kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ас-адамның арқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ас-адамның арқауы»

Ас-адамның арқауы

Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.



Міндеттері: 1. Оқушыларды дастархан басында сақталатын рәсімдермен, ырым-тиымдармен тансытыру. Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және ұлттық ыдыс-аяқтарымен таныстыру

2. Оқушыларға дәстүрді сақтауға,нанды тағы да басқа тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу

3. Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру,тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту



Көрнекілігі: АКТ, нақыл сөздер, суреттер

Сабақтың жүру реті:

І. Дастархан басындағы дәстүрлер

ІІ. Ырым- тиымдар

ІІІ. Асты қалай ішу керек?

ІV. Түрлі-түсті тағамдар

VII. Ыдыс- аяқ туралы

Жұмбақтар

VIII. Қорытындылау



І. Дастархан басындағы дәстүрлер

1.Халық қуанышты да,қайғыныда дастархан

басында бөліскен.Өсиет айту,бата беру,достасу

бәрі де дастарханбасында шешілген.Сондықтан

халық дастарқанды «Құттыхананың берекесі»деп

қасиет тұтады.



2.Дастарқаннан дәм татқандар татуласу,келісу

сияқтырәсімдерді орындахан



3. «Таспен атқандыаспен ат» деп халық бекер

айтпаған.Себебі дастарқан дәмі-киелі.Оны татып

,келісімінбұзса,астың киесі ұрады дейді.



4.Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасының

тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға,

той тамашаға,асқа-суберуге жиылады.



5. Онда ас қою,ас ұсыну ,ас алу,ас қайыру,асқа

бата беру рәсімдері орындалады.



6.Күнделікті отбасының тамақтануына

жайылған дастарқан басында ең алдымен

ата-анаға,үлкенге ұсынады.

7. Дастарқан басындағы адамдар жасына

қарай отырыады

8. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады

ІІ. Ырым- тиымдар



  1. Ас жүрген жер береке

  2. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

  3. Нанды төңкеріп қоюға болмайды

  4. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды

  5. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды

  6. Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің

  7. Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама

  8. Өле жегенше, бөлле же

  9. Ас ішіер кезде ізет,сыйласым.иннабаттылық

рәсімдері сақталу қажет

  1. Әкесі отырғанда балаға бас тартылмайды

  2. Балаға ми жеуге болмайды

Ми жемейді жас бала,миды ұсын басқаға

Былжыр болып өсеміз, ынжық болу- масқара

ІІІ. Асты қалай ішу керек?

  1. Тарта жесең тай қалар, қоя жесең қо қалар

Қоймай жесең не қалар

  1. Асты әбден шайнап ішу керек

  2. Тамақ ішіп отырып кітап оқуға болмайды

  3. Әр түрлі атамақта адам денесіне қажеті

витаминдер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек

  1. Әсіресе қазақтың ұлттық тамағы пайдалы

ІV. Түрлі-түсті тағамдар

  1. Алға жайып тұз дәмін, келтіреді үй сәнін

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны

Кең пейіл де арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не?(дастархан )

  1. Өзі ащы . Бірақ . дәмді етер асты Бұл не? (тұз)

  2. Түсі аппақ,

Тысы қатты-ақ

Екі түрлі уызы,

Жесең тәтті –ақ (жұмыртқа)

Өз тағамдарына байланысты мақал –

мәтелдерін айтып жарысады.
Мақал – мәтелдер.
1. Ас - атасы нан, нан атасы – дән.
2. Аз ас, көп ниет.
3. Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
4. Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
5. Ет етке, сорпа бетке.
6. Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.
7. Айран ішкен, құтылады, шелек жалаған

тұтылады.
8. Сиыр сауып ішшең, мың күндік.
Сойып жесең, бір күндік.
9. Сиырдың сүті тілінде.
10. Ексең егін, жерсің тегін.
ІV кезең. Олай болса келесі кезеңде әр

топтың дайындаған көріністері мен тағамдарына

байланысты жарнамаларын тамашалайық.
І - топ. Көрініс.
Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді.

Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын

көріп, әжесінен:
- Мынау өсіп тұрғандар не? – деп сұрады.
- Науажан, бұл өсіп тұрған нан, - деп жауап

берді.
- Нан болса таба наны қайда?
- Таба нан да осы дәннің ішінде.
- Ақ тоқаш ше?
- Тоқаш та осы дәнге сыйып тұр Науажан.
- Әже, кіп - кішкентай қауызды дәнге

осынша көп нан қалай сыйып тұр? - деп

Науажан таң қалды.
- «Ас – атасы нан, нан атасы – дән!- деген

Науажан, осынша мол дүние, тоқшылық әр

бір дәннің ішінде – деді әжесі.
ІІ - топ. Көрініс. Ұн мен майға ұшыраспай
Бірде халуа пісіру туралы сөз қозғалыпты.
- Мына менің халуа жасамаққа талпынғаныма

бірнеше жыл болды, бірақ әлі күнге сәті

түспей - ақ қойды, - деп Әпенге сөз қатты.
- Ұн болған кезімде майым болмай, ал майым

болған кезде ұным болмай қалады, осынша

уақыт бойы ұн да май да қатар таба алмағаным ба?- дейді.
- Ұн да, май да болған кезде менің өзім болмай

қаламын – деген екен. Жарнама. Аспаз.
Қағаздан қантым бар,
Матадан мантым бар.
Шырыннан шәйім бар,
Желімнен балым бар.
Орамал дастархан,
Аспазбын ас тартам.
Қонақтар бар мәзір,
Бәрі де болды әзір.
Алыңдар, алыңдар,
Бәрің қарық болыңдар.
Жарнама.
Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәтті бал қымыз.
Шалап, қатық айран бар,
Ішіп ал да ойнаңдар.
Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәтті бал қымыз.
Айтқанымды істеңдер,
Тек шикі су ішпеңдер.
Сөзжұмбақ
1. Өңделген бидай ( Ұн).
2. Майға қуырылған шеңбер нан (Күлше).
3. Айраннан алынатын, жейтін өнім (Құрт).
4. Сиырдан алынатын сусын (Сүт).
5. Бидай, арпа қосылып жасалған сусын (Ашытпа).
6. Бидай, күріш, тары – бұлар дәнді -? (Дақыл).
7. Ұйыған сүттен жасалатын қою сусын (Қатық).
8. Піспеген нан (Қамыр).
9. Жейтін заттың жалпы атауы (Тағам).
10. Түйе сүтінен жасалатын сусын (Шұбат).
11. Биенің сүтінен жасалатын сусын (Қымыз).



Астың құрамын түсіндіру.



Көмірсу Ақуыз Май



Тамақ



Дәрумен Су Минералды тұздар



Дәрумендер

А

В

С

Д

Жұмыртқа, ұн,алма, балық

Қорытындылау:

Бүгін сендер «Ас адамның арқауы» жайлы білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.

Оқушылар «Қалаулым» әнімен сабақты қорытындылайды.



























Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

  •  Жолда жүру ережесі 2 «А» сынып. Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.

   Шаттық шеңберіне тұру.

   Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.

ІІ. Кіріспе бөлімі:

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.

Олай болса,  «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»  атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?
- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?
- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?
- Ол үшін не істеуіміз керек?

 ІІІ. Негізгі бөлім:

  1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.

  2. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе

  3. балалардың

       -  жол бойында қалай болса солай жүріп,

       -  доп қуалайтыны,

       -  ролик тебетіні,

       - жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

       -  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан

бұзылады екен. Жол тәртібін бұзғандықтан

кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

2. Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді  күзеткен,  
Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)               

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда  да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)  

3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің  қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік  жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»

Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп...
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп...
- Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.
- Қоян,  жол ережесі деген не ол?
- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?
- Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.

Бейнеролик тамашалау.

 IV.  Қорытындылау

  1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр

  2. көзінен сұрақтар алып жауап беру.

  Ал енді сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер

ме екен, көрейік.

  - Жиек жол (тротуар) деген не?

(Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

  - Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды?

(Көлік жүретін көшенің  ортасымен жүруге

рұқсат етілмейді.)

  - Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек?

(Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)

  1. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан

  2. не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не

  3. сурет салуға болады.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін

сақтап, аман – есен жүрелік.

Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.

V. Кері байланыс

Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.

2 «А»-сыныбы «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» тәрбие сағаты












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ас-адамның арқауы

Автор: Акылбекова Гульнара

Дата: 07.05.2018

Номер свидетельства: 468670


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства