Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие "Анаға қарап қыз өсер"»
Анаға қарап қыз өсер.
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт – дәстүрді, халықтық әдеп пен өнерді дәріптеуге үйрету. Ана тілінде таза сөйлей білу дағдыларын дамыту. Инабаттылық пен талғам қалыптастыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, аналарға арналған альбом, сыйлықтар
Өтілу барысы:
Мұғалімнің сөзі: -Құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Анаға қарап қыз өсер» атты тәрбие сағатын сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз. Көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Жанұяларыңызға бақыт сыйлап,көктем нұрын шашсын! Бұл аналардың жылына бір рет келетін төл мерекесі. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Бүгінгі тәрбие сағаты 2 бөлімнен тұрады.
Әдеби музыкалық сәлем.
«Анаға қарап қыз өсер» атты сайыс.
Алғашқы сөзімді аналардың анасы әжелерге, асыл аналарға және аналардың көмекшілері, қамқоршы әпкелер мен қыздарымызға арнаймын.
Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағат сөз еді!
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады.
Ән «Анаға сәлем» (барлық бала хормен орындайды)
Қазақ халқы ертеде ұлдарын ел қорғайтын батыр болсын деп, ал қыздарын сол батырдың жаудан келуін күтіп, бала өсірер ана болсын деп тәрбиелеген. Ендеше бүгінгі «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызды бастаймыз!
Ұлдар биі: Қара жоға.
Мұғалім: Ендеше сайысқа түсетін аяулы аналар мен қылықты қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Ардақты ата – аналар!
Бүгін біздер жарысайық.
Өзгелермен бақ сынасып,
Белсенділік танытайық.
(Әділ қазылар алқасын сайлау, таныстыру)
1.Бөлім «Таныстыру».
Өнер қуып аналар өтер деймін,
Қызымен мұратына жетер деймін.
Бұл сайыста аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
(Әділ қазылар бағасын береді)
2.Бөлім «Сұрақ – жауап»
«Жасында байқары жоқтың, үлкейгенде айтары жоқ», - дегендей, халқымыздың жас шағында көп нәрсеге зер салып, байқап жүруге бағдар береді. Ендігі кезекте сынға түскен аналарымыздың берілген сұраққа дәл де нақты жауап берулерін байқайық.
1-бөлім
1. Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, әйтеке би)
2. Төрт түліктің пірлері. (Ойсыл қара, Қамбар ата,Зеңгі баба, Шопан ата)
3. Бес асыл. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
4. Шашалып қалған адамға не дейді? (май қап)
5. Ұш байлық. (Денсаулық, ақжаулық, он саулық)
6. Үш арсыз. (Ұйқы, тамақ, күлкі)
2-болім
Үш кескенде кесірткелік әлі қалатын жыртқыш.(жылан)
Жүндеуге жақсы жануар.(түйе)
Жолы болатын жігіттің алдынан шығатын кім?(жеңгесі)
Мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айырылған жануар?(ешкі)
Бір қарын майды шірітетін не?(құмалақ)
Тауықтың түсіне кіретін дән?(тары)
3-бөлім
1. Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай? (Сақинаға тас қойылмайды)
2. Бес дұшпан. (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Семіздікті көтеретін жануар.(қой)
4. Үш жетім. (Жаңбыр жаумаса – жер жетім.
Басшысы болмаса – ел жетім.
Ұқпаса айтқан – сөз жетім)
5.Өз атын өзі шақыратын құс.(көкек)
6.Қуаныштың белгісін білдіретін қандай сөз?(шүйінші)
4-бөлім
Ата мұрасы асыл қазына (салт-дәстүрге байланысты сұрақ)
Қымызмұрындық деген не?
Саумалық деген не?
Сыралғы деген не?
Шарғы салу деген не?
Босаға майлау деген не?
Жиенқұрық деген не?
Қымызмұрындық - бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Оған ауыл ақсақалдары, көршілер шақырылады. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Қымызмұрындыққа шақырылған адамдар соңыра бие ағытылар кезде соңғы қымызға және шақырылады. Ал бұл дәстүр сірге мөлдіретер аталады. Кей жерлерде бұл дәстүрді сірге жияр деп те атайды.
Саумалық - Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда өлеңмен айтылатын дәстүрлі тілек, «Саумалық, саумалық, Жаңа келген жақсылық. Жаңа келген береке, Жаңа келген мереке. Көрмедік пе, Көрдік пе?» - деп масайрайды екен бұрынғының қазағы.
Шарғы салу (салт-дәстүр) – ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұны біздің ана тілімізде «шарғы салу» - деп атайды. «Шарғы» салынған қызға женгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп шай ішеді.
Босаға майлау - жастар жеке отау құрғанда немесе отбасы жаңа үй алғанда жақын-жуықтары үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жағымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек.
Жиенқұрық - халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет қалағанын беруге міндетті. Жиенқұрық кей жерлерде қырық серкеш деп те аталады. Бұл туралы Тәуке хан тұсында қазақ мемлекеттілігі мен құқықтық жүйелерінің дамуында маңызы зор болған «Жеті жарғыда» «Нағашы жиеніне «қырық серкеш» беруі керек. Жиені нағашысына «қырық серкешімді алуға келдім» - деп арнайылап барғанда, оны құр қайтармай, қалағанын береді» деген нұсқау болған.
5- бөлім
Барлығына бірдей
Өмірлік ұстанымыңыз не?
1-бөлім
Құлақтан кіріп, бойды алар. (мақалды жалғастыр)
1.Көп сөз көмір, (аз сөз алтын)
2. Оқу білім азығы, (білім ырыс қазығы.)
3. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар.)
4. Білімдіге дүние жарық, (білімсіздің күні қаріп.)
5. Адам аласы ішінде, (мал аласы сыртында.)
6. Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл.)
Ән «Ана туралы жыр»
2-бөлім
Кімдер жүйрік, сұраққа жауап берейікші,
Мектептің мақтанышы боп жүрейікші. (қыздарға сұрақ)
1. Ұлттық аспап? (Домбыра)
2. Жүз жыл? (Ғасыр)
3. Ауыз бекіту айы? (Ораза)
1. Бір аптада неше күн бар? (7)
2. Бір жылда неше ай бар? (12)
3. Астананың туған күні? (6 шілде)
1. Исламның қасиетті кітабы? (Құран)
2. Сөз өнері сайысы? (Айтыс)
3. Тұнғыш ғарышкер? (Т.Әубәкіров)
1. Қыс айларын ата. (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)
2. Республика рәміздері? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
3. Желтоқсан құрбандары? (Ләззат, Қайрат, Сәбирә)
1. Білім күні. (1 қыркүйек)
2. Ұлыстың ұлы күні. (Наурыз)
3. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
1. Төрт түлікті ата? (Түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы)
2. Анаңның әкесі саған кім болады? (Нағашы)
3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама! (Кітап)
Мұғалім:(Әділ қазылар бағасын береді)
3.Бөлім: «Ас –адамның арқауы» (Салат жасау)
(Әділ қазылар бағасын береді)
4.Бөлім «Сәукеле дайындау» (үй тапсырмасы)
Әрбір ана сәукелесін таныстырады
Би: «Арулар биі» (сәукелелі арулар қосылып би билейді)
5.Бөлім. Шаш сәндеу ( жылдамдыққа шаш өреді)
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай – көркі биіктетер аласаны.
Болмаса ару қыз, сұлу әйел,
Табынып, ер кімдермен санасады.
(Әділ қазылар бағасын береді)
6.Бөлім «Өнер көрсету»
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
«Өнерлі өрге жүзер» байқауында,
Қол соғып, барша халық тамсаныпты.
(Әділ қазылар бағасын береді)
Сөз кезегі әділ қазыларда.
Мұғалім: Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті аналар! Әрдайым балаға деген мейірімдеріңіз ортаймасын. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген сөз бар.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Салтанатты кешіміз аяқталды.
Гүл бітсін бәріңіздің қадамына, - дей отырып бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.