Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым бере отырып, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда бойында бар барлық өнерлерін ортаға салуға үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«« Жаңа жылдық шыршада »»
« Жаңа жылдық шыршада »
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым бере отырып, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда бойында бар барлық өнерлерін ортаға салуға үйрету.
Міндеті: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Жүргізуші:Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар, бақытты балғын балалар! Бүгінгі Жаңа жыл кеші баршаңызға құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт, шаттық әкелсін!
Оқушылар шыршаны айналып тұрады.
Қоян жүгіріп келіп, оқушылардың ортасына барып тығылады.
Балалар мені қасқыр қуып келе жатыр, құтқарыңдаршы.
Қасқыр:мына жерден қашып бара жатқан қоянды көргендерің бар ма?
Балалар: Жо-жоқ, көрген жоқпыз.Ол қайда тығылып қалды екен? Мен оны іздеп қайтайын (шығып кетеді)
Қоян балалардың ортасынан шығып: Рахмет, балалар! Мені бір ажалдан құтқарып қалдыңдар ғой. Сендерге ризамын, мен көңілді қоянмын. Ендеше, көңіл көтеріп бір билейікші.
Сол сәтте Мұз қаншайымы келеді: Мәссаған, мына жерде бір тамаша той болып жатыр ғой, ненің құрметіне билеп жатырсыңдар?!
Қоян:Балалар мені қасқырдан құтқарып қалды. Оларға ризашылымды білдірейін дегенім ғой. Балалармен би билеп, көңіл көтергенге не жетсін!
Мұз қаншайымы:У-у-у қатып қалыңдар,қатып қалыңдар, маған көңілді адамдар керек емес, өзім сияқты қатыгез, қатты адамдар керек.У-у-у қатып қалыңдар,қатып қалыңдар!
Мұз ханшайымы жан жағына қарап, қой қашайын, Қасқыр келіп қалар, - деп кетіп қалады. (оқушылар сол кезде қатып тұрып қалады)
Ақшақар кіреді:Ау-у, кім бар мұнда (балаларды түртіп қарап)
Әй, балалар, қатып қалғансыңдар ма, не болды сендерге?
Қоян жылап:Шыршаның астынан шығып, Ақшақар, балаларды мұз ханшайымы өзінің зұлымдығымен, маған көңілді адамдар керек емес деп қатырып кетті. Мен шыршаның астына жасырынып қалып едім. Білесіз ғой, оған ешкім ұнамайды.
Ақшақар:Мынау не, шырша емес пе?! Ол тіпті дымсыз тұр ғой. Шырша әдемі болып тұрушы еді. Шырша безендірілмеген. Оны мен жалғыз өзім қалай жасаймын, үлгермеймін ғой, атам да осы жаққа келемін деген. Қазір атам да келіп қалатын шығар.
Қоян:Сіздің жүрегіңіз ақ, сіз ән айтыңызшы, ән айтсаңыз балалардың жүректері елжіреп, мүмкін жан кіріп қалар.
Ән: «Кел, балалар, күлейік»
Ақшақар ән айтады, оқушылар қозғала бастайды.
Қоян:Рахмет, Ақшақар.
Ақшақар мәз болып: Балалар, барлығымыз бірігіп шыршамызды безендірейікші (оқушылар қолдарындағы ойыншықтарын шыршаға іледі). Енді шыршамыздың шамдарын жағайық. Ол үшін маған шыршаға арнап тақпақтар алып келеген боларсыңдар, соны айтып беріңдер.
1-оқушы:Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
2-оқушы:Көк инелі, көп инелі
Хош иісті шыршаны
Құдық сайлап, күндей жайнап
Шұғыла шашып тұр шамы
4-оқушы: Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
3-оқушы:Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді «Шыршаға»
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
Мұз ханшайымы:Шыршаны жақпайсыңдар, мен оған жол бермеймін. У-у-у деп ысқырып жатырғанда қасқыр келіп оны қуып жібереді.
Ақшақар:Балалар, мына жерде бір қапшық тұр ғой, бұл не өзі. Ішін ашып қарап, ішінде толған сыйлықтар, тәтті кәмпиттер, ойыншықтар. Бұл кімдікі екен?
Қой: шыршаның астынан шығып, мына қапшық Аяз атанікі, ол маған мен келгенше қарап қой деп тапсырған. Міне, менің жатқаныма да бір жыл уақыт болыпты, мен шаршадым, енді менің кетуім керек.
Ақшақар:Қой, сен шаршадың, шалдықтың, енді тұра тұр, сен де қуаныштан құр қалма, бізбен бірге бол. Саған балалар, өнерлерін көрсетсін,тақпақтарын айтып берсін және бір жақсы ертегі қойып берсін, соны тамашала. Аяз атамыз келген соң қой жылын шығарып салармыз.
Ертегі мазмұны бойынша өткен соң, осы кезде боран соғады.
Ақшақар:балалар, боран соғып кетті ғой. Аяз атамыз келе жатқан сияқты. Аяз атамызды шақырайықшы.
Қызыл мұрын, ақ мұртты,
Білсең атын тез ата.
Келеді бізге...
Оқушылар: Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата:Келе жатырмын, келе жатырмын.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде,
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен.
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға,
Одан зор бақыт бола ма?!
Сендерді көргеніме өте бақыттымын!
Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен?
Шыршаның ар жағынан шығып, Ақшақар: Мен мұндамын ата!
Аяз ата:Ой, қызым сен менен де ерте келіпсің ғой, не болды.
Ақшақар:Ата, мен келсем, мында сіздің қапшығыңызды күзетіп қой жатыр екен, енді оның кеткісі келіп тұр, біз оны ата келген соң жібереміз деп алып қалдық. Оған өз өнерлерімізді көрсеттік.
Аяз ата:Бәрекелді.
Қой:Ия, мен балалардың өнерлерін көріп, көңілді болып отырмын, ата мен балаларға өте ризамын, енді мен кетейін, 12 жылдан кейін келермін.
Қой жылы:Сау болыңдар, балалар,
Келешегі халқымның.
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-кәрің!
Жаңа жылым бақытты
Аманат қып барамын,
Балалардың бір жылғы
Сауық-думан кештерін.
Аяз ата:Жарайды, балалар, қой жылын шығарып салайық(қой жылы кетеді). Ал, балаларым, әндетіңдер, шырқаңдар!
6-оқушы:Қандай әсем, жарқырап
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келіп тұр.
7-оқушы:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
8-оқушы: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Жүргізуші:Хор: «Аппақ, аппақ, жапалақтап»
Бір мезетте Қасқыр мешінді арқалап әкеле жатады.
Қасқыр: Аяз ата, Ақшақар, балалар, мына байғұс мешін боранда қала жаздаған екен. Қасына барып жөн сұрасам, ол осы жаққа тойға келетін қонақ сияқты. Неде болса, осы мешінді алып келдім.
Аяз ата:Ия, Қасқыр батыр. Ол біздің қадірлі қонағымыз, жаңа жылымыз, Мешін жылы ғой. Алып келгенің дұрыс болған. Қош келдің, Мешін жылы, төрлет.(мешін қалтырап, дірілдеп тоңып тұрады) Оқушылар оны ортаға алып, тақпақтарын айта бастайды.
9-оқушы:Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Саған әзір жаңа жыр.
Елге табыс, жақсылық
Ала келші, Жаңа жыл!
Төрлетіңіз, бізбен бірге болыңыз!
(балалар тақпақтарын айтады)
10-оқушы:Бүгінгі күн – нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін
Жаңа жыл ғой әр елде!
Жүргізуші:Ән: «Жаңа жыл»(барлығы бірігіп ән айтады)
(Мешін жылы) Жаңа жыл:Уа, халайық, келдім мен де төріңе,
Шат-шадыман шуақ шашып еліңе.
Бақ сыйлармын бәлкім осы жыл бойы,
Қарсы алғайсың мені құтты көңілмен!
Жақсылыққа бағытталған
Боламын мен Жаңа жыл!
Жаңа жылға бәріңіз
Жаңа үмітпен қараңыз.
Қабыл алдым аманат,
Жасамаймын мен әркез
Аманатқа қиянат.
Осы кезде,Мұз ханшайымы залды айналып, сығалап жүреді.
Аяз ата:Мұз ханшайымы, сен сығалап не істеп жүрсің? Кел, бізбен бірге көңіл көтер. Сен болмасаң, қыстың сәні болмайды, балалар мұз үстінде сырғанап ойнай алмайды.
Мұз ханшайымы:Ата, сізге көп рахмет. Балалар, мен де сендермен көңіл көтерсем бола ма?
Балалар: Ия, келіңіз, ән айтайық, бірге билейік.
«Елка жыры» әні орындалады.
Аяз ата:Ал, ақшақар қызым жалғастыр мерекені.
Ақшақар: Жаңа жылда сайланып,
Шыршамызды айналып,
Би билейік, ән салып,
Баршамызда жар салып!.
Жүргізуші:«Ақшақарлар биі»орынд. 1 «ә» сынып қыздар тобы.
Жүргізуші:«Алақай, келе жатыр Жаңа жыл»әні.
(оқушылар өз өнерлерін көрсетеді, ойын ойнатылады)
Аяз ата:- Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар, өнерлерің үстем болсын. Енді сыйлықтар таратайық. Ақшақар, Мұз ханшайымы, келіңдер, таратыңдар сыйлықтарды.
Аяз ата:Қадамдарыңа нұр бітсін,
Заманыңа гүл бітсін.
Дұшпандарың болмасын,
Аруақтар өолдасын,
Жаңа жылда бақ қонсын,
Жолдастарың көп болсын!
Ал, құрметті балалар, бізді басқа ауылдарда сендер сияқты бүлдіршіндер күтіп отыр. Біздің қайтуымыз керек. Қош сау болыңдар. Жаңа жылдарыңызбен.
Хор: «Жаңа жыл кешінде»
Жүргізуші:Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз ата келген күні қуанғандай,
Балалардың қуанышы арылмасын!
Өнерлерің өрге жүзсін достарым!
Жүргізуші:Ал енді осы «Жаңа жылдық шыршада» атты кешімізді аяқтайық. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Балалардың ән-шашу өнерлері жалғасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Мектептен тыс мерекелер» 2007 жыл, № 11
«Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» 2007 жыл, № 11
Әдебиеттік оқу, 2 сынып Алматыкітап баспасы 2009 жыл