Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы, жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасу үшін ата-ананың рөлі зор.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Елімнің болашағы-салауатты отбасы»
Елімнің болашағы - салауатты отбасы
www.ZHARAR.com
Мақсаты:
Ата-аналармен бетпе-бет кездесе отырып отбасыдағы салауаттылық, адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажеттілігі туралы түсіндіру, денсаулықтың басты байлық екендігін ұғындыру.
Тазалық және жеке бас гигиенасы, мәдени дағдыларының жетілдіру.
Ата-анамен жақсы қарым қатнас жасау, пікір алысуға ынталандыру.
3) Отбасыдағы сыйластықты артыруға, денсаулықты сақтауға, ұқыпты, таза да әдемі болуға, зиянды әдеттен аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге тәрбиелеу.
www.ZHARAR.com
Кіріспе сөз
Казіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы, жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасу үшін ата-ананың рөлі зор.
Отбасы - адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Отбасыдағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасыдағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
Отбасыдағы баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалығын қалыптастыру.
Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын артыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.
Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, жас үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.