«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА К?РНЕКІ ??РАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ»
«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА К?РНЕКІ ??РАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ»
?аза?стан Республикасы жалпы орта білім беруді? мемлекеттік жалпы?а міндетті стандартында «Бастауыш мектепте ?аза? тілін о?ыту о?ушыларды сауатты жазу?а ?йрету, негізгі тілдік ??ымдармен таныстыру, ?з ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке т?л?аны т?рбиелеу» - деп атап к?рсеткен [1].
О?у сапасын, о?ушыларды? танымды?-шы?армашылы? белсенділігін, логикалы? ж?не абстрактылы ойлауын дамыту ма?саттарында саба?та к?рнекі ?дістерді пайдалану оны? уа?ыт талабына сай т?рлеріні? жа?аруымен баса назар аудартады.
?аза? тілі саба?ында к?рнекілік ??ралдарды? к?мегімен к?рделі о?у материалын т?сінуге, ??ыну?а, ?абылдау?а м?мкіндік береді. Курс материалын к?рнекілік формасында зерттеу барысында оларды мазм?нынан б?ліп алу ?ажет. Осы жа?дайда м??алімге ?рт?рлі к?рсетілген талаптар?а сай к?рнекілік ??ралдары оны? ішінде сызбалар, суреттер, к?мек к?рсетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА К?РНЕКІ ??РАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ» »
«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ»
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп атап көрсеткен [1]. Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады. Қазақ тілі сабағында көрнекілік құралдардың көмегімен күрделі оқу материалын түсінуге, ұғынуға, қабылдауға мүмкіндік береді. Курс материалын көрнекілік формасында зерттеу барысында оларды мазмұнынан бөліп алу қажет. Осы жағдайда мұғалімге әртүрлі көрсетілген талаптарға сай көрнекілік құралдары оның ішінде сызбалар, суреттер, көмек көрсетеді. Көптеген көрнекілік құралдарын – кестелер, кейбір модельдер, жеке қолданысқа арналған есептік материалдар, кейбір таратылатын материалдар және т.б. оқушылардың өздері де істей алады. Осындай көрнекілік құралдарын жасай отырып оқушының сол материалға деген қызығушылығы, оны географиялық ғылымында қолдануға деген құлшынысы оянады [2]. Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің, оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді. Ал бұл оқу материалын жақсы түсініп, қабылдауға мүмкіндік береді. Көрнекілік құралдарының ішіне: суреттер, заттардың бейнелері, олардың қағаздан жасалған келбеттері, заттардың бейнесімен жасалған суреттер кіреді. Көрнекілік құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады. Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға білім беру т.с.с. міндеттерді іске асыру үшін сабақта қолданылатын көрнекі құралдың орасан зор маңызы бар. Мұғалім балалардың көрнекі құралдарды өзіндік жұмыста пайдалануын мейлінше мадақтап отыруы керек. Білімдер мен біліктерді бекіту кезеңінде алуан түрлі жаттығулар үшін анықтағыш таблицалар, ауызша жұмысқа арналған таблицалы суреттер, схемалар, балалардың соған ұқсас тапсырманы өздіктерінен құруға қажетті чертеждер кең түрде қолданылады. Сабақта қолданылатын сызбалы немесе суретті ассоциограммалар бойынша сөйлеу оқушылардың өз ойын жинақы да, жүйелі түрде айтуға мүмкіндік береді [3]. Жаңа материалмен таныстырғанда мұғалім көбінесе берілетін білімдерді нақтылау мақсатымен көрнекі құрал пайдаланылады. Бұл жағдайда көрнекі құрал сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мысалы: мұғалім түсіндірген жаңа материалдың жолын балалардың өздерінің іздеп табуына көмектесе отырып, мұғалім соған байланысты схемалық сурет немесе чертеж салады; талдау әдісін түсіндіргенде түсініктемесін нәрселермен іс-әрекет жасап және тиісті жазуларды жазып көрсетеді т.с.с. Мұнда түсініктеменің өз мәнісін көрнекі құралмен істелетін жұмысқа және түсіндіруге оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, иллюстрациялап, көрнекі құралдарды дер кезінде пайдалану маңызды. Жаңа сабақта берілген түсініктемені суретпен (чертежбен) және тақтада жазулармен жазып көрсете отырып, мұғалім тек балалардың материалды қабылдауын ғана жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге жұмыс дәптерлеріне орындау үлгісін көрсетеді. Сондықтан чертеждер мен таблицалар және жазуларды тақтаға сауатты орындау, оларды тақтаға әдемілеп орналастыру және барлық балаларға жақсы көрінетін болу жағын қадағалап отыру қажет. Әртүрлі сызбаларды қолдана отырып, сөйлемдер құруда және дайындықсыз сөйлеуде жұмыстың бұл түрі, тілді үйренудің ең бір өте тиімді әдісі болып табылады. Мысалы: «Жанұя ағашы» атты иллюстративті сурет бойынша оқушылардың байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға, жаңа тақырып көлемінде меңгерген білімдерін еркін қолдана білуге және ойын жүйелі түрде айтуға мүмкіншілік береді. Әңгіме өткізу әдісі кезінде – құбылыстарды бірізділікпен суреттей отырып, өз сөздерін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырдық. Оқытуды бұлай ұйымдастырғанымыз оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушының арасында диалог пайда болды. Әңгімелесу кезінде оқушылардың жеке басының қабілетін, зейінін, таным ерекшеліктерін тани білуге, баяндап отырылған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұққандарын анықтатты. Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытындалу тәсілдері қолданылды. Оқыту үрдісінде нәрселік және бейнелік көрнекі құралдардан шартты (символды) көрнекілікке дер кезінде көшіп отырудың маңызы зор. Мысалы: жаңа түрдегі тапсырманы бергенде және алғаш таныстырған кезде тапсырманың мазмұнын нәрселермен іс-әрекет жасау арқылы иллюстрациялайтын болса, кейірінек есепті қысқаша жазу жеткілікті болады. Символдық көрнекіліктің рөлі балалардың білімінің артуымен және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен бірге өсіп отырады, символдық көрнекілік (схемалар, чертеждер, математикалық жазулар т.с.с.) пәнді не сабақты көрнекі оқытудағы негіз құрал болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында үлестіруге арналған дидактикалық құралдар – балаларға схемаға сүйеніп талдау үшін көмекші құрал. Балалар схеманы талдай отырып, айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. Оны толтыру барысында есте қалғандарын жаңғыртады [3]. Жаңа материалмен таныстырғанда көбінесе берілетін білімді нақтылау және есте сақтағандарын қорытындылау мақсатымен дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл жағдайда көрнекі құрал сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мысалы: ертегіні сурет бойынша өз беттерімен айтқызу. Сабақтарда қолданылатын терминдерді есте дұрыс сақтай білу үшін екінші сыныпта схемаларды кеңінен пайдалану қажет. Қазақ тілі сабақтарында заттарды, картинкаларды, үлгілерді, техникалық құралдарды қолдану барысында олардың есте сақтау қабілеттерінің сапасын арттырады. Оған қажетті дидактикалық құралдардың мынандай түрлері бар: суретті үлгі, текшелер, жолақша үлгі, таблицалар. Сонымен қатар, тірек-сызбалардың есте сақтаудың дамуындағы ерекшелігі: 1. Бала тірек-сызбаларды қызыға қарай отырып, тез есіне сақтайды. 2. Сөздік қорына жаңа меңгерген сөзді қосады. 3. Байланыстырып сөйлеу меңгертіледі. 4. Ойлау қабілеті дамиды. 5. Шапшаңдыққа үйреніп, тәрбиелік бағыттар алады. 6. Өткен сабақтағы тақырыпты көрген суретін есіне түсіре отырып, қайтадан айтып бере алатын болады. Сонымен қатар қолданылатын терминдерді білгізу үшін қол жаттықтыру дәптерлерін арнаған жөн. Дәптерге өтілген тақырыпқа байланысты өз қалауынша не мұғалімнің айтуы бойынша, қысқаша жазуын жазады [3]. «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек. Қорыта айтқанда, әлемдік, отандық тәжірибеде оқушы мектепте алған білімін өмірде еркін пайдаланып, ер жеткенде өмірде өз орнын табатын білімді, тәрбиелі, мамандығын жетік білетін, ізгілікті жеке тұлға болуын қамтамасыз етуіміз керек.
Әдебиет тізімі: 1 Қaзaқcтaн-2050 Cтpaтeгияcы. 2 Қaзaқcтaн Pecпyбликacының 2015 жылғa дeйінгі білім бepyді дaмытy тұжыpымдaмacы «Eгeмeн Қaзaқстaн», 2010 жыл. 3 « Ұстаздарға арналған танымдық- әдістемелік» сайт. sabaq.kz