Просмотр содержимого документа
«"Бала тәрбиесіндегі отбасы берекесінің маңыздылығы" ата -аналар жиналысының презентациясы»
Ата- аналар жиналысы
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі отбасы берекесінің маңыздылығы
Ата- аналар жиналысының мақсаты:
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Отбасы құндылықтарын нығайту, дамыту.
Міндеті:
- Отбасының міндетін қарастыру;
- Отбасы проблемалары, тәрбие процесіндегі кемшіліктер;
Отбасындағы тәрбие әдістерін қарастыру;
Отбасындағы құндылықтарды анықтау;
Ата- аналарға ақыл- кеңестер.
Отбасының міндеті
Ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу, ұяңдық, пәктік сияқты асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қамымен,ананың сүтімен бойымызға сіңіріп келеді.
Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбекке, адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету .
Ең алдымен әке мен шеше өз ұлтымыздың әдебиетімен, мәдениетімен салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен терең таныс болуы керек.
Отбасы мәселесі
Жылдар
1-жарты жылдықта отбасын құрды
2017 жылы
1 айдан соң некесін бұзғандар
59 007 ерлі-зайыптылар
1-жарты жылдықта некесін бұзғандар
729
26 785
Жыл көлемінде
некеге тіркелді
Жыл көлемінде некесін бұзды
105 396 неке
40 503
Себебі
Некенің орта жасы
Мінездері жараспады, мүліктік даулар
25-36 жас
Қазақстанда әрбір үшінші құрылған неке ажырасады.
2017 жыл бойынша Қазақстан некені бұзу бойынша басқа елдермен салыстырғанда 3-орында
ҚР бойынша
Кәмелетке толмағандар
2017 ж.
3343 қылмыс
Себебі
129 суицид
0,9 %
Жалғыздық пен шеттетушілік, тұрғын үйдің қолайсыздығы
294- суицидке талпыну
Сұрақтар
Жасыл түс- Біздің елімізде отбасына қаншама жағдай жасалынып жатса да, отбасы мәселесінде проблемалар аз емес, неге жеткіншек жасқа келгенде балалар өзгереді? Біз қай жерден қателесіп жатырмыз?
Сары түс- Бала тәрбиесінде қандай тәсілді қолданған жөн?
Отбасында тәрбие процесінің 4 тактикасы болады екен.
Олар: Авторитарлы тактика . Қамқорлық тактикасы . Әркім өзімен өзі . Келісім тактикасы .
Авторитарлы отбасында отбасының 1 мүшесі басқарады және басқаның тілектері, соның келісімімен ғана орындалады.
Қамқорлық тактикасы- мұнда ата- ана баласын барлық жағынан, қиындықтардан, проблемалардан қорғайды, баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Келісім тактикасы бойынша- отбасы мүшелері бірлесіп қызмет атқарады, әркім өз қызметін біледі.
«Әркім өзімен өзі» тактикасы бойынша ата-аналар баланың проблемасына үңіліп мән- бермейді, бала өзінің проблемасын өзі шешеді.
Отбасындағы тәрбие әдістері
Әркім өзімен өзі
Авторитарлы
Келісім
Қорғаншы
Қызғылт түс-
- мұғалім сабақ сұраса «уақытым болмады». «кеше үйге қонақтар келді», «кіші інімді бақтым», «кітабымды таба алмай қалдым» т.б. сылтау айтып, мінезі төмен оқушылар қатарына жетеді. Оқушыны мұндай халге жеткізген кім?
- кейбір ата-ана «Мектепке бердік, солар тәрбиелейді. Тентек болса, әкесі де бұрын сондай болған. Жүре-жүре түзелер. Енді, қайтеміз?» дейді. Бұл жөнінде не айтасыз?
Көгілдір түс:
- Кейбір ата-ана үйіне келген жолдасын не туысын күлімсіреп қарсы алады да, үйден шығып кеткеннен кейін «ой, өзі бір оңбаған адам» немесе басқаша балағаттап отырады. Бұл жөнінде не айтасыз?
Отбасы түрлері
Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанмен, қиын балаларды беретін отбасылар
Кейбір ата-ана «бүгін сабағыңа бармай-ақ қой, ертең барарсың, шаршаған шығарсың», «сенен сабақ сұрай қоймас, сосын оқырсың» т.б. сөздер айтып, баланың білімге деген құштарлығын, қызығушылығын төмендетеді. Мұндай сөздерді естіп өскен бала еріншек, міншіл, өтірікші болып өседі.
Ата-ана енді келіп, мұғалім мен мектепті кінәлайды. Баласына: «Ана мұғалім сабақ бере алмайтын көрінеді. Бағаны алалап қояды. Менің баламды шеттететін көрінеді» дегендерді айтып, баласының тағы да бір жаман жағын дамытады. Бала ата-ана айтса «ол дұрыс, солай болуы керек» деп есептейді. Бала енді сабақ оқымағанымен қоймай, әңгімешіл, өсекшіл, тәкаппар, ұрысқақтық қасиеттерді бойына сіңіріп алады.
Кейбір ата-ана «Мектепке бердік, солар тәрбиелейді. Тентек болса, әкесі де бұрын сондай болған. Жүре-жүре түзелер. Енді, қайтеміз?» дейді. Мұндай ата-аналарды «ата-ана» деп атауға ұяласың. Себебі, жоғарыда айтып өткендей, мұғалім, ұстаз қанша тәрбие берсе де, үйде оны қадағаламаса, көмек бермесе, өзіне сілтей салса, оқушы ешкімнің де соңынан ермейді.
Мысалы, әкесі: «Балам, темекі тартпа, арақ ішпе» деп ақыл айтады. Баласына айтқан ұлылығын ұмытып, қонақтан мас боп келіп, темекі тартып қайтады. Бұны көрген баласының мінезі өзгереді. Ол екі жақты адам болуға болады деп ойлайды. Мектепте әдепті, тыныш. Ал үйде тентек. Сонда не істегің келсе, соны істе деген пікір пайда болады.
10 жағдайдың 8-індегі бұзылған бала дегеніміз, оны бұзған бала. Егер бала өтірік айтса, ұрласа, онда оның оны неге жасайтынын білу қажет. Көп адамдарда жоғары білім болғанымен, олардың тәрбиесі төмен. Білім- бұл әлі тәрбие емес. Білімсіз болса да, тәрбиелі болғаны дұрыс, тәрбиесіз алынған білімнен қарағанда.
Кейбір адамдарға бүгінгі күн кешегі күнге ұқсас болып келеді. Неге? Өйткені олар солай тәрбиеленген. Нағыз тәрбиеші рухани бай адам болуы қажет. Ол алуды емес, әрқашан беруді ойлайды. Тәрбиелеу дегеніміз- жол көрсету, бағыттау.
Кей ата-ана өз мүмкіндігін біліп, баласын өте жақсы киіндіреді. Ол баланың әке-шешесі де жақсы киініп, мол табыс табады. Бала мінезі де ата-ананың мінезіне бағытталып мақтаншақ, өзімшіл, тәкаппар болып өседі.Үнемдей білу, бөлісу сияқты қасиеттерді білмейді.
Ата – ана балаларына үлгі өнеге көрсете алмаса, тәрбиелі бала болып өсуі екі талай. Өйткені, бала ересектерге өте еліктегіш келеді, көп нәрсені: жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді.
Осыған байланысты Толстойдың айтқанын еске түсіру орынды.
« Шылым тартып, арақ ішкен, жұмыс істемейтін жағымсыз тұрмыс қалпына қарамай, дәрігерден талап ететіні қандай күлерлік болса, адамдар өнегесіз өмір сүре отырып, баланы өнегелі етіп тәрбиелеуге болатыны жөнінде талап етуі де сондай күлерлік іс » деген екен.
Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады. Біріншісі – ата-анадан Екіншісі – ұстазынан Үшіншісі – құрбысынан Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады.
Адамды үш нәрсе қайғыға салады екен:
1- кәрілік , оны өзгерте алмайсың, ол табиғи құбылыс.
2- өлім, оны да өзгерте алмайсың, ол Алланың бұйрығы.
3- жаман бала , оны өзгертуге болады, тек жақсы тәрбиенің арқасында ғана.
Абай Құнанбаев
Балалардың отбасын бейнелеуі
Отбасы құндылықтары
Ө
З
А
Р
А
- көмектесу
-түсіну
-сыйластық
-махаббат
-келісім
“ Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсақ, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, солай өсіп өнеді” Жан Жак Руссо
«Балам жақсы болсын десеңіз, өзіңіз бақытты болыңыз» А.С.Макаренко