Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Аялай біл сен деп со??ан ж?ректі"»
Ислямова Айслу Сүлейменқызы
Павлодар облысы ,Железин ауданы, Еңбекші ауылы
“Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі”ММ
“Өзін-өзі тану” пәнінің мұғалімі
Аялай біл, сен деп соққан
жүректі
Ана туралы жыр
Сөзі: Ғ.ҚайырбековтікіӘні: Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.
Әлдилеп, аялап
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.
Жаныңда жүрген жақын адамдарды
(отбасы мүшелері, құрбы –құрдастар,
достар) сыйлауға , құрметтеугеүйрету.
Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;
Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
Жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
ОЙЛАНАЙЫҚ, ПІКІРЛЕСЕЙІК
«Аялау, қадірлеу » деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
«Отбасындағы жарасымдылықтың сыры неде?
Ата – ананың мейірімін қалай бағалайсыңдар?
«Аялау»-алақанына салып, еркелету, қастерлеу.
«Қадіріне жету»–жақсылығын білу, бағалау.
Синонимдік тәсілі
«Аялау»– бағаламау, көзіне көк шыбын үймелету. Зорлық-зомбылық көрсету.
«Қадіріне жету»– қадірлемеу, бағаламау, пір тұтпау.Антонимдік тәсілі
масы
Жаныңда жүрген жақын адамдарға
жүрек жылуын жеткізе біл.
Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері,
құрбы – құрдастар, достар арасындағы сыйластық,
құрмет - адамдардың
бір- біріне мейірім – шапағаты.
Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне біл,
оларды аялай біл. Әрбір қарым – қатынасты
ізгі ниетке құрған жағдайда
ауызбіршілік сақталып жүректер
үйлесімділік табатыны сөзсіз.
«Ана махаббаты»
Р.Акдемір
Балалардың саяхаттан бас тартуының себебі неде?
Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай
сезімде болды деп ойлайсыңдар?
Егер сен осы балалардың орнында болсаң
не істер едің?
ДӘЙЕКСӨЗ
Табиғаттағы бар Өмірдегі барлық лық жылу-күннен, жылу-адамнан
“Аялау” сөзін естігенде сендерге қандай ой түседі?
“Қадірін білу” дегенді қалай түсінесіңдер?
Айналадағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап бағалайсыңдар ма? Қалай?
Ана
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС
«Аялай біл, сен деп соққан жүректі»
тақырыбына өлең шығару,
эссе, шығарма жазу
“Мейірімділік” кестесі
Мейірімді істер
Мейірімді адамның қасиеттері
СЕРГІТУ СӘТІ
Оқушылар бір –біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір – біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу.
Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып қалды, ал сендер болсаңдар қала сыртындағы саябаққа билет алып қойғансыңдар. Не істер едіңдер?
Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен салыстырады. Кейде Саятқа өз ата-анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды. Осы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?
Т ү й і н д е м е
Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл-хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбіргерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата-ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайынан үйрен.
В.А. Сухомлинский.
Өзінің айналасындағы, жора – жолдастарының,бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.
Күлкісі
Жан жылуы
Мейірімді көздері
Махаббаты
Аялы алақаны
Мен үшін ананың ….қымбат
Ананың
Ыстық жүрегі
Ана – әлемнің байлығы.Әке – қамқоршы, қорған
Бала - болашағымыз
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Қ.Нұртастың “Әкелер” әні
Отқа түстің,суға түстің мен үшін
Енді міне бағың берді жемісің
Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,
Мұның бәрі әке сенің жемісің
Анашымды отырғызып жаныңа,
Той берейін салып алақаныма
Ей адамдар шүкіршілік етіңдер
Мына өмірде әкелерің барына
Тек әкелер сендер ғана лайықсың
Хан сарайы патша тағына
Ана жұмақ,әке жұмақ қақпасыБұлар жаққа бұрсандаршы ат басынБір күндері жұмақ іздеп барғандаҚапа болып қақпа ашылмай жатпасын