kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Адамның бір қызығы бала деген.» ата-аналармен өткізілетін іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Адамның бір қызығы-бала деген" сізбен біздің әрқайсымыз  бала деп өмір сүріп жатқан жандармыз,ал сол баламыздың тәрбиесі,оның адамгершілік қасиеттері ойдан шығады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Адамның бір қызығы бала деген.» ата-аналармен өткізілетін іс-шара»

«Адамның бір қызығы бала деген...»

ата-аналармен өткізілетін іс-шара

Мақсаты:Мектеп пен ата-ана арасында қарым-қатынасты нығайту. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңдіретін ата-ана тәрбиесі, ал оны дамытуға ықпал ететін мектеп екенін ата-аналарға түсіндіру. Ата-аналарға кеңес бере отырып,бала тәрбиесі бәрімізге ортақ екенін ұғындыру.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бейнероликтер,музыка.

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Балам, балам, жан балам

1.Менің балам қандай?

2.Балаңыз кім болғысы келеді?

3.Ән «Балапаным»

  1. Бала жүрегі

1.Мен қандаймын?

2.Кім боламын?

3.Кір жаятын жіп тәсілі

  1. Ойын

1.Қолынан танып біл

2.«Біз бақытты жанұямыз»

3. Арт терапия «Қолға сурет салу»

4.Ән «Ақ мамам»

  1. Ой түйін

Бейнеролик көрсету «Менің кінәм не?»

  1. Кішкентай жүректегі ой

Бала тілегі (бейне ролик)

  1. Қорытынды

Отбасындағы сүйіспеншілік (қойылым)













Барысы:

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын алып және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.







  1. Кіріспе

Қадірменді ата-ана!Бүгінгі бас қосуымыздың, ата-аналармен өткізілетін іс шарамыздыңтақырыбы: «Адамның бір қызығы бала деген...»Сіз бен біздің әрқайсымыз бала деп өмір сүріп жатқан жандармыз, ал сол баламыздың тәрбиесі, оның адамгершілік қасиеттері ойымыздан шығады ма?

Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білм емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен. Рухани адамгершілікті қарым-қатынасқа дайын,өмірлік белсенділігі қалыптасқан бала тәрбиелеу ата-ананың да, мектептің де міндеті. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В.Сухомлинский: «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»- дейді.Демек баланың жүрегіне адамгершілікті үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаны өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етуі сөзсіз.

  1. Балам, балам, жан балам

1.Менің балам қандай? (әр ата-ана өз баласы туралы айтады)

2.Балаңыз кім болғысы келеді?(баласының болашақта кім болғысы келетінін айтады)

Алдарындағы екіге бөлінген кестегеойларын жазады.



Балаңыздың аты _______________________________________



Менің балам қандай?

Балам кім болғысы келеді?



















3.Ән. «Балапаным»

Балапаным, кіп-кішкентай сүйкімді,

Сен келгелі жүрегіме күй тұнды.

Әжең сенің бақыт тілеп жолыңа,

Таң атқанша бағып отыр ұйқыңды.

Қайырмасы

Томпиған түріңнен, айналдым тіліңнен,

Сен аман бол, сен аман бол, құлыным.

Сүйкімді аппағым, тіл көзден сақтағың.

Сен аман бол, сен аман бол, құлыным.

Сен болашақ ұланысың еліңнің,

Иесі сен мына байтақ жеріңнің.

Алдыменен адал ұл бол ардақты

Менің саған көп қой, ботам, сенімім.

Жарқырай бер күн нұрындай, жарқыным,

Атасынан айнымаған алтыным.

Балапаным, қос қанатың талмасын

Еркесі бол, серкесі бол халқыңның.

(Қолдарында гүлдері бар балалары кіріп, аналарына гүл ұсынып, қастарына отырады)



  1. Бала жүрегі

1.Мен қандаймын? (Балалармен әңгімелесу)















2.Кім боламын? (Ойларын сұрау)





















3.Кір жаятын жіп тәсілі (Ата-аналардың жазған қағаздарын жіпке іліп, ата-ана мен баланың жауаптарын салыстыру)











  1. Ойын

1.Қолынан танып біл (Ата-ананың көздерін байлап, баласының қолын тапқызу.)



















2. «Біз бақытты жанұямыз».(Баласының салған суретін табады)

Баладан не салғанын сұрау.











3. Арт терапия «Қолға сурет салу» «Бір-біріне тілек» (ана мен бала бір-біріне деген тілегін қолдарына сурет салу арқылы білдіреді және тілегін айтады)













4.Ән айту «Ақ мамам» (ән айтып біткен соң балалар аналарының бетінен сүйіп, сыртқа шығады)

  1. Ой түйін

Бейнеролик көрсету «Менің кінәм не?»

  • Осы бейнеролик туралы ойларыңыз?

  • Тақырып пен бейнероликті қалай байланыстыра аласыз?

  • Қандай ой түйесіз?

  1. Кішкентай жүректегі ой

Бала тілегі (Балалардың бейнероликке түсірілген ата-анасы туралы ой-тілегі көрсетіледі)

  • Қандай әсер алдыңыздар?

  • Барлық баланың тілегінен ортақ не байқадыңыздар?



  1. Қорытынды

Отбасындағы сүйіспеншілік (қойылым)

Отбасы – адам үшінең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажетті жағдай жасау – отбасындағы ата-ананың міндеті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады»,-деген аталы сөзі әр қазақтың санасына сақталуы керек.

Отбасы өзінің берекесімен, бірлігімен, сол отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қаяусыз көңілімен, сүйіспеншілігімен өлшенуі тиіс.




























Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жас натуралистер станциясы»







Тақырыбы:













Ата-аналармен өткізілетін іс-шара







Психолог: Бекешова Балжан.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Адамның бір қызығы бала деген.» ата-аналармен өткізілетін іс-шара

Автор: Бекешова Балжан Сабыровна

Дата: 16.11.2018

Номер свидетельства: 485989


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства