|
Сабақтың тақырыбы | А. Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һәм шаян» |
Жалпы мақсаты | Оқушыларға қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы туралы кеңінен мағлұмат бере отырып, мысал мағынасын толық түсінуге мүмкіндік жасау. Мысал мазмұнын талдау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету.Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету. |
Оқу нәтижелері | Оқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге үйренеді. |
Сабақ типі | Аралас сабақ |
Әдістер | Топпен жұмыс: жұппен жұмыс, топта талқылау. СТО: «Блум таксономиясы» ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша) |
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: | Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер. |
Сабақ кезеңдері Уақытты меңгеру | Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-8-10 минут Операциялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) -20-25 минут Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) – 5-8 минут |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру Топқа бөлу | Сабаққа психологиялық дайындық. -Балалар, алақанымызды бірінің үстіне қояйық. Не сездік? Не білінді? -Жылылық сездік. -Ендеше тіршілік атаулыда адамзат баласына жылылық беретін не? -Ол – Күн. -олай болса дәптеріміздің шетіне күн бейнесін салайық. Осы күн бейнесі әрқайсымызға бүгігіні сабағымызға сәттілік тілеп,нұрын шашып, жылылық қарым – қатынас сыйласын деп сабағымызды бастайық. Төртбұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша топқа бірігеді. Топ ұстанымын құру. | Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады. Оқушылар алған суреттері арқылы алады .Топ ережесін құру, топ мүшелерін сайлау. Мүшелерін сайлау | Интерактивті тақта суреттер |
Үй тапсырмасы | « Қауын мен Қарбыз» • мазмұнын айту, • жұмбақ жазу, • сурет салу. Венн жүйесі бойынша қорытындылау. | Әр топ өз ойларын ортаға салады. «Бармақ әдісі» арқылы бағалау. | Плакат, маркер |
Жаңа сабаққа даярлық кезеңі. "Болжау" стратегиясы | Білім көзі- «Әліппеде». Осы пікірмен келісесің бе? Тұңғыш «Әліппені» жазған кім? Ол туралы не білесің? | Сұрақтар |
Топтық жұмыс | «ДЖИГСО» әдісін пайдаланамын. Яғни, 3 шағын топқа: 1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі. 2 - топ. Аққу, мысалдары. 3 - топ. Шортан, шаян туралы | Әр топ өз тапсырмасын тақтаға шығып қорғайды. «Бағдаршам» арқылы бағалау. | (постер) |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі | А.Байтұрсынұлы Ақын, ағартушы, ғалым 1873-1938 жылдары өмір сүрген Шығармалары: «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» Ол «Қазақ» газетін шығарды. «Әліппе» оқулығын жазды. • Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. | Оқушыларға тақырыпты сатылай түсіндіру | Сатылай түсіндіру |
Оқулықпен жұмыс. | Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу. Сөздік жұмысы. Ғибрат - үлгі, тәрбие, өнеге. Һәм - және Дүркін - дүркін - қайта - қайта Машақат – әурешілік | Оқушылар мәнерлеп оқып, сюжет бойынша әңгімелейді. | слайд |
Сергіту сәті. | «Көңілді күн!» | Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді | музыка |
Шығармашы- лық жұмыс | І топ. «Аққулар» - А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған? - Бұл мысал бізді неге шақырады? (Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру) ІІ топ. «Шаяндар» «Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдар жазу. ІІІ топ. «Шортандар» Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды Бұл тапсырмада балалар алдын ала мысалды диалогке айналдырады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген арба тауып алып, қатты қуанышқа кенеледі. Аққу айтады: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық, Шортан айтады: - Мұны көлге апарайық,- дейді. Шаян айтады: - Жоқ онан да мұны құмға апарайық. Автор: - Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды Осылайша балалардың әрқайсысы өз ойларын айтып, мысалды әр үрлі импровизация жасайды. | Оқушылар тапсырмаларға топпен дайындалады. | Ақ қағаз, маркер, маскалар(аққу,шортн, шаян) |
«Сұрақты ұстап ал» | Аққу, шортан, һәм шаян неліктен мысалға жатады? А.Байтұрсынұлын барша қазақ қалай құрметтейді ? Бұл мысалдан не түйдің? | Әр топ оқушысы сұрағы бар қапты ұстап алып, жауап қайтарады. | Оқушы, оқулық |
«Рефлексиялық – бағалау» кезеңі | Бүгінгі сабақта мен не үйрендім? | Нені білгім келеді? | Мен Ахмет Байтұрсынұлының Торғай облысында туғанын, мұғалім болып қызмет еткенін білдім | Ахметтің балалары болған ба? | Мен Байтұрсынұлы «Әліппе», «Қырық мысал», «Маса» деген кітаптар жазғанын білдім. | Ол кішкентай кезінде қандай ойын ойнағанды жақсы көрген? | | «Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады. | Кесте |
Үйге тапсырма | Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу. Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу. | Күнделіктерін толтыру | Оқулық |
Бағалау. | Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабақтан алға әсерлерімен бөлісу. | | |