Қысқа мерзімді сабақ жоспары |
Сабақтың тақырыбы: | Ии дыбысы мен әрпі. |
Жалпы мақсаты: | Балаларды Ии әрпімен, оның баспа және жазба түрімен таныстыру. Құрамында Ии дыбысы бар сөздерді талдау және дұрыс дыбыстауға, буындап оқуға, и дыбысынан келетін сөздерді айтуға және жаза білуге дағдыландыру. |
Оқу нәтижелері: | Балалар Ии дыбысымен танысады,оны жаза білуге,сөздерді оқуға үйренеді, өз ойын ашық айтуға, топпен бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады. |
Қолданыла-тын әдістер: | Топтастыру, топтық жұмыс, суретпен жұмыс,сәйкестендіру тесті,кері байланыс |
Сабақтың ресурстары: | Слайд,интербелсенді тақта,кеспе қағаздар,оқулық,көңілді күлегештер,суреттер. |
Сабақ кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
І.Ұйымдас-тыру

Топқа бөлу | Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. Балалар, ортаға шығып шеңбер құрып тұрайық және мына өлең жолдарын айтайық. Психологиялық дайындық: Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге. -Өте жақсы, балалар, үнемі шаршамай, талмай еңбектене беріңдер, еңбектену-дің арқасында жақсы бағаларға қол жеткізіңдер! Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу. -Алдымен сабағымызды бастамас бұрын сыныпты топқа бөліп алайық -Балалар мұнда әр түрлі суреттер жатыр.Қане бір-бір парақшадан ала қояйықшы.Суреті бірдей оқушылар бір топты құрайды.Ал,балалар қолымыздағы ненің суреттері екен? Міне,балалар әр топтың аты да белгілі болды. -Балалар, міне топқа бөліндік, ал енді осы топта бәріміз бірге ақылдаса, ынтымақтаса жұмыс жасау үшін топ ережесін еске түсіріп жіберейікші. -Әр топтан бір көшбасшыны топ мүшелерімен бірге сайлап, бағалау парағын таратамын. | Ортаға шы-ғып, шеңбер болып тұрады. Оқушылар іс-қимылдар ар-қылы қайталап айтады. Қорапшадағы суреттерден алады. Ретімен тұрып топтың атын шығарады. -Алма тобы -алмұрт тобы -өрік тобы -шие тобы | Интербел-сенді тақта.
Алма, алмұрт, өрік, шиенің суреттері
|
Үй тапсырмасын тексеру | «Адасқан сөздер» ойыны. -Балалар,үйге қандай тапсырма берілді? Олай болса,балалар, әр топқа парақшалар таратамын.Мәтіндегі сөздердің орындары ауысып кеткен екен,қане адасқан сөздерді өз орындарына қояйықшы.Мәтінді барлық топқа оқытып шығамын. -Өте жақсы балалар,осы Б дыбысынан келетін тағы қандай сөздер білесіңдер? -Олай болса, «Сөз ойла,тез ойла» ойынын ойнап жіберейікші. | Орны ауысқан сөздерді орнына қойып,үйге берілген мәтінді оқиды. Балалар Б дыбысынан келетін сөздер айтады. | Оқулық |
Тұсаукесер. Қызығушы-лықты ояту. | Балалар, бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар жасаймыз, яғни тапсырмаларды топпен бірге ақылдаса отырып,ортақ бір шешімге келіп өз ойымызды басқа топтағыларға білдіреміз. -Балаларға тақырыпты ашу үшін төрт топқа әртүрлі суреттер таратамын. Суреттегі заттардың атын айтыңдаршы қандай заттар көріп тұрсыңдар? Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамын. Иә, балалар суреттерде қандай сөз жасырынған екен? -Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ии дыбысы мен әрпі екен. | Топпен ақылдасып, суреттегі заттың атын айтады. Оқушылар жаңа сабақ-тың тақыры-бымен таныса-ды. -Ине -Инелік -Ит -Илеу | Суреттер, Интербел-сенді тақта |
ІІ Мағынаны тану | Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып,балаларға Ии дыбысы туралы түсінік беремін. | Ии дыбысы туралы түсінік қалыптастыра-ды. | Интер. тақта |
Оқулықпен жұмыс | -Балалар, сөздерді буындап оқып үйренейік. -И,ки,жи, ти -И-не,ки-ім,жи-ын,ти-ін, ти-ын | И әрпін буындап оқуға үйренеді. | Оқулық |
Мәтінмен жұмыс | -Ал балалар,буындап оқуды үйреніп алдыңдар,енді «Әжесі мен немересі» мәтінін тізбектеп оқып жіберейікші. | Барлық балалар мәтінді кезегі-мен тізбектеп оқып шығады. | Оқулық |
Сиқырлы сөзмоншақ. | Балалар,мұнда сөзмоншақта әріптер жазулы тұр екен.Қане кім табады қандай сөз шығады?Сиқырлы сөзмоншақтағы сөздерді оқып көрейікші. | Сөзмоншақта жасырынған сөзді тауып, оқып береді. -Ине, етік, кимешек сөздері | Интер. тақта
|
Дәптермен жұмыс. | Ии дыбысының жазылу ерекшелігін интербелсенді тақтадан көрсетемін. -Балалар,И дыбысының қалай жазылатынын мұқият көріп алыңдар. -Олай болса, И әріпін көркем етіп дәптерге жазамыз. | Ии дыбысының жазылу ерекшелігін көреді. Дәптерге жазады. | Интер. тақта Дәптер |
Сергіту сәті | Ал,балалар сабағымызды ары қарай көңілді, әрі қызықты етіп жалғастыру үшін сергіту жаттығуын жасап алайық | Мұғаліммен бірге қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды. | Интер. тақта |
Топтық тапсырма | Сәйкестендіру тесті. -Балалар,мына суреттегі киімдердің атын тауып,сәйкестендіріп сызайықшы. | Киімдер мен атауын сызық-шамен қосып, сәйкестендіреді | Үлестірме |
ІҮ. Ой толғаныс. Ойнайық та, ойлайық | Балалар, мұнда киімдердің аты толық жазылмай қалыпты.Қане кандай киімнің аты жазылмай қалыпты,жазып жіберіңдерші. Топтарға үлестірмелі парақшалар таратамын. | Топпен ақыл-даса келе,өз ой-ларын жазады. | Үлестірме |
Тақтамен жұмыс | Дұрысын тап. Тақтаға оқушыларды шығарамын. Қағаз қиықшаларындағы сөздердің керекті әріпін тауып, жазады. | Оқушылар тақтаға шығып, сөздердің керекті әріпін тауып жазады. | Тақта,бор |
«Рефлексия-лық-бағалау»кезеңі | Балаларға көңілді күлегештер таратып беріп қоямын. -Қане балалар, алдымызда жатқан күлегештермен өзімізді бағалап жіберейікші.Сабақты қаншалықты түсінгеніңді білдіру үшін күлегештердің көңіл күйіне қарап көтереміз. | Оқушылар берілген күлегештің суреттерімен өз – өздерін бағалайды. | Күлегеш-тердің суреттері. |
Бағалау. | Оқушыларды мадақтау. | | |
Үйг тапсырма | Мәтінді оқу,И дыбысын жазу. | Үй тапсырма-сын жазып алады. | Оқулық |