Ресурстар | «Зат есім» ағашы, тақырыпты суреттер, А3 парағы, постер, маркер, смайликтер, А2 парағына жазылған критерийлер мен дескрипторлар жазылған парақшалар, бағалау парақшалары, К.Әзірбаевтың портреті, музейі, мектебінің суреттері. |
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі Сергіту сәті | Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу Дені саудың - жаны сау Адам денесінің жетілуі оның денсаулығына байланысты. Егер денің сау болсын десең, оны шынықтыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі жақсы болады. Ақыл- ойы да тез дамиды. Сондықтан денсаулықты күту қажет. Бұл үшін дұрыс тамақтанып, тазалықты сауқтау керек. Дене шынықтыру жаттығуларын үзбей жасау керек. «Серпілмелі сауал» әдісі бойынша оқушылардан сұрақ- жауап алу. -Мәтінде не туралы айтылған? -Денсаулықты күту үшін не істеу керек деп ойлайсың? - Тамақтанғанда қандай сыпайы сөздер айтуға болады? -Денсаулықты күтуге байланысты бір-бірімізге тілек айтайық. «Көркем жазу» жарысы. Сыныптағы оқушылардың көркем жазуын салыстырып, қалған оқушыларға үлгі ретінде көрсету, мадақтау. 2-жаттығу. Тазалық- денсаулық кепілі. Денсаулық- байлық негізі. Бір, екі, үш- бойға жинап күш. Төрт, бес, алты- отыр, тұр, шалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он- орныңа қон. Тақтамен жұмыс. 3-жаттығу. 4 оқушыны тақтаға шығарып, өлеңді көшіріп жаздыру. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сыздыру. Ақын, әнші той бастар, Шешен адам сөз бастар. Батырлар бар қол бастар, Көпті көрген жол бастар. Кенен Әзірбаев Галереяға саяхат Кенен Әзірбаевпен таныстыру. Кенен Әзірбаев – 8 мамыр 1884 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. ( 12 сәуір, 1976) - Қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1) Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар станциясындағы №42 орта мектебіне 2)Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген. 3) К.Әзірбаев атындағы көше бар. 4)Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы аталады. Онда Әзірбаев мұражайы жұмыс істейді. Топпен жұмыс: «Құпия сөздер» ойыны. 4-жаттығу Топпен бірлесіп, әріптер мен сандарды пайдаланып, жасырынған сөздерді табу. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құра. А Т Ы М Ш Р С Б Қ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ҮЛГІ: 53436- шымыр 916-қар 437- мыс 516- шар 817- бас 734-сым 81237- батыс 121- ата 81637- барыс 71819- сабақ 81236- батыр 514- шам 43739- мысық 917936-қасқыр | Мағынаны таниды, оқулықпен жұмыс жасайды. Әр топтан 2 оқушыдан мәтінді түсініп, тізбектей оқиды. «Серпілмелі сауал» әдісі бойынша допты лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді. «Көркем жазу» жарысы бойынша 2- жаттығуды көркем жазады. Сергіту сәтіне арналған жинақ 4 оқушыны тақтаға шығады, өлеңді көшіріп жазады. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сызады. Галереяға саяхат жасай отырып, суреттер арқылы К.Әзірбаевтың өмірбаянымен танысады. «Құпия сөздер» ойыны бойынша топпен бірлесіп, әріптер мен сандарды пайдаланып, жасырынған сөздерді табады. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды. |