kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су. Суды? к?йі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік ма?саты: о?ушыларды  ойын  ж?йелі жина?тап  с?йлеуге  ?йрету. Ауа туралы  ал?ан білімдерін  пысы?тай отырып, та?ырыпты? мазм?нын ме?герту.  Су ж?не суды?  к?йі   суды? адам ?шін ма?ызы  туралы т?сінік ?алыптастыру.

Дамытушылы? ма?саты: топпен ж?мыс істеу да?дысын ?алыптастыру, с?здік ?орын дамыта отырып, айналаны ластаудан ?ор?ау?а ж?не оны ?тымды пайдалану?а баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су. Суды? к?йі. »

Тақырыбы: Су. Судың күйі.

Білімділік мақсаты: оқушыларды ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Ауа туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырыптың мазмұнын меңгерту. Су және судың күйі судың адам үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын дамыта отырып, айналаны ластаудан қорғауға және оны ұтымды пайдалануға баулу.

Тәрбиелік мақсаты: табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру,суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба, түрлі суреттер, оқулық, слайд.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,топтастыру.

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш, Бойға жинап күш.

Дүниетану сабағын бастаймыз, Білімнен біз қашпаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Адам тіршілігіне не қажет?

  2. Адамға ауа не үшін қажет?

  3. Ауаның қандай қасиеттері бар? / түссіз, мөлдір, пішіні жоқ/

  4. Ауа көріне ме?

ІІІ.Жана сабақ.

Ой шақыру.Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын, сол жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Жұмбақ. Дәмі де, иісі де жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ./Су/

Слайд көрсету.

Адам өміріне не қажет? Тірек сызба сызу.

Осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатсақ керек болады?

-Су.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз да суға қатысты екен.

-Су – көптеген өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасы.

Жер бетіндегі жанды табиғаттың бәріне де су қажет.Жер бетіндегі көптеген заттар сұйық, қатты және газ түрінде кездеседі. Ал су осы күйде де болады. Ол-қатты, сұйық және газ күйінде кездесетін ерекше зат. Жер бетіндегі су негізінен сұйық күйінде кездеседі. Ол ағып, әртүрлі ойыстарды, су қоймаларын , жерасты қуыстарын толтырады және топыраққа сіңеді.

Суық кездерде су қатып, қатты күйге айналады.Мұз бен қар – судың қатты күйі. Су сұйық күйден газ түріне де ауыса алады.Бұл судың булануы кезінде болады. Бу – бұл судың газ күйіндегі түрі. Ол- түссіз, мөлдір газ. Бу ауаның құрамына еніп, бұлттар түзеді.

Су сөзіне топтастыру жасау

мөлдір

ағады

Иіссіз

Ағады

Су иісі,дәмі жоқ

түсі жоқ

Пішінсіз

су

су туралы мәлімет беру.

Жұғады

Су туралы тыйым сөздерге тоқталу.

-Су ішкен құдығыңа түкірме;

Судың бетін ашық қалдырма; Түнде суға барма; Суды ластама; Суды үнемде;

3. Практикалық жұмыс.

Түссіз

Топтық тапсырма.

Буға айналады

1- топ су сұйық күйде кездесетінін дәлелдеу.

2- топ су қатты күйде кездесетінін дәлелдеу.

3 -топ су газ күйінде кездесетінін дәлелдеу.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқыту талдау.

Дәптермен жұмыс. Сызбаны толтыру .

Суға байланысты мақал-мәтелдер.

Сулы жер-нулы жер.

Жылап жүріп арық қазсаң, Күліп жүріп су ішерсің.

Сумен ойнама, батарсың, Отпен ойнама, жанарсың.

Бұлақ көрсең көзін аш.

Сергіту сәті: Ал, балалар,біар ауық Дұрыс-бұрысты ұғалық.

Дұрыс болса отырып, Бұрыс болса, тұралық.

Суды жейміз./тұр/

Суды ішеміз./отыр/

Сумен жуынамыз/отыр/

Су қатпайды/тұр/

Су сұйық зат/отыр/

IV. Қорытынды бағалау.Бағдаршам, саусақ арқылы.

1.Су деген не? / біздің ғаламшарымыздағы маңызы зор сұйық зат/

2. Су табиғатта қандай күйде кездеседі ? сұйық, қатты, газ/

3.Су қандай жағдайда сұйық күйден қатты және газ күйіне өзгереді?/суық кезде су қатып, қатты күйге айналады.Су сұйық күйден газ түріне де ауыса алады.Бұл судың булануы кезінде болады/

4.Суды неге ерекше зат дейміз? /су үш күйде болады, ол қатты,сұйық, газ күйінде кездесетін ерекше зат/

5.Мұз бен қар судың қандай күйі?/мұз бен қар –судың қатты күйі/

6.Бу деген не? /Бу- бұл судың газ күйіндегі түрі/

Су туралы өлең оқу.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса,тіршілік тамам, бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын. Көп болған соң ұмытамыз,қадірін.Яғни сусыз тіршілік жоқ.Су бар жерде бау-бақша, орман-тоғай, егін, маңыраған мал бар.Сондықтан қазақ: «Сулы жер-нулы жер»дейді. Суды ішеміз, жуынамыз, сумен ас әзірлейміз,кір жуамыз.Суға адамдар да, жануарлар да шомылады. Су- тазалық пен денсаулық көзі. Суды үнемдеп, таза ұстауымыз керек. Сусыз тіршілік жоқ. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.

V.Үй тапсырмасын беру

Су мәтінін оқып сұрақтарға жауап беру, су туралы сурет салу .


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Су. Суды? к?йі.

Автор: Бекжанова Балиса Сембаевна

Дата: 09.04.2015

Номер свидетельства: 199618

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Аялай біл сен деп со??ан ж?ректі 7 сынып "
    ["seo_title"] => string(47) "aialai-bil-sien-diep-sok-k-an-zhuriekti-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "243345"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445701199"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "к?н астында?ы к?некей ?ыз жобасы"
    ["seo_title"] => string(31) "kunastyndagykuniekieikyzzhobasy"
    ["file_id"] => string(6) "295879"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455885460"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства