kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

 Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, түнде шошып оянып, түн ұйқысын төрт бөліп,мұзды бесік таянып, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Үлкенді сыйлау – атамыздан қалған дәстүр. «Ана алдында –құрмет, ата алдында – қызмет» деген сөз жастарға үлкен міндет артады. Ата-анасын сыйлап, құрметтемейтін жасты ел-жұрты да құрметтемейді.

О, Ата-анам!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың!»»

Тақырыбы: «Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың!»

Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, түнде шошып оянып, түн ұйқысын төрт бөліп,мұзды бесік таянып, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Үлкенді сыйлау – атамыздан қалған дәстүр. «Ана алдында –құрмет, ата алдында – қызмет» деген сөз жастарға үлкен міндет артады. Ата-анасын сыйлап, құрметтемейтін жасты ел-жұрты да құрметтемейді.

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Өмір бойы жиған-тергендерін, тапқан таянғандарын бұлттай сығып, тамшыдай жиып, балапандарының аузына тосқан ардақты әкелереміз бен аяулы аналарымызға деген біздің құрметіміз өз дәрежесінде ме? Бұл жайлы сіздер не айтасыздар?

Жалпы, Сендердің кісілік келбетіңді қалыптастыратын орта-өзіңнің ұшқан ұяң. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.Айналадағы адамдарды сыйлау – ата-ананы құрметтеуден басталады. Әке-шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді де сыйлап жарытпайды.

Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі, сендердің ата-аналарың да сондай. Кейбір әке-шешелер баласының оғаш қылықтарын байсалды түсіндіріп, қателігіне көз жеткізіп

тәрбиелеуге күш салады, ал кейбіреуі айқай-шуға басып, қатал мінезбен тыйып тастауға тырысады. Қалай болғанда да әке-шешеңнің саған ойлайтыны тек жақсылық.

Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,

Сол бағыңда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі тек сіздерге арналған

Енді осы мәселе төңірегінде ситуациялық сұрақтар:

1) Өз отбасыңның басшысы кім?

2) Отбасында бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөлгені дұрыс?

3) Ата мен әженің қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі үлесі қандай?

4) Бала тәрбиесінде әке қатал болуы керек деген пікірге қалай қарайсың?

5) Сіздің ойыңызша ата-анаға қыз баланы ма, әлде ер баланы тәрбиелеу қиын ба?

Бүгінгі отбасы тәрбиесі, ата-ананы, үлкенді сыйлау мәселелері бойынша өткізілген тәрбиелік шарадан біздің алған әсеріміз қандай? Немесе ата-аналарымызға қандай тілектер тілейміз, бір-бірімізге қандай тілек тілегіңіз келеді, сол тілекті алдағы қағаздарыңызға жазуды сұраймын.

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, ата-ананы сыйлап құрмет тұту, қартайғанда асырап бағу - жер-дүние жаралғаннан бері қалыптасқан имандылық жолы, еш бұзылмайтын жол екенін біліңдер, құрбылар! Психолог ғалымдардың айтуынша адамдарға қартайғанда өздерін қажетсіз сезініп жалғызсырамауы үшін үлкендерге керегі баласының жұмсақ мінезі мен жылы лебізі екен.

Үиге тапсырма: «Менің сүиікті ата-анам» тақырыбында сурет салу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың!»

Автор: Жумабаева Гулбану Дуйсенбековна

Дата: 08.10.2017

Номер свидетельства: 431387


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства