kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салт -дәстүр бастауыш сынып оқушыларына арналып жазылған.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Ұлтымыздың асыл мұраларын,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріноқыту мен тәрбиелеу үдерісінде кеңінен пайдалана отырып өмірге көзкарасы қалыптасқан, тілі дамыған,иманды, ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу


Міндеттері:
-Қазақ халқының асыл мұраларын,,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жүйелі түрде баланың бойына сіңіру.
-Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту.
-Әр нәрсені салыстыра отырып,олардың арасындағыайырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу жәнеоларды жинақтап,өз беттерімен қорытынды жасау.
-Оқушылар қазақ әдеби тіл нормасына сай сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып беруге үйрету
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салт -дәстүр бастауыш сынып оқушыларына арналып жазылған.»




Баракова Бибигуль Канатовна, Салт-дәстүр — асыл қазынам

Салт-дәстүр — асыл қазынам

Мақала авторы: Баракова Бибигуль Канатовна
Жұмыс орны: Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 14.08.2017


Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Байғазы ауылы
Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы
Бастауыш сынып мұғалімі Баракова Бибигуль Қанатовна

Авторлық бағдарлама

Салт- дәстүр -асыл қазынам
Бағдарламаның мақсаты:
Ұлтымыздың асыл мұраларын,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріноқыту мен тәрбиелеу үдерісінде кеңінен пайдалана отырып өмірге көзкарасы қалыптасқан, тілі дамыған,иманды, ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу
Міндеттері:
-Қазақ халқының асыл мұраларын, ,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жүйелі түрде баланың бойына сіңіру.
-Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту.
-Әр нәрсені салыстыра отырып,олардың арасындағыайырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу жәнеоларды жинақтап,өз беттерімен қорытынды жасау.
-Оқушылар қазақ әдеби тіл нормасына сай сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жеткізу.
Түсінік хат
Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған,жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз.
Өскелең ұрпақты халқымыздың өткені мен бүгінгісін, оның тарыхын,ұлттық мәдениетін,жақсы дәстүрін танытып,өз өнерін қастерлей білуге баулуда тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізе білуіміздің маңыздылығы ерекше.Қазіргі кезде оқу үдерісінде оқушылардың тілін дамыту басты мәселенің бірі екенін бәрімізге белгілі. Әрине, бұл өте күрделі мәселе.Өйткені егемен реуспубликамыздың бүгінгі күннің талабына сай тіл жағдайы қоғамымыздың маңызды мәселерінің бірі болып табылады.Тіл адам қарым-қатынасының, мәдениетінің аса маңызды құралы.
Қарым-қатынас майданына түскен құралдың икемділігі артын шыңдала береді. Адам тіл арқылы ойын дәл жеткізе алады.Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөзі де,жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерін, шәкірттеріннің осы талапқа сай болуын мақсат етед.
Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады.. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылуда.Бұл ретте үйірме, таңдау пәндерінде жүргізілетін жұмыстардың да маңызы зор.
Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс таңдау пәндері мен үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет –ғұрып, салт- дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздер, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді жиірек,кеңінен қолдансақ:
— Біріншіден оқушылардың ой өрісі кеңейіп, сөздік қорын байытады:
— Екіншіден тіл орамдылығын арттырап өмірге көзкарасын қалыптастырады.
— Үшіншіден балаларды жақсыға жиренуге тәрбиелейді.
— Төртіншіден ұлттық намысын қалыптастырып,отаншылыққа тәрбиелейді.
Ендеше ұсынылып отырған үйірме жұмысы бағдарламасының үлгі жоспарының жас ұрпақты тәрбиелеу барысында мұғалімдерге тигізер пайдасы мол деп есептеймін.
Тіл дамыту
(Үйірме 34 сағат)
2 сынып
1 . Кіріспе. Мақсаты мен міндеттері
Үйірме жұмысының негізгі мақсаты, міндеттері, сабақты өту тәсілдері және оқушының өзіндік жұмыстар мен шығармашылық жұмыс жасау міндері туралы түсінік
2. Балаға ат қою дәстүрі.
Туған балаға азан шақырып, ат қою дәстүрі.Ат қоюға жауапкершілікпен қарау.
3. Бесік жыры
Нәрестеге анраналған қазақтың бесік жырының тәрбиелік мәнін айту.Бесік жырын жаттау.
4 Жеті атаны білу.
Жеті атаны білу міндетті. Жеті және он атаның атаулары: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек немене, туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат.
5.Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрлері:
Қыз баланыың абыройы, ұл баланың намысы. Осы туралы мақал-мәтелдер. Өлең жинақтар, жырлар. Олардың болашақтағы міндеттері.
6, Тыйым сөздер
Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі ырымдар мен тыйым сөздер екенін түсіндіру.
7. Туыстық атаулары
Қазақтар жігіттің үш жұрты бар деп есептеген. Өз жұрты бойынша баба, ата, әже, әке, шеше, апа,көке, тәте, әпке, қарындас, жеңге, келін, абысын, жезде күйеу, сіңлі, бөле, балдырған, немере, шөбере, шөпшек және қайын жұрты бойынша атаулар туралы түсінік.
8 Шығарма.
Өтілген тақырыптарға байланысты алынған тақырып бойынша оқушыларға шығарма жазғызу.
9-10. Киіз үй- қазақтың негізгі баспанасы.
Киіз үйдің түрлері:
1. Тұрғын киіз үйлер, отау немесе ақ отау
2. Мереке жиынға, қонақ күтуге арналған киіз үйлер
3. Жорық кезінде тігілетін киіз үйлер
4. Салтанатты киіз үйлер: ақ үй, ақ орда, боз үй
5. Асхана- қойма, сарай ретінде тігілетін үйлер
Қабырғаларына қарай киіз үйлер 4,6,8,12 қанатты болатыны, кейде ол 32 –ге дейін жететіні жайлы мағлумат беру және қазақ үйдің құрылысымен таныстыру
11. Қазақтың үй жиһаздары.
Абажа, абдыра, ағаш төсек, адалбақан, алаша, асадал, аяққап, бөгіре, бөстек,дастархан, дорба, жастық, жазы,жағылан, жұқяақ, жастығаш, кебеже,киіз, көрпе, құс төсек, сандық, сырмақ, текемет, түскиіз, кілем, қоржын туралы түсінік беру.
12.Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қазақтың еттен,сүттен жасалатын тағам түрлері, қымыздың түрлері, ұн және дақылдардан жасалатын тағамдар, дәм түрлері жайлы білім қалыптастыру.
14. Қазақтың ыдыс-аяқ түрлері
Күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқ , қымыз ішетін ыдыстүрлері туралы түсінік беру және жасалу жолдарымен таныстыру.
15. Қазақтың ұлттық киімдері
Ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, ерлердің сырт киімдері, әйелдердің сырт киімдері, көйлектер және аяқ киімдер түрлері.
16-17. Ұлттық ойын түрлері.
Қазақтың ұлттық ойындары және дәстүрлі дене шынықтыру түрлері. Асықтың түрлері және түсуіне байланысты атаулар.
18. Қазақтың аңшылық өнері
Аң аулау тәсілдері. Құсбегілік өнер немесе саяткерлік. Бүркіт бүркітпен аң аулау тәсілдері.Бүркіттің жасына қарай атаулары,Бүркітті баптауға қолданылатын құрал-жабдықтары..
19.Шешендік сөздер
Үш жүздің атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билері және олардың шешендік сөздері. Шешендік сөздер тақырыбына қойылымдар. Қою.
20 . Бата оның түрлері
Бата дастархан басында, түрлі жиын тойларда,адам өмірінде кездесетін ірілі-ұсақты қуаныштарда, жорыққа аттанарда, сапарға шығарда көшіп қону кезінде, қонақ болғанда, шешендік пен ақындыққа сәт сапар тілеуде бата беру қазақ халқының салт- дәстүрінде ежелден келе жатқан рухани қазына, көне дәстүр.
Бөзіндік қисыны болады және айтылатын орны бар. Қазақтың ақ батасы қашан да адамды адамгершілікке, имандылыққа, сабыр мен парасатқа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке баулыған.
21-22. Мақал –мәтелдер
Отан, туған жер, атамекен, еңбек туралы ,ерлік, батырлық жайында,бірлік, достық,жолдастық туралы, ағайын-туыстық, егіншілік жайында, өнер,білі,оқу, ғылым туралы, адамгершілік жайындағы тақырыптарға байланысты және т. б мақал-мәтелдерді оқу, талдау жасау, жаттау және жинақтау.
23. Жаңылтпаштар
Бұл бір жағы ойын туралы, екіншіден жас баланың тілін жетілдіру үшін айтылады. Жаңылтпаштың шарты бір адам оны айтады да оны тез арада аудыртпай қайталайды.
Айта алмаған адам жеңілген болып есептеліп оған айып тағылады.
25. Саз аспаптары
Қазақтар саз өнеріне шебер, саз аспаптарына бай халықтардың бірі. Сондықтан да ертеректе домбыра алып, ән сала білмеген адамдар қазақтар арасында өте сирек кездесетін.
Қазақтың саз өнері ән, күй, жыр, терме ,би болған. Саз аспаптары ойналу түрлеріне қарай мынадай түрге бөлінген:
1. Үрлеп ойналатында.
2. Шертіп ойналатындар
3. Қияқпен ойналатындар
4. Ұрып ойналатындар
5. Сілкіп ойналатындар
26. Қазақтың сал-серілік дәстүрлері
Қазақтың атақты сал-серілер: Біржан сал, Акан сері, Сегіз сері, Жетісулық Дәурен сал және басқа серілер туралы мағлұмат беру.. Олардың мініп жүрген аттары және бойындағы өнерлері жайлы айту.
27. Қолөнер түрлері
Қазақтың қолөнер кәсібі.Ағаштан жасалатын бұйым түрлері, бесіктің түрлері, жүннен жасалатын бұйымдар, металдан жасалатын бұйымдар, ою-өрнек түрлері және олардың атаулары.
28. Төрт түлік.
Малдардың түрлері мен пірлері, олардың өнімдері, жасына қарай атаулары, төрт түлік малды шақыру және қайыру тәсілдері.Төрт түлікке байланысты шығарылған өлең, жырларды оқу,жаттау.
29-30Қазақтың байырғы өлшемдері
Сайсақпен, қолмен, аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері.Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері. Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері. Қашықтық,тереңдік,ауырлық,аудан,көлем өлшемдері.Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері және азық-түлік мөлшеріне байланысты өлшемдер.
31. Ауа райын болжау әдістері.
Қазақтар ауа райын келешекте қандай болатынын Айдың туысына қарап болжаған.Күн мен айдың құлақтануы,жұлдыздардың жымыңдауы да ауа райының өзгеретінін білдіреді. Сондай-ақ ауа райын үй жануарлары мен түз хайуанаттарының,құстардың қылығына қарап та анықтаған.
32. Батырлар жыры. Алпамыс батыр.
Батырлық жырлардың халық ауыз әбебиетінің ертеден келе жатқан көне түрі екені, оларда халықтың Отанын сүйетін,басқыншы жаудан елін, жерін қорғайтын батырларды аңсаған арманы айтылатыны, олардың тарихы-әлеуметтік оқиғамен байланысты туып дамығаны жөнінде мағлумат беру
«Алпамыс» жырының мазмұнына қысқаша түсінік беру.Үзінді оқу,негізгі ойды анықтау
33. Ертегілер елінде.
Қазақ халқының ертегілерін оқу, мазмұндау, кейіпкерлеріне мінездеме беру және оқыған ертегілерін сахналап көрсету.
34 Қорытынды сабақ.
Жыл бойы істелінген жұмыстарға талдау жасау, қорытындысын шығару

Қолданылған әдебиеттер:
1.З.З. Әсемжанова Бастауыш сыныптарда тіл сабақтарын оқытуға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы 2009
2.Жақыпбекұлы Мәкетай «Атамұра»Алматы қаласы 20002ж
3.С. Хуатай «Қазағымның дәстүрлері -ай» Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010 №11
4.Р. Жалғасбаев «Салтым-асыл қазынам» Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010 №10
5.З.З. Әсемжанова Бастауыш сыныптардағы қосымша сабақтардың үлгі жоспарлары. Алматы 2011

















Салт-дәстүр үйірмесінің тақырыптық күнтізбелік жоспары

2-сынып 34 сағат

Реті

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Кіріспе




2

Балаға ат қою дәстүрі




3

Бесік жыры




4

Жеті атаны білу




5

Қыз баланы тәрбиелеу түрлері




6

Тыйым сөздер




7

Туыстық атаулары




8

Шығарма




9

. Киіз үй- қазақтың негізгі баспанасы.




10

. Киіз үй- қазақтың негізгі баспанасы.




11

Қазақ үй жиһаздары




12

Қазақтың ұлттық тағамдары




13

Қазақтың ыдыс –аяқ түрлері




14

Қазақтың қлттық киімдері




15

Ұлттық ойын түрлері




16

Ұлттық ойын түрлкрі




17

Қазақтың аңшылық өнері




18

Шешендік сөздер




19

Бата,оның түрлері




20

Мақал-мәтелдер




21

Мақал мәтелдер




22

Жаңылтпаштар




23

Жаңылтпаштар




24

Сөз аспаптары




25

Қазақтың сал –серілік дәстүрлері




26

Қазақтың сал-серілік дәстүрлері




27

Қол өнер түрлері




28

Төрт түлік




29

Қазақтың байырғы өлшемдері




30

Қазақтың байырғы өлшемдері




31

Ауа райын болжау әдісі




32

Батырлар жыры.Алпамыс батыр




33

Ертегілер елінде




34

Қорытынды сабақ















Бағдарламаның мақсаты:
Ұлтымыздың асыл мұраларын,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріноқыту мен тәрбиелеу үдерісінде кеңінен пайдалана отырып өмірге көзкарасы қалыптасқан, тілі дамыған,иманды, ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу


Міндеттері:
-Қазақ халқының асыл мұраларын, ,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жүйелі түрде баланың бойына сіңіру.
-Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту.
-Әр нәрсені салыстыра отырып,олардың арасындағыайырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу жәнеоларды жинақтап,өз беттерімен қорытынды жасау.
-Оқушылар қазақ әдеби тіл нормасына сай сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып беруге үйрету




































Түсінік хат
Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған,жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз.
Өскелең ұрпақты халқымыздың өткені мен бүгінгісін, оның тарыхын,ұлттық мәдениетін,жақсы дәстүрін танытып,өз өнерін қастерлей білуге баулуда тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізе білуіміздің маңыздылығы ерекше.Қазіргі кезде оқу үдерісінде оқушылардың тілін дамыту басты мәселенің бірі екенін бәрімізге белгілі. Әрине, бұл өте күрделі мәселе.Өйткені егемен реуспубликамыздың бүгінгі күннің талабына сай тіл жағдайы қоғамымыздың маңызды мәселерінің бірі болып табылады.Тіл адам қарым-қатынасының, мәдениетінің аса маңызды құралы.
Қарым-қатынас майданына түскен құралдың икемділігі артын шыңдала береді. Адам тіл арқылы ойын дәл жеткізе алады.Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөзі де,жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерін, шәкірттеріннің осы талапқа сай болуын мақсат етед.
Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады.. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылуда.Бұл ретте үйірме, таңдау пәндерінде жүргізілетін жұмыстардың да маңызы зор.
Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс таңдау пәндері мен үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет –ғұрып, салт- дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздер, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді жиірек,кеңінен қолдансақ:
— Біріншіден оқушылардың ой өрісі кеңейіп, сөздік қорын байытады:




























Қолданылған әдебиеттер:


1.З.З. Әсемжанова Бастауыш сыныптарда тіл сабақтарын оқытуға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы 2009
2.Жақыпбекұлы Мәкетай «Атамұра»Алматы қаласы 20002ж
3.С. Хуатай «Қазағымның дәстүрлері -ай» Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010 №11
4.Р. Жалғасбаев «Салтым-асыл қазынам» Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010 №10
5.З.З. Әсемжанова Бастауыш сыныптардағы қосымша сабақтардың үлгі жоспарлары. Алматы 2011













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Салт -дәстүр бастауыш сынып оқушыларына арналып жазылған.

Автор: Баймухамбетова Риза Камешовна

Дата: 12.11.2018

Номер свидетельства: 485264

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(41) "avtorlyk-bag-darlama-tug-an-olkie-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "209762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431282678"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства