kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

12 жылды? білім беру ж?йесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

??Ж   371.214

             Б 20

12 ЖЫЛДЫ? БІЛІМ БЕРУДІ?  ?ДІСНАМАЛЫ? НЕГІЗДЕРІ

Байтілеуова Айг?л Камбылбаевна

№46 орта мектебіні? бастауыш сынып м??алімі

     ?асырлар  ма?саты – ?о?амны? нары?ты? ?арым - ?атынас?а  к?шу кезінде саяси- экономикалы? ж?не рухани да?дарысты же?іп шы?а алатын,  ізгіленген  ХХІ- ?асырды ??рушы іскер, ?мірге икемделген, жан-жа?ты м?дениетті жеке т?л?аны т?рбиелеп ?алыптастыру.”

                                                                                                                                       Н.?.Назарбаев

      Болаша?ты? б?гінгіден де н?рлы болуына ы?пал етіп адамзат ?о?амын ал?а апаратын к?ш тек білімде ?ана. ?ай елді? болмасын ?сіп ?ркендеуі, ?ркениетті д?ниеде ?зіндік орын алуы оны? ?лтты? білім ж?йесіні? де?гейіне, дамыту ба?ытына байланысты.

     Осыдан-а?, мемлекетімізді? ?ркениетті елдер ?атарына ?мтылуына байланысты ?лемдік білім ке?істігіне кіру ?ажеттігі туындап отыр?анын к?руге болады. М?ны? ?зі егемен елімізді? білім мазм?ны мен ??рылымыны? ?лемдік елдер де?гейіне сай болуын ме?зейді.

     ?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасыны? ма?сатында к?рсетілгендей, ?лемдік білім беру ке?істігіне ы?палдастырыл?ан ж?не жеке т?л?а мен ?о?амны? ?ажеттіліктерін ?ана?аттандыратын к?п де?гейлі ?здіксіз білім беруді? ?лтты? моделін ?алыптастыру ?шін білім беруді дамытуда?ы стратегиялы? басымды?тарды белгілеу болып табылады.?азіргі та?да ?о?ам алдына ?ойылып отыр?ан басты міндеттерді? е? бір ?зектісі - б?кіл білім ж?йесін т?бегейлі жа?артып, д?ниеж?зілік де?гейге с?йкес келетін, жастар?а сапалы білім беруге жа?дай жасайтын ж?не оларды? ?йлесімді дамуына, жеке басты? т?л?а ретінде ?алыптасуына ба?ыттал?ан жа?а ?лгідегі мектеп к?ру болып отыр. Б?л ма?сатты орындау орта білімні? 12 жылды? мерзімге ?туімен астасып жатыр.

      Тек білу ж?не ?з білімін ?олдана алу да жеткіліксіз, ілгері жылжу ?шін ?шінші ??рамды б?лік – «шы?армашылы? іс-?рекет т?жірибесі»  ?ажет. Білім, білік, да?дылар тек репродукция ??ралы ?ана болып ?оймай, ?лемді шы?армашылы?пен т?йсіну  амалы болуы керек.

      Жа?а ?лемдегі жа?а ?аза?стан ?шін е? негізгі басымды?ты? бірі – білім. Білім ?ылымны? іргетасы ж?не мемлекет дамуыны? алтын ар?ауы. Елбасы биыл?ы халы??а Жолдауында ?аза?станны? дамуыны? басты шарты ?о?ам м?шелеріні? білім де?гейіні? артуына тікелей байланысты екендігін атап к?рсетті. Демек, отанды? білім ж?йесі ?з ?ызметін «білім беруге салын?ан б?гінгі инвестиция – мемлекетті? ерте?іне жасал?ан ?ам?орлы?» деген ?а?идат?а с?йеніп ж?мыс жасау керек деген с?з. Жалпы білім бастауын мектептен алады, оны? ?айнар к?зі десек те болады. Сонды?тан, мектеп не??рлым таза, серпінді,шы?армашыл болса, ол келіп ??ятын білім айдыны да сондай д?режеде болады. Н?тижесінде отбасы, ?о?ам, ?мір жа?сарып,сапалы? к?рсеткіштер жо?арылайды.

      Бір жыл?а жоспар ??рса? – егін ек, ж?з жыл?а жоспар ??рса? – а?аш ек, ал м??гілік м?ратты к?здесе? – ?рпа? т?рбиеле деген ?ибрат бар. Б?л жауапкершілігі зор, салма?ы ауыр міндет. ?йткені б?гінгі жас буын – ел болаша?ыны? ерте?гі кілті. ХХІ ?асыр ты? идеялар  мен жасампаз жа?алы?тарды? д?уірі. О?ан лайы? болу- ?азіргі жа?андану процесіндегі кез – келген мемлекетті? негізгі ?станымы. Ендеше бізді? т?уелсіз елімізде ?ркениетке жетелер жолды? бастауы – білім ордалары десек, оны? ж?регі де, тірегі де м??алімдер ?ауымы.

     М??алім а?парат алушы  емес, о?ушыны? жеке т?л?алы? ж?не интелектуалды дамуын жобалаушы. 12 жылды? жалпы орта білім беруге м??алімнен жо?ары ??зырлы?ты, ?йымдастырушылы?ты ?абілеттілікті, о?ушыларды ?азіргі ?о?амны? т?бегейлі ?згерістеріне лайы? бейімдеу, оларды? зерттеушілік да?дыларын дамыту ба?ытын талап етеді.

     12 жылды? білім беруге м??алімді «б?рыннан келе жат?ан педагогикалы? білім, білік, да?дылы? ж?йені,я?ни шамадан тыс а?парат беріп ж?не н?тижеге с?йреп, со?ында о?ушыларды? денсаулы?ыны? нашарлауына ж?не уа?ытын жо?алтуына апарып со?атын ж?йені ?згертіп», керісінше ?алай о?у керек, ?алай ойлау керек, кез –келген туында?ан міндеттерді шешу ?шін ?р т?л?а пайдалана алатын жа?а технологияларды ?йрету ай?ындамасын ?абылдау?а ба?дарлайды. (?аза?тан Республикасында?ы12 жылды? жалпы орта білім беру Т?жырымдама жобасынан келтірілген д?йекс?здер)

   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«12 жылды? білім беру ж?йесі »

ӘӨЖ 371.214

Б 20

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Байтілеуова Айгүл Камбылбаевна

46 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

“Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ- ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.”

Н.Ә.Назарбаев


Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.

Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Тек білу және өз білімін қолдана алу да жеткіліксіз, ілгері жылжу үшін үшінші құрамды бөлік – «шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі» қажет. Білім, білік, дағдылар тек репродукция құралы ғана болып қоймай, әлемді шығармашылықпен түйсіну амалы болуы керек.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Демек, отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған бүгінгі инвестиция – мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидатқа сүйеніп жұмыс жасау керек деген сөз. Жалпы білім бастауын мектептен алады, оның қайнар көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді,шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Нәтижесінде отбасы, қоғам, өмір жақсарып,сапалық көрсеткіштер жоғарылайды.

Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы.

Мұғалім ақпарат алушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. 12 жылдық жалпы орта білім беруге мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағытын талап етеді.

12 жылдық білім беруге мұғалімді «бұрыннан келе жатқан педагогикалық білім, білік, дағдылық жүйені,яғни шамадан тыс ақпарат беріп және нәтижеге сүйреп, соңында оқушылардың денсаулығының нашарлауына және уақытын жоғалтуына апарып соғатын жүйені өзгертіп», керісінше қалай оқу керек, қалай ойлау керек, кез –келген туындаған міндеттерді шешу үшін әр тұлға пайдалана алатын жаңа технологияларды үйрету айқындамасын қабылдауға бағдарлайды. (Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасынан келтірілген дәйексөздер)

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала XX ғасырдағы өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық құндылықтарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.

Соңғы үшінші сатымыз – бағдарлы білім беру.

Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.




















Кез – келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің жұмыс нәтижесі мынадай болмақ:


















Мына келесі сызбадан біз нені байқаймыз?

Яғни, бұл жерде мұғалімнің кешегі күнге дейінгі ұстанымдары мен бүгінгі күнгі ұстанымдары салыстырылып көрсетілген. Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық білім беру жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі де белгілі.Сондықтан да оқушының әр түрлі өмірлік жағдайлардан мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдыларын тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу 12 жылдық білім беру табалдырығын аттағалы тұрған мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. 12 жылдық білім беру тыңнан, таза жерден басталғалы отырған жоқ. Мәселе нені не үшін және қандай мақсатпен , қалай оқытатынымызда. Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.Ресейлік ғалымдар тұлғаның өмірдегі өз орнын, өз жолын таңдауда нәтижелі әрекет жасау қабілеті, яғни тұлға  құзырлылығының негізгі белгілерінің бірі ретінде оның сын тұрғысынан ойлай білуін және тиімді шешім қабылдау қабілетін ерекше атап көрсетеді.Білім сатылары бойынша Жаратылыстану бағытында оқытылатын  пәндердің құзыреттілік түрінде күтілетін нәтижелер анықталып беріледі. Жаратылыстану бағытында оқытылатын  пәндерден күтілетін нәтижелер үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.Проблемаларды шешу құзіреттілігі: әр түрлі жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады; өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды, түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдай алады.

Ақпараттық құзыреттілігі:  ақпараттарды сын тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды; өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге; логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады; мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады; ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды



























«Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялык және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялык, тұрғыдан негізделуін керек етеді.

Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.

Білім беру мен тәрбиедегі тағы бір бағдар – бұл «қалай дамыту керек?» деген сұраққа жауап беретін іс-әрекеттік бағдар. Мұның мәні қабілеттер іс-әрекетте байқалып, дамиды дегенді айқындайды. Екі жағдайда да адамның қарқынды дамуы оның қабілеті мен бейімділігіне сәйкес іс-әрекет барысында жүзеге асады. Іскерлік бағдардың маңызды оқыту әдістерінің бірі - зерттеулік әдіс. Осы бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншек қоршаған ортаны әр қырынан зерттей отырып, өз бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс. Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл-зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.

Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.

Қорыта келе, Н.Ә.Назарбаев өзінің  Қазақстан  халқына  жолдаған  Үндеуінде: «Біздің  болашағымыз  білікті  де,  білімді  жастардың  қолында»- деп  атап  көрсеткендей, 12 жылдық оқытудағы басты мақсат-қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру әр ұстаздың басты міндеті екені сөзсіз.

Келешегіміз түгелделмей, бүгінініміз бүтінделмейді. Өткенің дұрысы-өнеге, бұрыны сабақ болмақ.







Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдама

  2. жобасы

  3. 12 жылдық білім журналы 2006 ж №1 «12 жылдық білім беру көшудегі мектеп моделі»

  4. Сыр бойы газеті 2010 ж №173 «Мұғалім – қоғам жүрегінің қантамыры»

  5. Қанатты сөздер «Педагогика және психология» - ғылыми әдісітемелік журнал №1 Алматы 2009ж.

  6. 5. Н. Назарбаев – «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» -  Қазақстан халқына жолдауы 2011ж.

6. Қазақстан білім беру стандарты.

7. Білім туралы заң, 41 бап.

8. 12 жылдық білім  №7, 2006ж.

9. «12 жылдық білім беруге сай мамандықтарды дайындаудың өзекті мәселелері» - А.

Мухамажитов.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
12 жылды? білім беру ж?йесі

Автор: Байтилеуова Айгуль Камбылбаевна

Дата: 10.01.2015

Номер свидетельства: 152624


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства