Просмотр содержимого документа
«"Дені сау отбасы- ?лт саулы?ы"»
Ару қала – Астана құрдастары
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінін, сценарийі)
1-жүргізуші: Армысыздар! Жаны жайсаң қазақ елі!
2-жүргізуші: Қайырлы күн! Қарыштаған Қазақстан,
Асқақтаған Астана жұртшылығы.
1-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Бүгінгі «Ару қала — Астана құрдастары» атты мерекелік кешімізге қош қелдіңіздер!
1-жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2004 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды екен?
2-жүргізуші: Олай болса, құрметті ұстаздар, ак пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік (экранға назар аударайық).
СЛАЙД (1-сынып суреттері көрсетіледі)
1-жүргізуші: Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырғын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын!
2-жүргізуші: Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен: 0сы мектебінің алғаш рет табалдырығын аттаған шәкірттері және ...
1-жүргізуші: Астана құрдастарын ортаға шақырамыз. (4-сыныптар ретімен сынып жетекшілері аталып шақырылады)
2- жүргізуші: Сен неге Астана туралы өлең оқып кеттің?
1- жүргізуші: Оның себебі бар: «Астана жаһандағы жаңа Елорда» болып жатқанда мына сенімен мен дүние есігін аштық, яғни біз Астана құрдасымыз. Астана мен біз биыл 10 жастамыз.
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, сөзіңнің жаны бар. Астана — Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың перзенті, ақиқатқа айналған арманы! Арман болғанда да көп адам сенбеген, ал қазір есептеуге болатын — өмір шындығы.
1-оқушы: Жұмыр жердін бір құрлығы - Еуропа пен Азия, екі өркениет батыс пен шығыс түйіскен тұстан, еліміздің көз алдында өмірге келе жаткан бұл шаһар — жас мемлекетіміздін өркен жаюы мен әлеуметінін символы.
2-оқушы: 6 шілде 1994 жылы КР Жоғарғы Кенесі «ҚР астанасын көшіру туралы» қаулы қабылдады.
3-оқушы: 15 кыркүйек 1994 жылы ҚР Президентінің «ҚР астанасы туралы» зан күші бар жарлығы шықты.
4-оқушы: 20 қазан 1998 жылы КР Пре жденті «Аста-на қаласын астана етігі жариялау туралы» жарлығы шықты.
5-оқушы: 20 мамыр 1998 жыл Астана ерекше мәртебесі туралы заңнын қабылданған күні.
6-оқушы: 9-10 маусым 1998 жылы Астананың ҚР елордасы ретінде халықаралық тұсаукесері болды.
7-оқушы: 16 шілде 1999 жыды Астанаға ЮНЕСКО-ның Калалар ейбітшілік шін 99-99 жылар» Жоғары сыйлығыныңсертификаты тапсырылды.
8-оқушы: 10 акпан 2000 жылы Қазақстан Үкіметі «Астана қаласын дамытудын бас жоспары» туралы қаулыны қабылдады.
9-оқушы: 8 тамыз 2000 жыл Н.Ә.Назарбаев қала жерлерінің жалпы көлемі 45195-і ұлғайтылғанына сәйкес «Астана каласының шекараларын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды.
10-оқушы: 29 маусым 2001 жылы Президентіміз «Астана жаңа қала арнайы экологиялық аймағын құру туралы» жарлыққа қойды.
11-оқушы: 1 мамыр 2002 жылы Астананын жарты миллионшы тұрғыны дүниеге келді.
12-оқушы: 24мамыр2008 жылы Астана каласынын Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің алғаш рет табалдырығын - Астана құрдастары мына біз, бүгін бастауыш білімін аяқтадық.
1-оқушы: Ақша бұлттар аспанында.
Ақботадай ойнақтаған Астана.
Жүз түрленіп қас-қағымда,
Жан сырына бойлатпаған, жас қала.
2-оқушы: Аппақ түнде арайыңды,
Аңсап тұрып, тұтып бағам Астана.
Жусан иісі танауыңды,
Жұпарымен қытықтаған жас қала.
