kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып о?ушыларыны? зерттеу да?дыларын ?алыптастыру жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерттеу біліктілігі мен зерттеу да?дысы ?ылымымен айналысатын адамдар?а ?ана т?н емес, сондай-а? адамны? т?рлі салада?ы ?ызметіне ?ажет. Шы?армашылы? ізденушілік кез келген к?сіппен тікелей байланысты. Бала бойында зерттеу да?дыларын дамытуда бастауыш сыныптан баста?ан ж?н. Себебі бала таби?атынан зерттеуші, ал зерттеу ізденімпазды?ы – таби?и ?асиет. Ізденімпазды?, зерттеу белсенділігі – баланы? мінез-??л?ыны? таби?и ?асиеті. Бала?а таби?атынан берілген белсенділік оны? зерттеу ?рекетіні? негізін ??райды. Баланы жастайынан ізденушілікке баулу, о?ан зерттеу да?дысы мен біліктілігін игерту б?гінгі білім беру ісіні? ма?ызды міндеті. «Зерттеу» т?сінігі энциклопедияда «жа?а білімді ??деу процесі ж?не таным ?ызметіні? бір т?рі болып есептеледі» деп т?сіндіріледі.

   Зерттеу, зерттеу т?ртібі, зерттеу ?ызметі т?сінігі туралы ?алымдар А.И. Совениов, Н.Б. Шуманова, Н.И. Дереклеева, У.Б. Жексенбаеваларды? е?бектерімен танысу ар?ылы білуге болады. Сондай-а? о?ушыларды? ?ылым зерттеу ж?мыстарын ?йымдастыру туралы толы? ма?л?мат береді.

   Зерттеумен айналысу баланы? жеке ж?не шы?армашылы? ?абілеттері мен зерттеу, ойлау да?дыларын дамытады ж?не бала ?зі ?шін «жа?алы?» ашады. Зерттеу ?рекеті баланы дамытады ж?не ол шы?армашылы? ар?ылы к?рініс табады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларыны? зерттеу да?дыларын ?алыптастыру жолдары »



Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары


Төреханова Ж.Т.

бастауыш сынып мұғалімі

Өскемен қаласы

№26 орта мектеп

Зерттеу біліктілігі мен зерттеу дағдысы ғылымымен айналысатын адамдарға ғана тән емес, сондай-ақ адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Бала бойында зерттеу дағдыларын дамытуда бастауыш сыныптан бастаған жөн. Себебі бала табиғатынан зерттеуші, ал зерттеу ізденімпаздығы – табиғи қасиет. Ізденімпаздық, зерттеу белсенділігі – баланың мінез-құлқының табиғи қасиеті. Балаға табиғатынан берілген белсенділік оның зерттеу әрекетінің негізін құрайды. Баланы жастайынан ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен біліктілігін игерту бүгінгі білім беру ісінің маңызды міндеті. «Зерттеу» түсінігі энциклопедияда «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.

Зерттеу, зерттеу тәртібі, зерттеу қызметі түсінігі туралы ғалымдар А.И. Совениов, Н.Б. Шуманова, Н.И. Дереклеева, У.Б. Жексенбаевалардың еңбектерімен танысу арқылы білуге болады. Сондай-ақ оқушылардың ғылым зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат береді.

Зерттеумен айналысу баланың жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағдыларын дамытады және бала өзі үшін «жаңалық» ашады. Зерттеу әрекеті баланы дамытады және ол шығармашылық арқылы көрініс табады.

Елімізде 12жылдық білім беруге көшуге дайындық жүргізіліп, эксперимент түрінде іске асырылуда. 12жылдық білім беруде күтілетін нәтиже мектеп түлегінің түйінді құзырлылығымен анықталады. Жалпы орта білім берудің басты мақсаты шығармашыл, бәсекеге қабілетті, құзыретті жеке тұлға даярлау деп көрсетілсе, құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін зерттеп үйретудің орны ерекше.

Зерттеу дағдысын қалыптастыру психологтардың айтуы бойынша жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту мен дамуы үшін өте маңызды. Баланың ізденушілік белсенділігінің қалыптаспауы тұлғаның кез келген қиындықты жеңе алмауына, мәселені шешудегі дәрменсіздікке әкеледі. Баланың қабілетін айтпаса, дамытпаса өз мүмкіндігінен төмен оқуына әкеп соғады.

Зерттеу жұмысы күнделікті қолданыста көбінде жаңа білімді меңгеру үрдісі, яғни адамның танымдық әрекетінің бірі ретінде түсініледі. Білім берудің теориясы мен практикасы көз қарасынан қарағанда ғылыми зерттеу қызуғышылық туғызады. Ғылыми зерттеуге үйрету – оқытудың ерекше тәсілі баланың өз бетімен қоршаған ортаны танып білуіне деген табиғи талпынысы.

Зерттеуге үйретудің басты мақсаты – адам өмірінің кез келген саласындағы жаңа тәсілді өз бетімен шығармашылықпен меңгерудегі баланың қабілеттілігі мен даярлығы.

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру нәтижесі – баланың шығармашылық қабілетін дамыту, оның білім, біліктілігін зерттеу дағдысын қалыптастыру. Зерттеу жұмысында екі нәтиже болады. Біріншісі баланың даярлаған еңбегі - баяндамасы, есебі, екіншісі педагогикалық нәтижесі – олөзбетіндік, шығармашыл, зерттеу жұмысын жүргізудің тәжірибесін жинақтау болып табылады.

Оқушыларды зерттеуге үйретудің мақсаты: оқушылардың зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы тұлға ретінде жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Міндеттері:

  • оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

  • оқушылардың өзбетінен зерттеу жүргізе білетіндей, білімдерін пайдалана алуға үйрету

  • оқушының зерттеу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру, дамыту.


Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай 2-сыныпта ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлеріне көңіл бөлінеді. Жекелей жұмыс II жарты жылдықтан басталады. Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлеріне ұйымдастыруда зерттеуге бейімі бар балалар ерекшеленеді. Сондықтан II жарты жылдықтан бастап бейімі бар балаларға қызығушылығына қарай тақырыптар беріліп, жекелей жұмыс жүргізіледі.

Зерттеу жұмысын тақырып таңдаудан бастаған жөн. Алдымен карточкаларды оқушылар таңдап алады, оның бетінде тақырыптар жазылған. Тақырыптар оқушыларға таныс болғаны абзал. Тапсырма топқа беріледі. Әр топ жалпы тақырып алған соң нақты тақырыптарын ойластырады.

Мысалы: Су. Қоян. Машина.

I топ – Су. Суды үнемдеу.

II топ – Қоян. Қоянның аймағымыздағы түрлері.

III топ – Машина. Шығыс Қазақстандағы машина жасау өндірісі.

Оқушылар тақырыптарын қойған соң, бірігіп мақсаттарын анықтап, міндетттерін қояды. Содан соң зерттеудің өзектілігі, болжамы, терминдері сияқты бөліктерін орындайды. Болжам, өзектілігі деген сөздер оқушыларға түсінікті емес. Сондықтан төмендегі кесте пайдаланылады:


Өзектілігі – заманға қажеттілігі.

Алынған тақырыптарын қазіргі заманда қаншалықты қажет? Дәлірек айтсақ, «Суды үнемдеудің» қазіргі күнгі маңызы қандай? – деген сұраққа жауап береді.

Болжамы – іс-әрекеттің нәтижесін алдын-ала көру.

Тақырыпты зерттеп болғанда қандай «жаңалық» ашып, неге қол жеткіземіз. Дәлірек айтсақ, «Суды үнемдеудің» жолдарын анықтағанда, қандай қорытындыға келеміз?

Терминдері.

Тақырыпқа басты терминдерді немесе түйінді сөздерді анықтау. Мысалы: «Суды үнемдеу» тақырыбына су үнемдеу терминдер болып табылса, оның темасын қарастырады.


Ары қарай оқушыларға үйден өз тақырыптапына сай материалдар жинақтауға беріледі. Сонымен бірге материалды жинақтау кездері ұсынылады. Олар: кітапхана (энциклопедия, сөздік, әдебиеттер, оқулық, газет-журналдар), ата-анасы немесе басқа адамдардан сұрау, интернет т.б.

Келесі сабақта оқушылар тақырыптары болса, «жинақтаған» материалдарын әкеледі. Материалдар жеткілікті жинақталатыны сөзсіз. Оқушыларға зерттеу жұмысын жазуда кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер болатыны туралы түсінік беріледі.

Тақырып : Суды үнемдеу.


Кіріспе.

Су туралы қысқаша мәлімет.


Негізгі бөлім.

Тақырыпты ашу. Суды үнемдеу туралы жазады.


Қорытынды.

Суды үнемдеуде қандай пайдасы бар екенін топ өз қорытындысын жасайды.


Келесі жұмыс жиналған материалдарды іріктеу. Іріктеу жұмысы – зерттеу жұмысының ішіндегі ең күрделісі. Себебі жинақталған материалдарды оқып, керектісін белгілеу, істеу оқушыға қиынға соғады. Бұл орайда мұғалімнің көмегі қажет.

Келесі сабақта оқушылар жинақтаған материалдары болса, баяндама немесе зерттеу жұмысын жазады. Ең соңғы бөлігі қорғау. Ол ең негізгі этаптардың бірі. Жұмыс топ болса, жүргізілгендіктен оқушылар топ болса, белгілі уақыт аралығында зерттеулерін қорғауға үйренеді. 1-2 сыныптарда оқушылар 4-5 минут қорғаса, 3-4 сыныптарда 7-10минут беріледі. Оқушылардың зерттеу жұмысын төмендегі бағалау парағы арқылы бағалауға болады.


Ғылымилығы

Тақырыптың

өзектілігі

Материалдың

маңыздылығы

Зерттеу

шеберлігі

Жұмыс

құрылы-мының

жүйелілігі



Жеткізу,

Айту стилі, көрнек ілік


Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімге арналған нұсқауды есте ұстаған жөн.

Мұғалімге нұсқау:

  1. Балаға өзбетімен жұмыс істейтіндей мүмкіндік беру

  2. 2. Баланың инициативасын баспау

  3. Бала істей алатынды істеп бермеу

  4. Бағалауға асықпау

  5. Оқушыға көмектесу

а) проблеманы өзбетімен көруге

ә) заттар, құбылыстар арасындағы байланысты байқауға

б) зерттеу проблемасын өзбетімен шешуге

в) сараптама жасау, ақпаратты жеткізуге үйрету

6. Өзінің көзқарасы мен пікірін қорғауға үйрету

Әр сыныптан курс барысында зерттеу дағдысын қалыптасқан бейімді оқушылар біріктіріліп, бастауыш сынып оқушыларының «Шұғыла атты ғылыми қоғамына кіреді. Оларға жыл көлемінде тақырыптары беріліп, жекелей жұмыстар жүргізіледі. Қоғамның құрамында 50 оқушы жұмыс істейді. Жыл соңында секциялары бойынша мини-ғылыми конференцияға қатысып, өз зерттеулерін қорғап, одан әрі орта және жоғарғы буын оқушыларының мектепшілік ғылыми жобалар сайысына қатысуға жолдама алады. Мектептегі бұл жұмыс соңғы 4 жыл көлемінде жүзеге асырылып, оқушылардың зерттеу дағдыларының, шығармашылықтарының қалыптасуына ықпал етілуде. Зерттеу жұмысы қазіргі кездегі білім берудің нәтижесі болып табылатын оқушының құзыеттіліктерінің қалыптасуында да маңызды рөль атқарады. 12 жылдық білім берудегі жалпы Мемлекеттік стандартының жобасына көрсетілген бастауыш сынып оқушысының түйінді құзыеттіліктері (проблемны шешу, ақпараттық, коммуникативтік). Зерттеу жұмысымен айналысқан оқушыда қалыптасары сөзсіз. Оның дәлелі ретінде төмендегі кесте ұсынып отырмын.


Проблеманы көреді, шеше біледі.

Қиындықтан шығуға талпыныс жасайды.


Проблема шешу құзыреттілік

Ақпарат көздерін пайдалана алады.

Ақпараттағы қарама-қайшылықты көреді.

Ақпаратты талдау жасап, дәлелдейді, қорытынды жасайды.


Ақпараттық құзыреттілік

Ақпаратты толық жаза алады.

Өз ой пікірін қорғай алады.

Сұраққа жауап береді.

Мәтіні мағ.байқап, тілі байқ.

Топта кез келген адаммен тіл табысады.

Коммуникативтік

құзыреттілік




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сынып о?ушыларыны? зерттеу да?дыларын ?алыптастыру жолдары

Автор: Тореханова Жанар Торехановна

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202358


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства