kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жазғытұры" тақырыбына әдебиеттік кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жазғытұры" тақырыбына әдебиеттк кеш жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жазғытұры" тақырыбына әдебиеттік кеш»

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ













Жазғытұры

(әдебиеттік оқу)















Өткізген: Мухаметрахимова Айнур Есимхановна



Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Жазғытұры.

Мақсаты: Абай «Жазғытұры» өлеңің мәнерлеп оқуға жаттықтыру,

жаңа  сөздермен  таныстырып,  лексикалық  бірліктерді   меңгерту,

тақырып бойынша оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен

дағдыларын қорыту және бекіту, оқылым, айтылым жазылым

дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу және ойлау қабілеттеріне

байланысты тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділіктерін,

шығармашылық ой – өрісін дамыту. Сөзді байланыстырып сөйлеу

қабілеттерін дамыту, топпен  жұмыс, жекелей  жұмыстарды орындау

мақсатында  іскерлікке машықтандыру.

Табиғаттың  әсемдігін  қорғауға

көктем  мерекелерін  білуге,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу, экологиялық

мәдениет қалыптастыру;
Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу.

1.Психологиялық дайындық

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Көктемдей таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

 ІІ. Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау. 

Оқушыларды топқа бөлу кезеңі.

ІІІ. «Нақ сұрақ-дәл жауап»

- Балалар, қазір сендермен  өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап  сайысын өткізейік. Сұрақтарға дұрыс және толық  жауап беру .

(әр топтың оқушысы кезек-кезек сұрақ қояды,екінші топ жауап береді)

1-топ

1. Қай жыл мезгілі келді?              /көктем мезгілі келді/
2. Көктемде неше мереке бар?                      /көктемде 4 мереке бар /
3. 22-наурыз қандай мейрам?                            / Наурыз мейрамы/
4. Көктем айларын ата?                     / наурыз, сәуір, мамыр /
5. Ең сұлу құс?                                                                    /аққу/
6. Көктемнің бірінші айы?                                            /наурыз/ 
7. Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады?           / бәйшешек/
8 . Наурызда пісірілетін басты тағам?            / наурыз көже/

2 -топ
1. Көктемде ауа райы қандай?              / көктемде ауа райы жылы/
2. Адамдар қалай киінеді?          / адамдар жеңіл киінеді/
3. Бір жылда неше ай бар?                                  /12 ай бар/
4. Аналар мерекесі қашан?                    /8-наурызда/
5. Көктемде нелер ұшып келеді?                 /құстар ұшып келеді/
6. Көктемнің екінші  айын ата.                 /сәуір/
7. 9-мамыр қандай мейрам?                   / Жеңіс күні/
8. Мамыр көктемнің нешінші айы?       / үшінші айы/

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»  (сөйлемдерді аударыңдар)

1-топ

Биыл көктем ерте шықты.

Наурызда күн жылынып кетті.Қар еріді.

Сәуір айында қар қалмады.

 2 -топ 
Былтыр көктем жай шыққан.

Наурызда күн суық болды.

Сәуірде де күн салқын болды.

(ауызша тексеру бағалау)

ІҮ. «Жүйрік болсаң, шауып көр» (карточкамен жұмыс)

 Тиісті сөздерді қой

Көктем ..........

Көктем айлары: ......, ......, .........

Көктемде ....... еріп, ..... ағады

 Ауа- райы ............

 Күн .............

(тақтада жауаптары көрсетіледі,бірін –бірі тексеріп,баға қояды)

 Ү.Абай «Жазғытұры» өлеңімен жұмыс 

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.  (слайдта суреті көрсетіледі)

-Жақсы балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен қазақ халқының біртуар кемеңгер ақыны, асыл сөздің зергері Абай атамыз туралы білімімізді жетілдіреміз. Яғни, бүгін  Абайдың «Жазғытұры» өлеңімен таныса отырып, көктем мезгіліндегі өзгерістерді байқаймыз.

 (Бұл кезде интерактивті тақтадан көктем көріністері көрсетіліп тұрады, слайд - шоу).
2.Ой шақыру. «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе»

- Абай кім? (Ұлы ақын,философ,ағартушы)

- Абайдың өмір сүрген жылдары? (1845-1904)

-Абайдың туған жері (Семей өңірі)

- Абай оқыған оқу орыны.(Семей медресесі).

-Абай туралы шығарманы жазған жазушы.(Мұхтар Әуезов)

-Абайдың қара сөздері нешеу?(45 сөз)

-Абайдың Пушкиннен аударған шығармасы (Татьянананың хаты,Онегиннің хаты)

- Ақын өлеңдерінің тақырыбы? (табиғат,махаббат,ел,

халық,өнер,замана  т.б.)

-Абайдың табиғат лирикаларын ата (Күз, қыс, жазғытұрым, жаз)

б. Оқушылардың оқуы:
1) Іштей.
2) Шумақтап, дауыстап.

-Ал,балалар мына киіз үйдің  ішінде тапсырмалар бар. Әр топтан спикер келіп, тапсырмаларды алыңдар. Музыка  әуенін тыңдай  отырып, іштей табиғатпен  сырласып  көрейік .Не сезінгендеріңді, байқағандарыңды ойларыңа  түйіп, бетке түсіріңдер.

1-топ  «Көктем»тақырыбы бойынша құрастыру;

Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде қар еріп, су ағады. Су сарқырап сайларға толады. Ауа- райы жылынады. Күн ұзарады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады. Бәйшешек шығады. Көктемде самал  жел соғып, табиғат оянады.

2 -топ  Абайдың «Жазғытұры» өлеңі бойынша құрастыру;

(Бұл өлеңде көктемгі тіршілік туралы .Қазақ даласы, мал баққан елдің тұрмысы.Көктемгі табиғат қуанып тұр. Шуақты күн бізді шаттандырды.Құстардың көңілді сайраған дауысы естіледі. Ағаштар бір- бірімен сөйлескендей болды. Малдардың тойынғанын көрдік. Жазғытұры мезгілінде жан – жануарлар тқлдейді.)

ҮІІІ. Бекіту

1.«Кім жылдам?» ойыны

1.Қар еріп, су ағады,

   Сарқырап сайға толады.

   Күн ұзарып, жылиды,

   Бұл қай кезде болады? (көктем)

2.Көктемде ұшып келеді,

   Жаздай концерт береді. (бұлбұл)

3. Тұмысығымен шымшып

     Құрт тереді.....................

4.Көктем қай айдан басталады ?
5.Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
6.Көктемде адамдар қалай киінеді?
7.Көктемде аңдар мен жәндіктер не істейді?
8.22-наурыз қандай мейрам?

9. Көктем мерекелерін ата.

Мұғалім: Көктемде қыс бойы ақ көрпеге  оранған жер беті,енді жасыл кілемдей құлпыра бастайды. Күн нұры жер –дүниені қыздыра бастайды. Басқа жеміс ағаштары гүлдейді. Айнала тегіс хош иіске бөленеді. Орман жапырақтары жаппай бүршік атып,аз күннің ішінде жасыл желек жамылады. Балалар, бізді қоршаған әлем қандай көркем.! Өсімдіктер жарық жылу, ауа және суға кенеледі. Табиғат – адам баласы үшін аяулы ана.  Ол перзент үшін шуағын  да, шапағатын да,  байлығын да аямайды. Біздер табиғаттың перзентіміз. Сондықтанда балалар, табиғатты қорғау азаматтық парызымыз.

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жазғытұры" тақырыбына әдебиеттік кеш

Автор: Кошербаева Куралай Салеметхановна

Дата: 05.11.2018

Номер свидетельства: 483678

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Сайыс-саба? "
    ["seo_title"] => string(13) "saiys-sabak-2"
    ["file_id"] => string(6) "243239"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445681122"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства