Пәннің аты:Дүниетану | Уақыты: 21.01.16 ж | Кабинет:№203 | Мұғалім:Джансенбаева Гулбану |
Сабақтың атауы | Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Сабақтың мақсаты: Оқушылардың таулы жер өсімдіктері мен жануарлары және оларды қорғау жайлы білімін тереңдету, тақырып мазмұнын меңгерту. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, жеке шығармашылығын дамыту. Тәрбиелігі: Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, қорғай білуге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру. Көрнекілігі: Жануарлар суретінен фотоальбом. Өсімдіктер суреті. Жануарлар дүниесі салынған кесте. Таулардың, қорықтардың суреттері. Буклеттер. Карта. Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту. Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап. Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика. Оқыту құралдары: Оқулық, компьютер, слайд, дәптер. |
Психологиялық ахуал | Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | |
Мағынаны тану | Мұғалемнің түсіндірмесі Қазақстанның таулары Орталық Азиядағы Тянь - Шань тауының құрамында көптеген Алатау деген жоталар бар. Алатауды түрік, әзербайджан, түрікмен халықтары “Аладаг”, қырғыздар“Алатоо”, алтайлықтар “Алатуу”, өзбектер “Олотог” дейді. Ол қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуінен “Алатау” деп аталған. Талғар шыңының айналасында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген арқар, тауешкі, ұлар және т. б. мекендейді. Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері. Ұлытау - Қарағанды облысының аумағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері - Әулие Ақмешіт. Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі. Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды. Тарбағатай – Қазақстанның оңтүстік – шығысы мен Қытай мемлекетінің аумағындағы орташа тау. Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені – 30 км, орташа биіктігі – 450 - 500м. Қазақстан қорықтары Ақсу - Жабағылы қорығы. Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Ол Батыс Тянь - Шань тау жоталары сәлемдерінің, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған. Мұнда “Қызыл кітапқа” тіркелген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін т. б. жануарлар кездеседі. Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Бұл қорықта да өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай қоры бар. Оның ішінде сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аюды, арқарды, ұларды атауға болады. Наурызым қорығы. Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Қорық жерінде ертеден сақталып қалған Наурызым қарағайлы орманы мен далалы аймақтың көптеген шағын көлдері бар. Дуадақ, ителгі, қызық жемсаулы қаз және басқа да “Қызыл кітапқа” тіркелген құстар бар. |
Сергіту сәті | Секіреміз топ-топ, Шапалақтап көп-көп. Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш, Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш. |
Ой толғаныс | Сөзжұмбақ шешу. 1. Жер бетінің ерекше биік тұстары қалай аталады? 2. Тұзды көл 3. Көзге көрінбейді, Ұстасаң қолға ілінбейді. 4. Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң. 5. Мүйізінен дәрі жасалатын жануар. 1. Жүрісі бар, түрі жоқ, Үні бар да, тілі жоқ. Ұстатпайтын қашаған, Жермен бірге жасаған 2. Шөлге шыдамды жануар. 3. Қыздар тағатын бұйым. |
Үйге тапсырма | Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу. | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |