|   Ынталандыру. Сезімді ояту.   |    Шаттық шеңбері.  -Балалар,бір-бірімізге күлкі сыйлайық,жүрекке жылы сөздер білдірейік.      -Жарайсыңдар!      1.Кіріспе бөлім.      -Біздің еліміз қалай аталады?  -Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?       |    Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Бір-біріне күлкі сыйлайды,жылы сөздер айтады.   |  
  |   Ұйымдастыру кезеңі   |    2. Негізгі бөлім.      а) Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.      Болашаққа бастаған,  Шарықтайды асқақ ән.  Елордасы Отанның,  Мақтанышым –Астанам.      -Өлеңде не туралы айтылған?  -Кім Астанаға барды?  -Қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?      ә)Астана туралы мәлімет беру.      Елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын көрсетіп,оларға қысқышы мәлімет беру.      -Сулы жасыл бульвар-Астана орталығы жаңа көше.  -Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.  -Бәйтерек-Астананың басты белгісі.  -Тәуелсіздік Сарайы- мемлекеттік ресми іс-шараларды,форумдарды,мәжілістерді,кездесулерді өткізу орны.  -Парламаент үйі-Өкімет үйі.  -Бейбітшілік пен келісім сарайы  -Хан Шатыры-Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.  -Мұхит аралы-мұхит жануарларын көретін орын.      -Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласы.  1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы депжариялау» туралы жарлыққа қол қойды..........  1998жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті.......      -Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады.      б)Астана,көшелері,үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып,сөйлем құрату.   Сергіту сәті      в) «Ойлан,тап» д\о    шарты:А,С,Т,А,Н,А дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.  А-ана,алма,....  С-су, сан,....  Т-таң,тамаша,.....  А-асыл,ата,...  Н-нан,нар,.....  А-апа,алқа,.....           |                        Балалар қайталайды.                  Сұрақтарға жауап береді.                                      Балалар мұқият тыңдайды.                                                                                                          Ойынға барлығы қызығушылықпен қатысады.   |