kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внекласная мереприятия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ту?ан ел, ту?ан жерді? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ын т?сіндіру.
                       Ту?ан жерге ?ам?орлы? жасай білу іскерліктерін дамыту.
                       Ту?ан жерін с?юге, ?адірлеуге, ?демілікке т?рбиелеу).                                                

                       Елін, жерін, тілін, ?деп-??рпын ??рметтейтін, ?з Отанын  

                       с?йетін т?л?а ?алыптастыру
                    Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге ?йрету.
                     О?ушыларды саяси саналылы??а, ?з елін, жерін ?ор?ау?а,   

                         ??рметтеуге,   с?юге т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внекласная мереприятия »




Мақсаты: 1. Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын

түсіндіру.
Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.
Туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу).

Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын

сүйетін тұлға қалыптастыру
2.Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.
3. Оқушыларды саяси саналылыққа , өз елін, жерін қорғауға,

құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу..
Көрнекілігі: Туған жер, ел туралы нақыл сөздер, слайдтар,интерактивті тақта,

Жүру барысы:

Тыныштық сәті.

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.Көздеріңізді жұмыңыздар.Біз Қазақстанда тұрамыз. Енді көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың білімін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да туысқан халықтар.
Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Қазақстанның қай бөлшегінде тұрсаң да өздеріңді сол жердің толыққанды мүшесі, қожайыны ретінде сезініңдер. Өйткені ол – біздің Отанымыз.
Осындай бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рақмет айтайық. Отанға деген осындай ризашылық сезіммен бұрынғы қалпымызға келейік.Жаймен көзімізді ашайық.

Иә, осынау кең-байтақ еліміздің, шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы мен ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар Отанымыз Қазақстанның келешек азаматтары, сендерсіңдер.

Олай болса, Қазақстан туралы не білеміз?

«Қазақстан» сөзін басқаша қалай айтуға болады? - Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім
Қызығушылығын ояту. Ассоциация.



Атамекен Отан



Қазақстан



Туған жер Туған ел



Атамекен. Туған жер. Туған өлке.
Бұл – ең жоғары құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен – туған халқының, ұлттың қасиетті мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері.
Туған өлке - ата – бабаның қоныс тепкен жері мен өмірге келген жеріңнің табиғат көрінісі.

Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері, Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық

Бүгінгі сабағымызда сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

. Жалпы, туған жерін сүймейтін адам кем - де кем.Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Саған ғана емес, сенің әке - шешеңе де, бабаларыңа да осы мекен құтты мекен болған.
Өз сезімдерімен бөлісу.

Ой-толғау 

«Мен туған жерді сүйемін немесе туған жермен сырласу» 
(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын.)

І топ Туған жер туралы өлеңдер айту

ІІ топ Туған жер туралы шығармалар оқу

ІІІ топ Туған жер туралы суретті қорғау

ІVтоп. Туған жер туралы мақалдар айту.


І топ Туған жер туралы өлеңдер айту


Камила: Ән айта алсам, туған жер деп жырлайын,
Күй тарта алсам туған елге арнайын.
Ата - анам, атамекен, туған жер
Алыс кетсем тек сендерді қимаймын


Әлібек: Туған жерді Анам демей не дейін,

Туған жерді панам демей не дейін.

Туған жер мен асқақ менің ән-жырым,

Туған жермен асқақ менің мерейім.


Інжу: Арманына жетіп халқым көздеген,

Алабы да,алқабы да өзгерген

Туған далам-шын бақыттың кіндігі,

Қымбаттысың ел- жұртыңа өзгеден.


Аңсаған: Ө.Тұрманжанов. «Туған өлкем»

Жанар: Ф.Оңғарсынова « Туған жер»



ІІ топ. Туған жер туралы шығармалар оқу. 1-оқушы:Дана

2-оқушы: Мадина

3-оқушы Дильназ

ІІІ топ. Туған жер туралы суретті қорғау.

ІVтоп. Туған жер туралы мақалдар айту.


Иә, расында да әркімге, тіпті жәндіктерге де өз мекен ететін ортасы ыстық әрі қымбат екен.

Олай болса, балалар, өткен сабақта жақсы мекен, жайлы қоныс іздеген кейіпкерлеріміз нелер еді?
(тышқан, құмырсқа, бақа)

Оларға кімнің мекені ұнаған жоқ?

Көрініс. «Кімнің мекені жақсы»

Көкқұтан:Ең жақсы мекен, жайлы қоныс осы жер емес пе! Исі қандай жақсы – көкірегіңді ашады. Суы қандай тәтті – жер татиды. Батпағы қандай жұмсақ – нағыз май батпақ,

Бозторғай: Дүние жүзінде менің мекенімнен жақсы, менің қонысымнан жайлы еш жер жоқ, менің мекенімнен, менің қонысымнан!

Жауынқұрты: - Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рахат!
- Осы жақсы мекен, жайлы қоныс іздеген кейіпкерлеріміз жайлы қоныс іздеп жүріп, біздің сыныпқа да соғып кетуді жөн көріпті.
1. Қалай ойлайсыңдар, көкқұтанның мекені бізге ұнады ма?(тышқан)
2. Балалар, бізге бозторғайдың мекені ұнады ма?(құмырсқа)
3. Балалар, бізге жауынқұртының мекені ұнады ма?(бақа)

Тышқан:- О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз.


Құмырсқа:- О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ.

Бақа:- О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс

бар ма екен? Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке.

Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс - әркімнің өз мекені, өз жері екен.

-Ал, балалар, сендердің мекендерің қайда?
- Ол туралы не білесіңдер?
Өзіміздің туған жеріміз, мекеніміз туралы не айта аламыз?
1-оқушы: Шыңғыс: Менің туған жерім-Ақтөбе қаласы.

2-оқушы: Аружан: Мен Ақтөбеде туылдым.

3-оқушы: Саян: Менің туған жерім – Ақтөбе.
4-оқушы: Мадиар:
Жұмақ мекен туған жерім – Ақтөбе

5-оқушы: Жанель: Ару қалам,аппақ қалам,ақ қалам

Мен өзіңде туғаныма мақтанам

6-оқушы: Назерке: Тарихыңа тереңірек үңіліп,

Жырымды айтып шын жүректен шаттанам

Барлығы: Көз тоймас сұлу қараса,

Салынған сұлу жараса.

Туған жер алтын бесігім, Ақтөбем-қандай тамаша!
- Ал енді экранға назар аударайық
Видеоролик. «Туған жерім – Ақтөбе!»

«Облыс тарихына шолу»

Ақтөбе қаласы республикадағы ірі қалалардың бірі, әрі облыс орталығы. Оны көбіне біздің мемлекет Батыс есігі деп те атайды. Ақтөбе облысы Қазақстанның дамыған индустриялды және мәдениет жүйесі елдің экономикасы қомақты үлес қосады.


Мадина: Ақтөбе ең әдемі,сұлу қала. Мұнда көптеген тарихи орындар бар. Батырлар туған жер. Біз өз туған жеріміз Ақтөбе облысын, Ақтөбе қаласын мақтаныш тұтамыз

Аңсаған:Әр адамның туған жері өзіне ыстық. Туған жердің тау-тасы, сай-саласы, ауасы,тіпті, жүгірген құсы мен ұшқан аңы да ерекше. Біз үшін Ақтөбе-ең сұлу әрі киелі мекен.

Жанар:Ақтөбе қаласының айдай сұлу көркіне тамсанбайтын, таң қалмайтын пенде жоқ. Жазы мен көктемінде жасыл желегі көздің жауын алып, шабыты шалқытады,бойыңды балқытады.Қысы ақ мамыққа оранып әсем болады.Сағыныш пен арманға лайық болмысы бар ұлы мекен!

Жаса мәңгі, арайланған Ақтөбем!

Жерің дархан, маған қымбат әр төбең!


Есет: Ару қалам-Ақтөбе,сен,

Сағынамын сәл көрмесем,

Бүгінгідей болмас едің,

Гүлденбесең, өзгермесең.


Диас: Бүгін биік бағасы да,

Қуат берген даласына.

Қазақстан көз тігіп тұр,

Батыстың бас қаласына.


Әсем ән бой балқытып шырмаған,

Ойды қозғап мың құбылған қырдағы ән.

Қазақ әнін бүкіл әлем тыңдаған,

Тыңдағандар таңданудан танбаған!

Ән: «Ақтөбем»

Осы жерде талай ғұлама ұл-қыздардың кіндік қаны тамып,тарихта із қалдырды. Айталық,өз еңбегімен танылған сазгер-академик Ахмет Жұбанов,әйгілі тарышы Шығанақ, батыр қызымыз Әлия және тағы басқалары Ақтөбеден шықты.

«Сен білуге тиіссің!

1.Ақтөбе қаласының алғашқы аты? -Илецк.

2.Қаланың оң қапталын жағалай ағатын өзен.- Елек өзені

3.Шығыстың қос жұлдызының бірі атанған батыр қызымыз кім?-Әлия

4.Қаланың бас көшесі кімнің атында?- Әбілхайыр хан есімінде

5.Ақтөбе университеті кімнің есімімен аталады?- Қ.Жұбанов


.

Аяқталмаған тезис.
Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені.......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені

Тыныштық сәті. ( Музыка әуені жіберіледі оқушылар көздерін жұмып тыңдайды)
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, туған жер туралы айтылған жырларды,өлеңдерді мақал - мәтелдерді, даналық сөздеріңізді жүректеріміздің түбіне мәңгі сақтап қояйық...

Айырбастаман басқаға,

Жерімнің құттай пұшпағын

Жаңарған өмір,бас қалам,

Туған жер-алтын бесігім!-дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.


Ән:»Туған жер»






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Внекласная мереприятия

Автор: Кузенова Зейнегул Смадиновна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195758

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Кітап са?шылары"
    ["seo_title"] => string(15) "kitapsakshylary"
    ["file_id"] => string(6) "323447"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461915848"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства