Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, тұңғыш ғарышкер туралы мағлұмат беру; Дамытушылық:
Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойын, қиялын, зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту; Тәрбиелік:
Оқушыларды ұжымдыққа, достыққа, ғарышкерлерді ұмытпауға, құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақтыңтүрі:аралас сабақ. Сабақтың типі: жаңа материалды игерту. Сабақтың формасы:топтық, жұптық. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау. Көрнекілігі:интерактивтітақта, ойын элементтері, слайд. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу. ә) Оқушыларды түгелдеу. б) Оқу құралдарын дайындау. в) Назарларын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық:
Зеңгір аспанкөгілдір
Алтын күн төрінде
Тамылжытып төгіп тұр.
Шаттық сыйлап көңілге
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр.
Жандарымыз жайдары
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ – жауап арқылы пысықтау. - Мәдіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? - Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде?
-Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ма? - Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? - Көңілденген бұлбұл не істеді?
- Жаңбыр жауып басылғанда табиғатта қандай құбылыс болады? - Кемпірқосақты көргендерің бар ма? - Неше түстен құралған? - Аспанда нелердің дауысы естіледі? (Жәндіктер мен құстардың) - Қандай құстарды білесіңдер?(қаз, торғай, әтеш, сауысқан, бозторғай, қарға, бұлбұл) - Оларды қандай топтарға бөлуге болады?(дала құстары, үй құстары т. б.) - Құстар қалай дыбыстайды?
Қызығушылықтарын ояту: Сабақ бастамас бұрын, топқа бөлініп, ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді. 1. Таңмен көзін ашады. Әлемге нұрын шашады. (күн)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, тұңғыш ғарышкер туралы мағлұмат беру; Дамытушылық:
Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойын, қиялын, зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту; Тәрбиелік:
Оқушыларды ұжымдыққа, достыққа, ғарышкерлерді ұмытпауға, құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақтыңтүрі:аралас сабақ. Сабақтың типі: жаңа материалды игерту. Сабақтың формасы:топтық, жұптық. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау. Көрнекілігі:интерактивтітақта, ойын элементтері, слайд. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу. ә) Оқушыларды түгелдеу. б) Оқу құралдарын дайындау. в) Назарларын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық:
Зеңгір аспанкөгілдір
Алтын күн төрінде
Тамылжытып төгіп тұр.
Шаттық сыйлап көңілге
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр.
Жандарымыз жайдары
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ – жауап арқылы пысықтау. - Мәдіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? - Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде?
-Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ма? - Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? - Көңілденген бұлбұл не істеді?
- Жаңбыр жауып басылғанда табиғатта қандай құбылыс болады? - Кемпірқосақты көргендерің бар ма? - Неше түстен құралған? - Аспанда нелердің дауысы естіледі? (Жәндіктер мен құстардың) - Қандай құстарды білесіңдер?(қаз, торғай, әтеш, сауысқан, бозторғай, қарға, бұлбұл) - Оларды қандай топтарға бөлуге болады?(дала құстары, үй құстары т. б.) - Құстар қалай дыбыстайды?
Қызығушылықтарын ояту: Сабақ бастамас бұрын, топқа бөлініп, ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді. 1. Таңмен көзін ашады. Әлемге нұрын шашады. (күн) 2. Қараңғыда жымыңдай, жанады, Жарық түссе бірден сөніп қалады. (жұлдыз) 3. Әдемі түнде, Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай) Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді. 1-топ Күн
Күн - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун.) планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан, шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.
2-топ Ай
Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз) 3-топ Жұлдыз
Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді. Жаңа сабақ: - Балалар, тақтадағы өрнектердің мәнін тауып, кему ретімен орналастырсақ бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты шығады. Тұң ---------- ғыш ---------- ға ----------- рыш ---------- кер 70*2 -------- 490: 7 -------- 8*5 ---------- 120: 40 ------ 10: 10 «Ой қозғау» - Ендеше, біз бүгін Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін өтеміз. - Тақтаға қарайықшы балалар, Ғарышкер сөзін сөз құрамына талдайықшы. - Сөз құрамы неден тұрады? - Түбір мен қосымшадан. - Ғарышкер қай сөз табы? - Зат есім. - Балалар, Ғарышкер дегеніміз кім? Ғарышкер – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. - Қандай ғарышкерлерді білеміз? - Ғарыш айлағы дегеніміз не? - Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма? - Қалай аталады? - Байқоңыр.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Адам ерте кезден - ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. - Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар? 1 – оқушы. Негізгі ғарышқа жол 1957 жылы 4 – қазанда ашылған. 2 – оқушы. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылады. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар. 3 – оқушы. Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды. 4 – оқушы. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. 5 – оқушы. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. 6 – оқушы. Ғарыш құрал – жабдықтары Жердің табиғи серігі - Айды да зерттей бастады. Автор жайлы мәлімет
Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, саяси және қоғам қайраткеріОлжас Сүлейменов 1936 жылы Алматыда дүниеге келген 1989 жылдан «Семей Невада қозғалысының төрағасы Жазушы, ақын «Арғымақтар» 1961 жылы шықты 2002 жылдан ЮНЕСКО – дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
Оқулықпен жұмыс: Өлеңді сұрақ – жауап арқылы талдау, әңгімелеу. - Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? - Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? - Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтіндігін қалай білген? Қазақ халқының ғарышкерлері туралы әңгімелеу. Т. Әубәкіров туралы мәлімет беру. Байқоңыр ғарышайлағынан 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні қазақтың қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа үшты. Ол сапарынан аман – есен жерге қонды. Талғат Мұсабаев – Алматы облысында дүниеге келген. Ол ең алғаш ғарышқа 1994 жыл ұшты. Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан.
- Өлең кім туралы? - Юрий Алексееич Гагарин туралы. Юрий Гагарин туралы мағлұмат беру (слайд) (Бейнебаян көрсету)
Дәптермен жұмыс: Ю. А. Гагарин – ғарышқа 1961 жылы ұшты. Т. О. Әубәкіров – 1991 жылыұшты. Т. М. Мұсабаев – 1994 жылыұшты. А.Айымбетов -. 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесімен ұшты. Сергіту сәті: «Ғарыш аймағына»саяхат
Жаңа сабақты бекіту: «Бал жинау» ойынын ойнау. Сұрақтары: 1. Өлеңнің авторы кім? 2. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты? 3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? 4. Талғат Мұсабаев туралы не білесің? 5. Қазіргі таңда Байқоңыр ғарышайлағын қай ел меңгеріп жатыр? 6. Ғарышкерлер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың? Жаңа сабақты қорытындылау: - Балалар біз осындай зымыранды қайпәннен жасадық? - Еңбек пәнінен. - Оны жасау сендерге оңай болдыма? - Жоқ. - Әрине жоқ. - Зымыран ұшқанда ауа райы қандай болады? - Ендеше зымыран ұшырудың бізге қандай пайдасы мен зияны бар екенін мына бейнебаяннан тамашалайық. (Бейнебаяннан зымыранның ұшырылуы көрсетіледі)
Үйге тапсырма беру: 1. Өлеңді жаттау. 2. «Ғарышкер болғым келеді» тақырыбына эссе жазу. 3. Ғарышкерлер туралы мәлімет жинау.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.Бағалау оқытуды бағалау,оқуды бағалау.Бұл жерде оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру арқылы саралап бағалау.Қалыптастырушы бағалауды жүргіземін.