kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітап са?шылары

Нажмите, чтобы узнать подробности

это сценарий провадений для праздника библиотекарей. Использовалось в школе как внекласная мереприятия 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітап са?шылары»

Халықаралық Кітапханашылар күніне арналған «Кітап сақшылары» атты мерекелік концертінің сценарийі

Өтетін жері: Абай атындағы мектеп гиназияның акт залы.

Өтетін уақыты: 15.10. 2015ж. Сағат: 10.00.



Фанфара.

Қазақ биі.

Жүргізушілер ортаға шығады.



Нұрәли: Қайырлы күн, құрметті кітапханашылар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

Аруна: Армысыздар қымбатты ағайын! Бүгінгі5а сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Кітапханашылар күніне арналған «Кітап сақшылары» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!

Нұрәли: Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Осындай кітапханалардың бірі де, бірегейі Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі. Кітапхана өзінің өмірі ішінде кітапхана дәстүрлерін сақтап, жаңа шешімдер іздеп, жаңа технологиялар мен оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізе отырып, өзінің өмірдегі орнын ақтауға тырысты.

Аруна: Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 51 кітапхана кіреді. Оның 1-еуі аудандық, 1-еуі орталық балалар кітапханасы, Тайпақ ауылдық балалар кітапханасы және 46-сы ауылдық кітапханалар болса, оның 4-еуі модельді ауылдық кітапханалар.

Нұрәли: Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ой-өрісі кең, кәсіпкерлігі жоғары, іске шығармашылықпен қарайтын әріптестердің керемет ұжымы жиналған. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теніз.

Нұрәли: Ендеше бүгінгі кешке келген кітапханашылармен таныстырып өтейік. (Барлық кітапханашыларды жеке-жеке таныстырып өтеді).



Аруна: Құрметті кітапханашылар бүгінгі өздеріңізге арналып отырған «Кітап сақшылары» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер.

Нұрәли:Кітапханашылар күні – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы – кітаптарды қамқорлыққа алады. Кітапсыз біз оқып, әлемді және өзімізді танып, дамып, ғылым мен өнердің жаңа шындарына қол жеткізе алмаушы едік.

Аруна:Олай болса, бүгінгі халықаралық кітапханашылар күніне арналған концерттік бағдарламамызды бастаймыз.



Нұрәли:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, –дей отырып, алдарыңызға Қуатова Аруна мен облысымызға танымал әнші Нургалиев Ануарды шақырамыз. Ән «Ұстазым». Қабыл алыңыздар.

Аруна: Қазіргі оқушылар мен жасөспірім жастардың бойына ұлттық сананы қалыптастыру, әдебиетімізді насихаттау, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру мақсатта, біздің кітапханашылар жаңа инновациялық әдістері мен формаларын қолданып отыр. Кітапханашылар мен оқырман арасында жылы шырайлы, достық қарым-қатынас қалыптасқан. Оқырмандармен қызықты кітаптар туралы пікірсайыстар, әртүрлі кездесу кештері, қызықты байқаулар, сауалнамалар үнемі ұйымдастырылып тұрады. Ендеше осы кітапханашылармен лоторея ойынын ойнатып, аздап бой сергітіп алайық.



Майра апай ойын ойнатады.



Аруна: Ән «Мектебім». Орындайтын Аягөз, Альмира, Алтынай.

Нұрәли: Салимгалиева Аида «Андижан» биі.

Аруна: Кітап адамзат-ақыл-ойының інжу маржаны. Кітап – кәріліктің ең жақсы досы, жастықтың сенімді жетекшісі. Кітап оқымаған кісі ой-тұңғиығына үңілу қабілетінен айрылады. Кітап арқылы ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады, әр ұрпақ келесі ұрпаққа өзінің өсиетін, ақыл-кеңесін қалдырады.

Нұрәли:Ұрпақтар сабақтастығы өкілдерінің бас қосу орталығы, бабалар өнегесін кейінгі жастардың жүрегіне жеткізер тәлім-тәрбие ортасы Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіболып табылады. Озық ақпараттық технологиялар дәуірлеген қазіргі заман ағымымен қатар дамып, мәуелі бәйтеректей жапырағын жайып келеді.

Аруна:Уақыт талабына қарай оқырмандарға жүйелі түрде қызмет көрсетіп келе жатқан біздің мәдени мекемеміз қоғам сұранысына сай ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп жүр.

Аруна: Ән «Ұстазыма мың тағзым», орындайтын Нұрәли, Альмира, Дәулет.

Нұрәли: Ал енді кітапханашыларымызға ситуациялық сұрақтар қойсақ.



Майра апай: 1-жағдай.
Кітапханаға екі оқырман келді. Оның біреуіне кітапханашы ертерек әзірленіп қойылған кітапты берді. Бұны көрген екінші оқырман:
- Маған да осы кітап керек. Оны маған беріңіз – дейді.
Кітапханашы бұл кітапты алдыңғы оқырманға күні бұрын берген сұранысы бойынша беріп тұрғанын айтады. Сонда екінші оқырман кітапханашыға: 
- Сіздерде барлық уақытта осылай. Қай уақытта келсең де ештеңе жоқ, бар жақсыны таныстарыңызға бересіздер – деп наразылық білдіреді. 
Кітапханашының әрекеті қандай?
Майра апай: 2 -жағдай.
Кітапханаға оқырман келіп сұрайды:
- Сіздерде “Құздағы аңшының зары” деген кітап бар ма?
Кітапханашы:
- Қалай аталады? Авторы кім?
Оқырман: 
- Білмеймін. Оны сіздер білуге тиіссіздер. Тек білетінім не Шыңғысов, не Шаханов.
Кітапханашының әрекеті қандай болуы керек?
Майра апай: 3 - жағдай.
Жасөспірім оқырман шығармаға әзірлену үшін оған кітаптарды іріктеп беруге көмектесуін сұрайды. Кітапханашы ол үшін кітап сақтау бөліміне кетеді. Қайта келіп оқырманға кітаптарды беріп жібергеннен кейін кітапханашы көрмеге қою үшін әзірлеп қойған басқа кітаптардың жоғалып кеткенін біледі. Бұндай жағдайдағы кітапханашының әрекеті қандай? Ондай жағдайда ескерту жасау үшін нендей мәселені алға тартуы қажет?


Нұрәли: Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы, күйлі,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар –

Алдарыңызда Бақтығалиева Айнараөздеріңізге арнап «Балбырауын» күйін орындайды. Қол соғып, қабыл алыңыздар.



Нұрәли:Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіндеоқырмандардың қызығушылығын танытып, құмартып кітап қарайтын орны белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды, ашық көлемді кітап көрмелері шығарылып тұрады. «Жақсы кітап – жан азығы» дегендей кітап адам баласының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, рухани жан-жақты дамып, жетілуіне үлкен әсер етеді.

Нұрәли: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билейді ғой тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер дайын өнерлерін көрсетуге,- деп алдарыңызға мың бұралған биші қыздырымызды шақырамыз.Ковбой биі.

Нұрәли: Құрметті көрермендер ендігі кезекті 5а сынып оқушыларынан құралғанкөңілді тапқыштарға береміз.

Аруна: Орыс биі. Қарсы алыңыздар.

Аруна: Кітапханашыларға арналған құттықтау өлеңдерімен 5а сынып оқушылары.

Нұрәли:Қуатова Арунаның орындауында «Ақжайық елім» әні.

Аруна: 5а сынып оқушыларының орындауында флэшмоб.



(«Атамекен»әні хабарлаусыз айтылады, барлық қатысушы сахнаға шығады).

Нұрәли: Қорытынды сөз ата-аналар комитетінің төрайымы Горбунова Татьяна Александровнаға беріледі.

Аруна: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Нұрәли: Құрметті көрермен, қадірлі қонақтар, ата-аналар мен ұстаздар! Осымен біздің кешіміз аяқталды. Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!









Абай атындағы мектеп-гимназия

























Ашық іс-шара

«Кітап сақшылары»







Өткізген: А. С. Құраубай

5а сынып жетекшісі



















2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кітап са?шылары

Автор: ??раубай А?г?л Са?ынды??ызы

Дата: 29.04.2016

Номер свидетельства: 323447


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства