Просмотр содержимого документа
«Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов;»
Сабақ жоспары
Оқу ісінің меңгерушісі:_______
Әдебиеттік оқу. 4 «Ж»сынып. Мерзімі:4.09.13ж
Ca6aқтың такырыбы: Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов;
Сабақтың мақсаты:
1. Аңыз мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.
2. Кейпкерлердің сөйлеу ерекшелігін талдату арқылы бейнесін ашып, оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
3. Жер, ел деген касиетті ұғымды қастерлеуге, Отанды қорғау ата- бабаларымыздьң улы ici болғанын сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: құстар cypeтi, қосымша газет материалдары, тақта, маркер, бор, т.т.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын пысықтау.
І. Қызығушылықты ояту.
1. Жұмыс. Босторғай, көкек, қарлығаш, суреттерін тақтаға ілу немесе интерактивті тақтадан көрсету. Осы құстар топтарына бөлiніп отыру.
Әр топ өз аттарына сай құстары дауысына салып дыбыстап көру (кезекпен).
Ең жақсы білетіндерің көкек екен ғой! – деп таңданыс білдіру.
Балалар көкек туралы тағы не білеміз?
Оқушыларды тыңдап қорытындылау.
Балалардың сөздеріне мән беру.
Өтілетін тақырыптан оқушылар білмейтін деректер бойынша сабақтағы жұмыстарды қалай ұйымдастырар едіңіз? Ол үшін «Атша көкек» мәтіннімен таныспастан бұрын оқушылар мынандай дайын тұжырымдарды оқиды.
«Дұрыс - бұрыс тұжырымдар кестесі»
Тұжырымдар
Дейін
Кейін
Мәтінді оқу
Көкек қарлығаш сияқты мамырда ұшып келеді.
Көкекті аңыздарда мадақтаған.
Көкекке арнап ән шығарған.
4.
5.
6.
Ескерту. Кесте артық бөлімдермен сызылуы керек. Барлық оқушыларға алдын ала таратылады.
Осы тұжырымдар бойынша «Дұрыс-бұрыс тұжырымдар» кестесімен жұмыс жасау.
' Егер оқушы кестедегң тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «Дейн»бөліміне .«+» танбасын, ал егер келіспесе, «-» танбасын қояды.
II. Мағынаны тану.
Ал көкек туралы білгілерің келсе, оқулыкта берілген «Атша көкек» деген аңызбен танысалық.
1-жумыс Әр топ мітіннің басынан бастап, «... Қарындасы бойжеткен қыз болды» деген сөйлемді қоса аяқтап оқу.
Окушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында, мұгалім кестедегі тұжырымдарға мәтін мазмұны бойынша баға беруді (бул. жердеniкipiн айту) және кестснің, «Кейін» бөлігін толтыруды сұрайды.
Бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады.
Сұрақтар:
«Ат жоқ, көке!» - деп жігіттің қарындасы неше рет айтты?
Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің
Аңыз ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар. «Болжау»
Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін.
ІІІ. Ой толғау.
Оқушыларға мұғалімнің рөліне еніп, мәтін бойынша тұжырымдар жазу тапсырылады. КЕстенің ашық бөліктері пайдаланылады. Ол үшін бала мәтінге қайта үңәлетді. Мәтін қысқа, түсінікті оқуға жеңіл болғандықтан, бала үшін қызық болады. Бұл әдіс-тәсілді қолдану келесі бір сабақта бұдан да сәтті жүреді. Мысалы
Көкек те өз жерін сүйеді.
Ағайынды адамдар бір-бірін кешіреді.
Жігітті те ауызынан шыққан сөзіне өкінеді.
Үйге тапсырма:
Оқиғаның осылай аянышты аяқталуы көңілсіздік тудыратындықтан, балалардың батыр жігіттің қарындасын құтқаруға сендердің көмектескілерің келе ме деп сұрап, аңыздың жақсылықпен аяқталуына тапсырма беріледі. Ол үшін үйде қызды құтқару туралы аңызды аяқтап жазып келу.