kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балбұлақтың шаттығы-денсаулық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.

3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер.

Тәрбие сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балбұлақтың шаттығы-денсаулық»

Тақырыбы: Балбұлақтың шаттығы-денсаулық.

Мақсаты:1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.

3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер.

Тәрбие сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»

2. Денсаулық оны сақтау, жекебас гигиенасын сақтау туралы ойларын ортаға салып айту, өлеңдер жаттау.

а) Кел, балалар,

Кел бері,

Қыздырайық денені.

Орнымыздан тұрайық,

Жүгірейік бір уақ.

ә) Ұшықтырмай ауруға,

Ішін, сыртын тазала.

Барлық тісің маржандай,

Жарқырасын аузыңда.

3. Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.

а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)

ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)

б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)

в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)

г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

ғ) тазалық кепілі (денсаулық)

Топпен жұмыс

1. Топ

1. Денешынықтырудың маңызы қандай?

2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер?

3. Өзі тоймастың, көзі тоймас – дегенді қалай түсінесіңдер?

2. топ

1. Жеке бас тазалығы деген не?

2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су)

3. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра - сүт, алма - кәмпит.

ә) Денсаулықтың достары мен қастары.

Венн диаграмма



Арақ,темекі,ластық, насыбай,жалқаулық

Ауа, су,еңбек,

күн,дұрыс тамақтану

Достары Қастары








Сергіту сәті «Денені шынықтыру»

 

Ой қозғау.

- Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?

а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.

2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.

3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.

4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.

5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.

ә) Тірек схемамен жұмыс

Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

Байлық туралы ой қозғау.

Жағдаяттарды шешу.
1 - жағдаят.
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
Сендер не айтқан болар едіңдер?
2 - жағдаят.
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісінен кейін «Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» деп жүре тыңдады.
Саматтың айтқаны дұрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?
3 - жағдаят.
Асылан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ ол неден бастарын білмей, дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
Асланның ойы дұрыс па?



 Мақал-мәтел

а) 1. Ас адамның арқауы.

2. Ас иесімен тәтті

Табағымен жақсы.

3. Бал ұстаған бармағын жалатады.

4. Өзі тоймастың көзі тоймас.

5. Тәні саудың жаны сау.

6. Көзің ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса аузыңды тый.

7. Тазалық - саулық кепілі,

Саулық - байлық кепілі.

8. Демі бардың – емі бар .

9. Денсаулық – зор байлық.

 Қорытынды

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?

- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Балбұлақтың шаттығы-денсаулық

Автор: Қасымбекова Айгул Джаксылыковна

Дата: 07.10.2017

Номер свидетельства: 431216


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства