kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жыл басы - Наурыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жыл басы - Наурыз!" атты ертеңгілік кеш. 1 в класс оқушыларының ұйымдастыруымен өткен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жыл басы - Наурыз!"»

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Абсаттар ағайға беріледі.
ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.
2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

1 - жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «»
1 - жүргізуші: Жылан жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән:
2 - жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –
1 - жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Бейсен апай ән салып – дей келе келесі әнді әжелердің орындауында тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: - Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 - жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.
2 - жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас - кәріміз,
Ән салайық бәріміз
Ән: «»
І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.
ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
ІІ жүргізуші:
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!





















Сабқтң тақырыбы: «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Халықтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын үйрете отырып,Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Дамытушылық:.Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін,оның тарихын,өнерін,мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту,сөйлеу шеберлігін жетілдіру,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,сахналау өнеріне баулу.

Тәрбиелік:Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып,қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын,нақыл сөздерін қастерлей отырып,балаларға ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру,оқушылардың наурыз тақырыбына арнап салған суреттері,нақыл сөздер, ұлттық тағам түрлері,құрақ көрпе, мақал-мәтелдер,қабырға газеті.

Тәрбие сағатының жоспары:

1. Кіріспе

- Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.

2. Негізгі бөлім

  • Оқушылардың әдеби монтажы

  • Көрініс «Күн мен түн»

  • Қожанасыр мен Алдар көсенің қонаққа келуі

  • Қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесер»

3. Қорытынды бөлімі

  • Көрініс «Ас атасы-нан»

  • Наурыз көже

Тәрбие сағатының барысы: Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп,көктем келеді.Тіршілік басталады.Ол-тіршілік арқауы-тамақ.Малдың қыстан аман шығуы,оның өсіп-өніп төлдеуі.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам-жаңа жыл болып саналған.Жыл басы-Наурыз халқымыздың салтында ойын-күлкінің көркі мен сәні Қожанасыр, Алдар көсе болған.Міне енді,сол ауылда болып жатқан «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1-оқушы: О,жарандар,жарандар, Бәрің мұнда қараңдар. Наурыз той басталды, Текке қарап тұрмаңдар. 2-оқушы: Әуелесін армандар, Үміті от боп жанғандар. Бақ дарып, Қызыр қарасын, Мерекеден қалмаңдар. 3-оқушы: О,жарандар,жараңдар, Тамашадан қалмаңдар, Құс қанатты көңілмен, Жер әлемді шарлаңдар.

4-оқушы: Оятып шың мен асқарды, Ерітіп мұз бен ақ қарды Нұрландырған даланы, Наурыз көктем басталды.

Бәрі бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт-береке әкелсін! 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,қонақтар,ата-аналар! Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамы құтты болсын Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,өмірге нұр сыйлаған,халық қастерлейтін күн.

2-жүргізуші: Уа,халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні.Ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі.Қар еріп,жер жүзі көктеп,көгеріп,тіршілік атаулыға жан бітіп,жасаратын шақ.Бұл ата-бабаларымыз үй-үйді аралап,Наурыз көжеден дәм тататын күн.

1-жүргізуші: «Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!Ұлыс бақты болсын,төрт түлік ақты болсын» десіп,өткенге салауат айтып,келер күннен береке тілеп,ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн-Наурыз мерекесі құтты болсын,ағайын!

2-жүргізуші: Кел,балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық-демекші,бүгінгі 3 «Ә» сыныбында өткелі отырған«Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» атты мерекелік думанға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: 22-наурыз-аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп,күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.

Шашу,шашу шашайық,

Ән-думанға басайық.

Наурыз келді далама,

Жаңа жыл келді ауылыма (шашу шашылады)

Шашу шаштық болсын деп аман халқым,

Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.

Шашуды тер, мол болсын деп несібелі

Келер жылға жетсек деп аман-есен.

2-жүргізуші:

Бұл әлемде мереке көп,

Қуанышты ,әдемі!

Ал біз үшін ең жақсысы

Қымбатты Наурыз мейрамы!

1-жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз жырлағандай ортаға әнші қызымыз Утепберген Динараның орындауында «Дастархан» әнін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: Ал,халайық т ұрмайық,

Әндетейік,шырқайық

Дөңгелесін бишілер,

Ортамызды ашайық.Енді тамашалайтындарыңыз « Қазақ биі » Қол соғып,қошеметпен қарсы алыңыздар.

5-оқушы:

Наурызым міне келді жайраңдаған,

Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған

Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,

Көктемнің бұл күніне қайран қалам.(Наурыз кіріп келеді)

Наурыз: Сәлем-анам алтын Күн

Сәлем қарты халқымның Уақытыма риза боп Бақытыма шалқыдым.

6-оқушы:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы –салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

2-жүргізуші: Көрініс Күн мен түн. (Күн мен түн ортаға шығады.)

Күн: Сәулесі мол Күнмін.

Түн: Жұлдызы көп Түнмін.

Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз бүгін біз.

Түн: Ал ертең, күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек бірақ.

7-оқушы:

Сәнді көктем-наурыз,

Наурыз тойы жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Құлпырсын Күн мен Ай,

Құтты болсын Наурыз той!

Мұғалім сөзі: Балалар,ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен,кәне,соны көрейік.(Ортаға Арман,Аян,Қали,Диербек шығады)

8-оқушы: Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда болса,жол болсын.

9-оқушы: Ұлыс береке болсын,

Бәле-жала жерге енсін.

10-оқушы: Ұлыс бақытты болсын,

Төрт түлігің ақты болсын.

11-оқушы: Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім-өнер серік болсын!

(Залға бірін-бірі итеріп қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады)

Қожанасыр: Ассалаумағалейкум,халық!Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті.Қайда жүр екен,ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.

Алдар көсе: Ей,Қожеке,не болды сонша айқайлап.Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.

Қожанасыр: Әкел шапанымды.Бер деймін шапанымды.

Алдар көсе: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.

Қожанасыр: Татулассақ татуласайық.Тойға құтты болсын айтайық.

Арайы бар даланың,

Амансың ба,Жаңа күн.

Сәлем,халқым, тірегім,

Сендермен бірге жүрегім,

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Алдар көсе:

Сәлем Наурыз күніміз.

Мейман парқын біліңіз.

Қыруар істі бастаймыз,

Қуанышты үніміз.!

Қайтқан емес толайым,

Алдарыңа келіп тұрмын,

Айналайын,ағайын.

Мұғалім сөзі: Ұлттық дәстүріміз бойынша қалада болсын,далада болсын әр ұйым,өз наурыз салтанатын көрсетіп,ойын сауықтарын жасайды.Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған.Кәне,кім қандай ұлттық ойындар біледі? (қыз қуу, теңге алу, аударыспақ,көкпар,асық ойыны,күрес т.б.) Олай болса, біз де бүгінгі тойымызда осы ойындарды ойнап көрейікші.

  1. «Қыз қуу» Мақал-мәтел сайысы.

  2. «Күш сынасу» (білектесу)

1-жүргізуші: Бүгін шаттық,бүгін той, Жаңғырған дәстүр жарқын ой. Қыздырған Наурыз мейрамы, Жиналған жастар сауық қой – деп ортаға Доксабинов Абылайдың орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Тәуелсіз биік халқымның,

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме,

Жер –Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның,

Күзелсін бұлақ жағасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз-жыл басы!- дей келе «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

12-оқушы:

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер.

Наурызың құтты болсын-апа-әкелер!

Наурызың құтты болсын-ата-әжелер!

1-жүргізуші: «Тұсауыңды кесейін,күрмеуіңді шешейін»-деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, әрі ырым, тұсау кесер көрінісін тамашалаңыздар. Күлгенің де той сенің, Жүргенің де той сенің. Қызықтасын халайық, Тұсау кескен бұл күнің Есте қалсын, жарқыным. 2-жүргізуші:Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы ішегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы ішек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Бүгінгі күні Сара әже өзінің немересі Аянның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші. Сара әже:Алғашқы немерем Аянжан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйлы, ардақты ана, сүйікті әже, Айнұр құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін. Ал, келін балам, кішкентай Аянжанды ортаға әкеліп, Айнұр әжесіне табыс ет. (Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.) Келін бала: (баланы ертіп келе жатып айтатын өлеңі:) Тәй-тәй балам, тәй балам, Шақырып тұр айналаң, Жүруге алғаш талпындық Құтақандай жан балам, Қаз-қаз тұрып талпындың, Қуантасың, күлесің. Аман болсаң аз-ақ күнде Алшаң басып жүресің. Айнұр әже: Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа. Бөпеміз қаз тұрыпты, Алға қадам басуға, Тәй-тәй болып жүріпті, Асулардан асуға. Маған тұсау кестіріп, Жатқандардан бұйрық сол; Мені жүйрік депті жұрт Менен асқан жүйрік бол.(Айнұр әже қолына ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен тұсайын Аянжанның аяғын Тұсау жібін кесейін Жасап баба ырымын. Сағат сайын есейіп, Шапқыласын құлыным Аяқтары талмасын Айналайын, алтыным.(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

Қаз-қаз бала, қаз балам. Қадам бассаң мәз болам. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың. Алға қарай баса бер, Асулардан аса бер.(Аянжанды жетектеп жүргізеді.) Сара әже: Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап Әлдиді алға бастаңдар. Шошытпаңдар, айқайлап, Жалғыз тастап қашпаңдар. Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар Із қалдырсын соңына, Алдын кең ғып ашыңдар!( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.) Мерейлі: Сара әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.Ән: Қазақы дастархан Сара әже: Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын. (Бата берілуі): Құлыным үлкен жігіт болсын! Ата-анасына қызық болсын Жақсылармен қатар болсын, Жамандармен қатал болсын, Ата-дәстүр байлығын жалғастырар, Берік бұтақ болсын. Наурыздарың құтты болсын! Ұлыс береке әкелсін Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын Осы тойды қызықтаған Баршаңызда той болсын!

13-оқушы:

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгенде жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызым құтты болсын қазақ елі.

14-оқушы:

Той дегенде қазақтың жаны кірер,

Бағаңды жас білмесе,кәрі білер.

Наурызың құтты болсын нар ағалар,

Наурызың құтты болсын,бар інілер.

15-оқушы:

Жасай берсін жаңа күн,

Туа берсін жаңа нұр!

Дүр сілкінсін дала бір.

Құтты болсын Наурыз тойы,

Құтты болсын жаңа жыл. 1-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні, жаңа жалда наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қызыр баба аралайды екен. Қызыр баба: Ал, балапандарым.Жарайсыңдар, «Атаның сөзі-ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін. (Бата) Уағалейкумассалам! Кең пейілді қазақ елім! Кемелденген ғажап елім! Ұлыс күні құтты болсын! Ел іргесі мықты болсын! Бақыт әкеп ұлыс күні, Баянды боп тыныштығы, Әнші құстар баққа қонсын! Алтын табақ аққа толсын! Бұлт шалмасын ай-күнімді! Жаңа күнім жадырасын! Төл көбейіп,жамырасын! Бағы жанып кәрі-жастың, Басынан бақ арылмасын! Орындалып ойларымыз, Тойға ұлассын тойларымыз! 2-жүргізуші: Осы айтылғандар,бір алланың құлағына шалынып,періштелер әумин десін. Мұғалім сөзі: Балалар,астың атасы не? (нан) «Нан болса-ән болады», «Арпа бидай ас екен,алтын,күміс тас екен»Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже.Міне,бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп жіберген екен.Біз аналарымызға арнап «Анамның тілі – аяулы үні» атты әнімізді айтып берейікші.

1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен думанымыз аяқталды.

Мұғалім сөзі: Дастархан халқымның тола берсін, Бақыт құсы басына қона берсін. Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы Жаңа жылдың құт тасы бола берсін.

Әр шаңырақ қуанышқа бөленіп,бақытты балалық,құдіретті даналық жайсаң дей келе «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін тәрбие ісінің орынбасары Абдубайтова Фарида апайға сөз беремін.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, баршаңызды «Наурыздың» ақ отауына шақырамыз!!! Наурыз дастарханынан дәм татыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Жыл басы - Наурыз!"

Автор: Нашанова Асель Саматовна

Дата: 17.03.2017

Номер свидетельства: 401210

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Жыл басы-Наурыз                              Мол болсын д?м-т?з "
    ["seo_title"] => string(36) "zhyl-basy-nauryz-mol-bolsyn-d-m-tu-z"
    ["file_id"] => string(6) "207111"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430331900"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Жыл басы –наурыз"
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-2"
    ["file_id"] => string(6) "316513"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460105630"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Та?ырыбы: «Н?рын шаш?ан жыл басы - Наурыз келді, ала?ай!»"
    ["seo_title"] => string(58) "tak-yryby-nu-ryn-shashk-an-zhyl-basy-nauryz-kieldi-alak-ai"
    ["file_id"] => string(6) "313085"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459432364"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) ""Жыл басы-Наурыз""
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl_basy_nauryz_6"
    ["file_id"] => string(6) "544388"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1585214710"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства