Просмотр содержимого документа
«12 жылды? білім беруде кездесетін ?иыншылы?тар (баяндама)»
12 жылдық білім беруде кездесетін қиыншылықтар (баяндама)
Ақтөбе қаласы
Благодар орта мектебі
Исабекова Айманкүл Шайкуловна
12 жылдық білім жүйесінің негізгі мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Орта білім мазмұнын бағдарлы жіктеу бойынша қазақстандық тәжірибені талдау барысында, 12-жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың моделін құрылымдау кезінде жағымсыз салдарларын ескеру қажет болатын 11-жылдық білім берудегі бейіндік оқытудың бірқатар мәселелері анықталды: материалдық-техникалық базаның сәйкессіздігі; кадрмен жеткіліксіз қамтылуы; бейіналды даярлық жүйесінің жетілмегендігі; бейіндік оқытудың екі бағытпен шектелгендігі; бейіндік оқытудағы білім мазмұнының басқа білім деңгейлерімен сабақтастығының жүзеге аспағандығы; бейіндік мектепте оқушылардың оқуын жалғастыруға ынтасының төмендігі; бейіндік оқыту нәтижелерін бағалаудың дұрыс жүйесінің болмауы; шағын жинақты мектептер жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы қиыншылықтар.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді. Баланың жеке басын жан — жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді.
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару — бүгінгі күн талабы. Бастауыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл — күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық — психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс. Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман - психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диагностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды.
12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың айналадағы өміріне: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек.
Бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.
Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп, ерекше көрсетілді. Мұндағы мақсат – психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:
- ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;
- интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;
- оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.
Қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:
- Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
- Ойды логикалық түрде дамыту;
- Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
- Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
12 жылдық білім берудің өзіндік бір ерекшелігі - ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына шынайы әлем жағдайында тәрбиеленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық – педагогикалық жаңаруы көзделеді.
Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулу, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын: - Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; - Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу; - Шығармашылық іс - әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру, - Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу, - Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру, - Ақпараттық технологияларды меңгерту, Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкін діктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек.
Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек. Атақты психологтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Мысалы ойын технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс — әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін — өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой. Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр.