?стаз… жаратылысынан ?зіне айтыл?анны? б?рін жете т?сінген, к?рген, естіген ж?не а??ар?ан н?рселерді? б?рін жадында жа?сы са?тайтын, ешн?рсені ?мытпайтын… ал?ыр да а??арымпаз а?ыл иесі…, мейлінше шешен, ?нер-білімге ??штар, аса ?ана?атшыл жаны ас?а? ж?не ар-намысын арда?тайтын, жа?ындарына да, жат адамдарына да ?діл…, ж?ртты? б?ріне… жа?сылы? пен ізгілік к?рсетіп…?ор?ыныш пен жас?ану дегенді білмейтін батыл, ерж?рек болуы керек.
?л-Фараби
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медицинасының түрлері, аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру. Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктері, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқаның, ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру;
Кіріспе:
Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «Сойса еті – қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең мың күндік» – деген мақалдардан айқын білініп тұр. Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне жарай береді. Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді. Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600-ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр, және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады. Бұл кезде жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті – оның қуаты 4 – 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады.
Ешкі мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен С.prisca түрі жатады.
Төрт түліктің қатарынан орын тие қоймаған ешкі малының елеусіздеу қалып келе жатқаны рас. Бәлкім оған «Есі кеткен ешкі жинайды» деп кесім жасағандықтан болар.
Ешкі сүтінің емдік қасиеті туралы айта берсек артықтық етпес. Дәрігерлер ешкі сүтін ана сүтін алмастыра алатындығын айтады. Оның сүті әсіресе асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде және диатезде пайдалы. Швецарияның таулы аймақтарындағы емдеу-сауықтыру орындарында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды ешкі сүтімен емдеу қолға алынған.
«Ешкі сүті неге еленбей келеді?»
Ешкі сүті неге еленбей келеді?
Бағалай білгенге, Сексек ата тұқымының да сан түрлі пайдасы бар. Оның түбіті, жүні құнарлы етін айтпағанның өзінде, ақуыз сүті ондаған дерттен айықтыратын ғажайыпқа ие. Бірақ, біздің отандық нарықта ешкі сүті мен одан жасалатын өнімдерге мән беріліп отырған жоқ. Ешкі сүтінен дайындалатын балалар тағамдарының тоқсан пайызы шекара асып, шеттен ағылып жатыр.
Күй мен күтім талғамайтын мүйізді жануар қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығына да төзімді. Сүт түрлерінен бір маусымда 350 литрге дейін өнім алынады және кем дегенде жеті ай сауылады.
Ешкі сүтінің ерекше қасиеттері жөнінде зерттеген ғалым, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Роза Шакиеваның сөзіне сүйенсек, бұл өнім әсіресе балалар үшін өте пайдалы екен. Ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады, - дейді ол.
АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанаттандырады .
Күй мен күтім талғамайтын мүйізді жануар қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығына да төзімді. Сүт түрлерінен бір маусымда 350 литрге дейін өнім алынады және кем дегенде жеті ай сауылады.
Ешкі сүтінің ерекше қасиеттері жөнінде зерттеген ғалым, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Роза Шакиеваның сөзіне сүйенсек, бұл өнім әсіресе балалар үшін өте пайдалы екен. Ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады, - дейді ол.
Ешкі сүтінің емдік қасиеті қандай?
Сүттің құрамында микроэлементтер, дәрумендер, ақуыздар бар. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы – жүрек – қан тамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді.
Асқазан, ішек ауруларында:
Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішекті шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке ие.
Диатез дертінде:
Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шылдықпайды.
Косметологияда:
Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер пен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.
Сүйекке пайдалы:
Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. Өздеріңіз байқап отырғандай ешкі сүті адам денсаулығына өте пайдалы екен. Сондықтан мен болашақта жеке кәсіпкер болып ешкі сүтінен әр түрлі өнімдер жасасам деймін .