3-оқушы: Сарыарқа, сайран тау, кім білмейді,
Ақ күмбезді Астана күмбірлейді.
Кесегем көгерсе деп осында,
Ертеңін ойлаған ел де осында.
4-оқушы: Бұл Ақмола, Акмола,
Ұлы тарих сан ғасырды көрген жер.
Жау-дұшпаннан талай қатер төнген жер.
Тұңғыш Қазақ Президенті — Нұрсұлтан,
Астананы бастап келген жер...
5-оқушы: Күн нұры аспанымда төгілген,
Шуақ беріп Астанамның төріне.
Бәйтерегім болашаққа жол сілтеп,
Бар әлемге алтын қырдан көрінген.
6-оқушы: Ак күмбез үйлері зәулім дейді,
Астана көркейіп дәуірлейді.
Елімнің сәулеті, сәні осында,
Арманым, үмітім — бәрі осында.
7-окушы: Самал жел ескен,
Жастарым өскен,
Бакытым сенің, АСТАНА!
8-оқушы: Асқарым болар,
Ырысым толар,
Айналдым сенен, АСТАНАМ!
ЖАСАЙ БЕР, ЖАЙНАЙ БЕР, АСТАНА!
Назгүл: Ән ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Үзіледі. үзіледі әуендер,
Күмбірлеген әсем дауыс сазында.
Ән: ҚАЗАҚСТАН (ұлт өкілдері шығады).
1І-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жср, атамекен,
Биік тау орман, тоғай, көлімізді.
2-оқушы: Ей. тәкәппар дүние,
Маған бір қарашы.
Танимысын сен мені,
Мен қазақтың баласы.
3-окушы: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз.
4-оқушы: Елімізден құт-береке кетпесін деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз.
5-оқушы: Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.
6-оқушы: Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз.
7-оқушы: Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,
Өр мінез, ақ көңіл, мейірбан, қонакжай.
Даналык дарыған ақын ел, батыр ел,
Бабалар мекені - асқар тау, шалқар көл.
8-оқушы: Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жері үшін айқасқан қайсар қайтпас, ер жүрек қазақ жігіттері жасасын!
9-оқушы: Біздің Казақстан - бай мемлекет. Бізде алтын, мырыш, темір де, күміс, көмір, мақта да, газ, мұнай, бидай яғни бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.
1-оқушы: Алматы- бұл жері жайсаң облыс.
2-оқушы: Ақтөбе - Ақ тарысы, мол ырыс.
3-оқушы: Атырау- мол Қазақстан мұнайы.
4-оқушы: Жамбыл - жайлау шырайлы, қазыналы.
5-окушы: Жезқазған - кен, бұзылмаған қаймағы.
6-окушы: Көкшетау - көп-көгілдір аймағы.
1-оқушы: Қарағанды - кара алтынның коймасы.
2-оқушы: Қостанай - құт қызыл бидай қамбасы.
3-оқушы: Қызылорда - күрішті сыр сағасы.
4-оқушы: Орал - көне Ақжайықтың жағасы.
5-оқушы: Өскемен - өр шығыста Алтай аясы.
6-окушы: Павлодар - қара Ертістің саясы.
1-оқушы: Қызылжар - солтүстігім орманды.
2-оқушы: Семей - аңыз Шығыстаудай қорғанды.
3-окушы: Талдықорған - жер жанаты, көп бағы.
4-окушы: Астана — Арқада ыстық алқабы.
5-окушы: Шымкент - ыстык, оңтүстігім мақталы.
1-жүргізуші: Міне, табиғат-ананың бізге берген кереметтерімен қалайша мақтанбаймыз?!
2-жүргізуші: Алайда, осы табиғат-ананың бізге берген сыйын қорғай, аялай алмасақ мынадай жағдайға душар болуымыз әбден мүмкін.
(Көрініс)
Шал: О, адамдар туған еліңді, ата-қонысынды, Отаныңды кімге тастап бара жатырсың?
Шал: 0, Жер - Ана! Неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған? Сенімен бірге бүкіл далам түніреп тұр ғой!
Жер - Ана: Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын? Қарашы, мына байтақ далама, не болып жатыр, нені көрмеді! Жерім де, елім де тозды. Қарашы, мына Аралыма, толқынды теңізім қайда? Толқынды қуалап шалықтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның каңқасы қалды. Адамдардың көпшілігі ауруға шалдықты. О, адамзат не ойың бар?
(Ән орындалады)
1-оқушы: Туған жерді сүю - парыз,
Сүю үшін - білу парыз.
Күзетінде тұру - парыз,
Қасиетін ұғу парыз.
2-оқушы: Отаным кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.
3-оқушы: Қазақ батыр ел деймін,
Ұл мен кызы ер деймін.
Ата - қоныс жерімді,
Мен ешкімге бермеймін.
4-оқушы: Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам жолында сенің.
Құлпырып жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйкімді елім, Қазақстан Республикам менің!
5-оқушы: Беріспей, батыр бабам армандаған,
Арман күн, ел жұртына жалғанды аман.
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Әлдиле, байтақ елім, орман-далам.
6-оқушы: Жоламасын жамандық,
Болсын әр кез амандық.
Ашық болсын көгіңіз,
Әнге толсын төріміз.
7-оқушы: Жер-Анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады.
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
8-оқушы: Кең байтақ Қазақстан, менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы — ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
(Ән орындалады)
Кәрім Сауғабаев. «Нан туралы өлең» оқылады.
1-жүргізуші: Нан - қасиетті тағам. Бұл үлкен еңбектің жемісі. Нанда қасиетті жердің дәмі ең үлкен еңбекпен төгілген тердің дәмі бар.
2-жүргізуші: Иә, нан қандай еңбекпен келсе, білімде сондай еңбекті талап етеді. Біздің шәкірттеріміз де, еңбеккор, ізденімпаз. Сол еңбектің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
1-жүргізуші: Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
2-жүргізуші: Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамда тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен кұрмет жоқ шығар, сірә!
1-окушы: Қиялымды көздедің,
Таптың ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
2-оқушы: Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолыңды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың.
3-оқушы: Әлі есімде отырғаным партаға,
Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.
Жайдары, ашық ұстазымның сондағы,
Түзу отыр деп қаққаны арқаға.
4-оқушы: Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде.
Шарықтап биік қиялым...
Анадай ұстаз мектебім,
Алғысым айтар көп менің.
5-оқушы: Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық!
6-оқушы: Мың бұрала билеген,
Аруды кім сүймеген.
Аққудайын қалықтап,
Шығыс биін билеген. (Шығыс биі орындалады)
1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет!
1-сынып оқушысы ер бала: Сіз кімсіз, ал сіз кімсіз? Менде сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді.
1-жүргізуші: Інішек, ұмтылысын жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік.
2-жүргізуші: Бұл кілт аркылы сендер ұмтылған нәрселерінін барлығына қол жеткізесіндер!
1-сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ КОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА,
1-сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢКЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!!
(Бітірушілер вальсі)
1-оқушы: Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
Сондықтан да біздін мектеп үлгілі.
ӘЛИЯ апай — дана кісі басшымыз.
Тәртіп пенен мәдениеттің символы.
2-оқушы: Өз есімі жүректерде жатталған.
БАЯН апай талай жерде мақталған.
Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің,
Бастауыштың 25 кызын басқарған.
3-окушы: Орыс тілін құрметтеп,
Сүйеміз шын жүректен.
Мұғалім анамыздай,
Көңілдерге гүл еккен.
Өсіреді сананы,
БИБІГҮЛ апайға мың алғыс,
Әлпештеген баланы.
4-окушы: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Өз аузына қаратқан,
ЗӘМЗӘГҮЛ апайды ұғамыз.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығамыз.
5-оқушы: Баулыған әрбір өнерді,
СӘУЛЕ апай өнерлі.
Әсем әннін шебері,
Әрбір сөзі мәнерлі.
Қызықтырып ән-күйге,
Бізді үйретіп келеді.
6-оқушы: Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінін хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
ЖӘНІБЕК ағай осындай.
1-жүргізуші: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін! РАКМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!