгі жарқырап тұрсын,сол зеңгір көк аспан мен алтын күннің нұрымен күндей күліп жүрейік!,-деп тілек еттік.



Мұғалім: Сайысымыздың 1-кезеңі аяқталды, әділ-қазылар алқасы тобымыздың бағасын берейік!

Сайысымыздың 2-кезеңі «Адасқан әріптер» деп аталады. 3 топқа да адасқан әріптер беріледі.Сол әріптерден сөздерді дұрыс құрастырсақ,Қазақстан қалаларының аттары шығады екен.Ол қандай қалалар екен?

1-топ А,т,а,с,а,н.(Астана)

2-топ А,т,ы,м,а,л.(Алматы)

3-топ А,р,ы,т,у,а.(Атырау)



Мұғалім: Сайысымыздың 2-кезеңі аяқталды,әділ-қазылар алқасы тобымыздың бағасын берейік!

Cайысымыздың 3-кезеңі «Ойнап өс те, ойлап өс!»деп аталады. «Бинго» ойынын білеміз ба?Әр топ шариктерді айналдырады,өздеріне түскен санның артындағы сұрақтарға жауап береді.Әр дұрыс жауап 1ұпай болып есептеледі.



1-топ «Сенім» тобы

1.Біздің президентіміз кім?

2.Туымызда не бейнеленген?(Күн,ою,қыран құсы)

3.Қазақстанның ұлтттық ақшасы қалай аталады?

4.Елбасымыз 5 жасында кімнен бата алған?(Жамбылдан)

5.Елтаңбамыздың пішіні қандай фигураға ұқсайды?



2-топ «Талап»тобы

1.Еліміздің рәміздерін ата

2.1-желтоқсан қандай мейрам?

3.Біздің еліміз қалай аталады?(Қазақстан)

4.Тудың пішіні қандай фигураға ұқсайды?

5.Елбасымыз сабақты қалай оқыды?



3-топ «Болашақ» тобы

1.Елбасымыз қай қалада жұмыс жасайды?(Астанада Ақордада)

2.Туымыздың түсі қандай?

3.Елтаңбада не бейнеленген?( Шаңырақ, «пырақ»-қанатты ат,жұлдыз, «Қазақстан»)

4.Әнұранды қай кезде, қалай орындаймыз?

5.Елбасымыздың ата-анасының аты?



Мұғалім :Сайысымыздың 3-кезеңі аяқталды,әділқазылар алқасы тобымыздың бағасын берейік!

Сайысымыздың 4-кезеңі «Қағаз қиындыларынан суреттер құрастыру.

(Тақырыпқа сай) Әр топ құрастырған суреттері жайлы айтып береді.



ІІІ. Қорытынды бөлім (Cұхбат)

а) Сұрақ:

-Өскенде сендер басшы болғыларың келе ма?

-Басшы болатын бала қандай болуы керек?

-Егерде сен президент болсаң,халқыңа қандай жақсылық жасар едің?

(Оқушылардың ойларын тыңдау)



ә) Би: «Қамажай»



б) Әділ-қазылар алқасына сөз беру.



Мұғалім: 

Сіз-әке ,барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби, үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Елін сүйген,елі сүйген Елбасы.

Автор: Турабаева Мереке Жалгасбаевна

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395353


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства