Ашық сабақ презентациясы "Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар."
Ашық сабақ презентациясы "Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар."
2-сыныпқа өткізген "Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар" тақырыбындағы өткізген ашық сабағымның презентациясын жүктеп отырмын. Жас мамандарға әдістемелік көмек болары сөзсіз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ презентациясы "Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар."»
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ю.А Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
Дүниетану 2-сынып
Өткізген: Кумаров Бактыгали Берикович
Психологиялық дайындық
Түсте бірге қайтамызОтбасының гүлімізБірге өтер күнімізСыныбымыз тап - тазаБорда дайын тақта даОйымызды жинақтап,Отырайық партаға.
Мақсаты:
Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру.
Қандай заттың суда еріп, қандай заттың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру; 2. Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық, танымдық қабілетін дамыту. 3. Суды ластамау, суды үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың типі : аралас сабақ Сабақтың түрі : тәжірибелік сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау түсіндірілмелі топтастыру. Көрнекілігі : су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек сызбалар, суреттер, калий перманганаты.глобус,.карта,тәжірибе столы,пробиркалар,штатив,шыны , май шам.
Ереже
1 Өзгенің пікірін мұқият тыңдау.
2. Тыныштық сақтау
3.Қошемет көрсетіп отыру.
Бағалау жүйесі:
6-8 су тамшысы, қар қиыршығы-«5»
3-5 су тамшысы, қар қиыршығы-«4»
1-2 су тамшысы, қар қиыршығы-«3»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .
1-топ:Судың қандай қасиетін білеміз?.
2-топ:
- Судың қандай жағдайы болады? Бір түрден екінші түрге қалай ауысады?
3-топ:
Судың мөлдір екенін қалай анықтаймыз?
Жаңа сабақ
Адам өміріне не қажет?
ЖАРЫҚ
СУ
АУА
ТАМАҚ
ЖЫЛУ
Видеоролик: «Су»
Мұғаліммен бірге тәжірибе жасау :
Қорытынды:Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар бар.Әсіресе еріген заттар ащы суларда көп болады. Әйнекте қалған дақ соның дәлелі.
Табиғаттағы ең күшті еріткіш – су. Суда көптеген заттар белгілі бір мөлшерде ериді. Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындап пайдалана алмаймыз. Яғни сусыз бірде-бір тірі ағза өмір сүре алмайды. Су – сұйық, мөлдір, түссіз. Ол сұйық болғандықтан, кез келген пішінге ие болады.
1 - топ: Суға қант салып, араластырайық. 2 - топ: Суға бір қасық тұз салып араластыру.
3-топ: Суға бір қасық ас содасын салып араластыру.
Суға салған нәрселер не істеді?
Судың түсі өзгерді ме?
Дәмі өзгерді ме
2-тәжірибе
1- топ: Стакандағы суға құм салып араластыру. 2 - топ: Стакандағы суға саз салып араластыру.
3-топ: Калий перманганатын суға салып араластыру .
Суға салған нәрселер не істеді?
Судың түсі өзгерді ме?
Дәмі өзгерді ме?
V. Дәптермен жұмыс. Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.
VІ. Сергіту сәті «Ақ бұлақ »өлеңі ҮІІ. Ой сергіту.
Логикалық тапсырмалар Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды? Жұмбақ шешу 1. Ақ көрпесін тұйықтап, Қыстай жатыр ұйықтап. 2. Тілі былдыр, Үні сылдыр 3. Отқа жанбас, Суға батпас 4. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ, Пайдаланбас кісі де жоқ
YІІІ. Оқушылар ізденісі
«Деректер мен дәйектер»
«Ой тұжырым»
Енді балалар судың қажеттілігіне тоқталайық, топтастыру 1-топ
СУ
2-топ. Суда қандай өсімдіктер өседі?
3-топ Суда тіршілік ететін жануарларды атаңыздар
Суды ішеміз
Өсі
Өсімдіктерді,бау бақшаны суарамыз
Сумен үйді тазартамыз суға адамдар,жануарлар да шомылады
Суда көлік жүреді
СУ
Сусыз кір тазармайды
Ас әзірлейміз
Суда өсетін өсімдіктер
Суда тіршілік ететін жануарлар мен құстар
Х. Біле жүрейік «Қосымша ақпарат» 1.Балалар,су бізге дос қана емес,ол- тілсіз жау.Қыркүйек айында Туркия елінде тоқтамай жауған жаңбырдан қаншама ел зардап шекті –үйлері,машиналары судың астында қалды,елдің малы қырылып,көптеген адам суға кетті. 2.1981 жылы Үлкен Алматы өзені тасыды-қатты сел салдарынан мал,адамдарға,ауыл шаруашылығына зиян келді.Көптеген көпірлерді,тас жолдарды су шайып кетті. 3.Экологиялық мәселелерге келетін болсақ,қазір біздің елімізде табиғаты таза,экологиялық ахуалы мінсіз аймақты табу бір мая шөптен ине іздегенмен бірдей.Мысалы:Арал теңізінің бұрынғы жалпы ауданы 66 мың шаршы шақырым болса,соның шамамен 23 мың шаршы шақырымында ғана су бар,қалған бөлігі шаң мен тұздың астында қалды. 4.Облысымызда орналасқан Жайық өзенінің жайы да мәз емес,оның суы тартылып, мұнай қалдықтарының өзенге төгілуі көптеген зардап әкелуде. 5.Біздің ауданымызда орналасқан Шарон, Қиғаш өзені баяғы ашаршылық 1932 жылдары осы маңайдағы қаншама елді балығымен ажалдан алып қалды,ал қазір суы тартылып, зардап шегуде 6.Ал ауылымыздың ішінен өтетін өзектердің де суы құрғап қалды.
Х.Шығармашылық тапсырма
І-топ: Суды қорғау үшін не істейміз?
2-топ: Суға байланысты ырым –тыйымдар:
3-топ:Суға байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер :