| Мақсаты | Салауатты ұрпақ тәрбиелеудегі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру. Ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру. Педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын жүзеге асыру. Ата-аналермен бетпе-бет кездесе отырып, жасөспірімдердің бойындағы өзгерістердің қалыпты,табиғи заңдылық екендігі жөнінде пікір алмаса отырып,ортақ шешімді анықтау, тәрбиенің дұрыс, тиімді жолын таңдауда психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, кеңес беру. |
| Жиналыстың басы | Ұйымдастыру кезеңі І.Негізгі бөлім Бастауыш тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қоңырбаеваның сөзі. Күн тәртібі: 1.Кіріспе сөз. Мектеп директоры Ә.П.Әбдіғапарова. 2.Сыныптардың тоқсан қорытындысы. Оқу ісі орынбасары Л.Ж.Дәрменқұлова. 3.Практикалық бөлім «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық – зомбылықтан қорғау». 4. Оқушылардың денсаулық және өмір қауіпсіздігі. Тәрбие орынбасары Ж.К.Нурмашева. 5. І тоқсан қорытындысы бойынша сынып тынысы: қосымша білім беру ұйымына қатысым, басылым беттеріне жазылым. Сынып жетекшілер. 6.Қорытынды қаулы. №5 мектеп – лицейінің директоры Ә.П.Әбдіғапарованың сөзі. Бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж.Дәрменқұлованың «1 сынып оқущыларының бастауыш сыныпқа бейімделуі» тақырыбында сөз алуы. | Ата – аналардың жауаптары. Ата – аналардың сұрақтары. | Шапалақ | Интерактивті тақта |
| Жиналыстың ортасы | ІІ. Практикалық бөлім -Қайырлы күн, құрметті ата – аналар! Жиналысымыздың практикалық бөлімін бастамас бұрын, осы жерде жағымды психологиялық ахуал қалыптастырайық. Ата – аналармен тренинг Ол үшін ортаға 8 ата – ана шыға қойсын. Қазір , сіздерге түрлі – түсті шарлар беріледі және де парақтар беріледі, осы берілген парақ арқылы шарды түсірмей ұшақ жасауларыңыз қажет. Сұрақтар: Бұл тренинг не мақсатта жүргізілді деп ойлайсыздар? Ата – аналардың жауаптары. Қолыңызда тұрған парақтар, бұл 1 сыныпқа қадам басқан сіздің балаңыз. Ал шар бұл өмірде болатын түрлі қиыншылықтар мен жағдайлар. Сіз өмірде болатын қиыншылықтарды еңсере отырып, балаңызды қалыптастырып, мектепке қадам бастырасыз. Ал мектепке қадам басқан балада түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Соның ішінде қазіргі таңда белең алып жатқан ең басты мәселе-зорлық-зомбылық. 4. Ата – аналармен жұмыс. Ал енді практикалық кезеңге кезек берейік. Қазір менің алдарыңызда көрсетейін деп тұрғаным жағдаяттық тәсіл. Сіздер өмірге бала алып келесіздер,бала өмірге келгенде тап-таза судай кіршіксіз пәк болады. Бізде қазіргі таңда зорлық-зомбылық неден көбейеді? –Ата-аналар қазіргі таңда балаларына жеткілікті түрде назар аудармайды, көңіл бөлмейді. Бала жылулық сезінбейді. Бала жылулықты үйден ала алмаған соң, оны сырттан іздейді.Мысалы, бірінші достарына барады, достарынан жылулық алады. Одан кейін мектепке барады, сол жақтан шамалы жылу алады. Одан кейін әлеуметтік желі немесе әлеуметтік орта, қоршаған орта. Үй жағындағы көршілерінен, туыстарынан жылулық алады. Бірақ, қанша жерден жылулық алғанымен, бағанағы біздің кіршіксіз пәк баламыздың түсі өзгеріп кетті, яғни түзу жолдан тайып кетті.Санасы, мінез-құлқы өзгерді. Бұл жағдайдың алдын алу үшін біз не істейміз ? -Ата-ана сіздер өздеріңіз емсіздер балаға. Өзіміз ғана емдей аламыз. Сіз осы жағдайда қандай әрекет жасайсыз? Не істей аласыз? Сіздер жағдаяттарды айтып отырыңыздар. -Құшақтау керек -Уақыт бөлу керек -Еркелету керек -Сырласа білу керек -Ортасын білуіміз керек -Мейірім беруіміз керек. Сіз осы арқылы өз балаңызды түзей аласыз.Сіздің балаңыз жөнделсе, қоғам да түзеледі. Біз осы арқылы қоғамды тәрбиелейміз. Қоғамдағы болып жатқан зорлық-зомбылықтың алдын аламыз. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Нурмашева. Тақырыбы: «Оқушылардың күн тәртібі. Денсаулық және өмір қауіпсіздігі». Шалқар ауданы Пб-нің ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция капитаны Е.Т.Нагимбаев. «Жолда жүру ережелері». | Ата – аналардың тренингке қатысуы. Ата – ананың іс – тәжірибеге қатысуы. Ата – аналардың жауаптары. Ата – аналардың сұрақтары. Ата – аналардың сұрақтары. | Шапалақ Шапалақ Шапалақ | Интерактивті тақта |
| Жиналыстың соңы | ІІІ.Қорытынды бөлім. Қаулы. Ата-аналар білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында мектеппен тығыз байланыс орнату, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқуда оң нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті материалдық және моральдық қолдау көрсетілсін. Ата-аналар тарапынан балалардың күн тәртібінің сақталуына, оқушының уақытын дұрыс ұйымдастыру, белсенді және пассивті демалысын, ұйқының нақты уақытына бақылау жүргізілсін. | | | Интерактивті тақта |