Просмотр содержимого документа
«Бастауышым балб?ла?ым »
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Мұғалімніңсөзі:Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызыцты да, ғаламат озгерістер сыилаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігіміздіашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші:Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
1-жүргізуші:Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
2-жүргізуші:Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1-жүргізуші:Шыңғыс, ал енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де ақылды 4 А сыныбын ортаға шақырайық.Қарсы алайықағайын.
(Музыкамен оқушылар ортаға шығады). Вальс!!!
Ән:
1-жүргізуші:Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
2-жүргізуші:Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
1-оқушы:Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
2-оқушы:Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
3-оқушы:Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
4-оқушы:Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
5-оқушы:Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
6-оқушы:Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
7-оқушы:Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейді
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
1-жүргізуші:Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
2-жүргізуші:Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би:
1-жүргізуші:Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?
2-жүргізуші:Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
2-жүргізуші: Олай болса, келесі бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.Көрініс:____________________________________________________
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
2-жүргізуші :
Әйтекенің жарып айтқан,
Қазыбектің қазып айтқаны,
Төлебидің тауып айтқан,
Ұлағатты сөздерінен
1-жүргізуші:Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдыреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
2-жүргізуші:«Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.
1-жүргізуші:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда.
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты.
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-жүргізуші:Спасибо, Вам, родные педагоги,
За всё, за всё, чем дороги вы нам
Заэтот взгляд, то ласковый, то строгий,
За то что мы направильной дороге
Своим стремлением и делам.
Среди немеркнующих профессий
На вечность предявляющих права,
Учителям, как вдохновенным песням,
Жить на Земле, пока Земля жива!
1-жүргізуші:Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
2-жүргізуші:«Самая обаятельная и привлекательная» номинациясымен мектеп директоры _______________________ марапатталады.
Оқушы:Наших чувств нерастраченных чашу,
Иживое дыханье весны,
Илюбовь, и признательность нашу
Адресуем директору мы.
Сколько мы видели Вас на работе,
Вечно Вы в поисках, вечно в заботе,
Все Вас волнует? Все Вас тревожит,
Чуткое сердце любому поможет.
Мы Вам желаем такой оставаться
Ини за что, никогда не меняться.
1-жүргізуші:Сөз кезегі мектеп директоры __________________ беріледі:
2-жүргізуші:«Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі ____________ марапатталады.
Оқушы:Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Балхия апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
1-жүргізуші:Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Жұманова Балхия Аббасқызына беріледі.
2-жүргізуші:«За организованность» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі __________ марапатталады.
Оқушы:Завучу от нас поклон. Кто из нас в Вас не влюблен?
Вы душевны и добры, и приэтом так умны
Знайте, не забудет Вас
Выпускной четвертый класс!
1-жүргізуші:Сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі __________ беріледі.
2-жүргізуші:«Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы______________- марапатталады.
Оқушы:Білімнің байыбына барып терең,
Зауре апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
1-жүргізуші:«Баға жетпес, өнегелі» номинациясымен сынып жетекшісі _________ марапатталады.
Оқушы:Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқорболып жүреді.
Тамара Меңліқұлқызына
Алғыс айтады түлегі.
2-жүргізуші:«Кең пейілді, ұлағатты» номинациясымен күні ұзартылған топ тәрбиешісі ____________ марапатталады.
Оқушы:Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
____________ осындай.
1-жүргізуші:«Инабатты» номинациясымен күні ұзартылған топ тәрбиешісі __________ марапатталады.
1-жүргізуші:«Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші:Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.
Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.
Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жансың шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен.
Самғап ұшты тау қыраның.
Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол,
Сүйікті бастауышым!
Ән:
1-жүргізуші:Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
2-жүргізуші:Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!