Ж1. ?стаз. ?андай ?асиетті с?з! ?р адамны? ж?регіне ерекше жылулы? н?рын себетін аяулы т?л?а бейнесімен ?зектес ??ым. Адам баласыны? ж?регіндегі ?адір т?тып, ??рметтейтін екі ??ым болса, оны? бірі – ?стаз.
Ж2. Д?рыс айтасы?
«?стаз» деген с?з ?аза? баласы ?шін ?ашанда ?асиетті, ?адірлі бол?ан.«?стаздан т?рбие ал?ан » немесе «?стаз алдын к?рген» деген с?здер « ана т?рбиесін ал?ан» деген с?здермен ?штасып жатады.
Ж1. Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ж2. Дұрыс айтасың «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Ж1. Иә, Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ж1. Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
Ж2. Дұрыс айтасың,
Білім негізі - бастауышта демекші, алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы бастауыш сынып ұстаздарының еңбегі зор.
Ж1.
Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ардагер ұстаздарымыз бірі де бірегейі болып саналатын ұстаздарымыз Мақпоз Мұхамедқызы және Зәмзәгүл Смағұлқызы бүгін бізде – қонақта!
Қош келдіңіздер!
Тамир Жадыраған жаздай жылы жаны бар, Жақсылықтың шырағы болып шағылар. Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған, Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Ильяс
Армысыздар,мұғалімдер –әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Би-билеп,әнде бүгін шырқалар.
Рахат
Ізгілікті өн бойына жинаған , Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған. Қалап берген ірге тасын білімнің, Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!
Диас
Әр жүйенің еңбекте тірегісің, Тәрбиенің мектепте жүрегісің. Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
Дамеля Анадай бесік тербеткен Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің. Суарып білім шәрбетпен Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Саят Үйретіп өмір ұстазым Үлгілі іске нұсқадың Ақкөңіл ,іскер қашан да, Ақылшым –менің ұстазым!
Айғаным Ұстаз болу –жүректің батырлығы Ұстаз болу –сезімнің ақындығы Ұстаз болу мінездің күн шуағы Азбайтұғын адамның алтындығы
Алуа Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты , Білімдік бар биікке шығар саты Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын жатты
Шыңғыс Жайраңдап көктемім Күледі көкте күн Құшағын жайып Аяулы мектебім Санама нұр құйған Ұстазым көп менің.
Аяжан Сөз сөйлесе,жарқын-ақ Күніміздей жарқылдап Қызық өтіп сабағы Өсіреді ой- сананы , Біздермен ойнап күледі, Сырымызды біледі Қасымызда қашанда Қамқор болып жүреді. Кемшілікті кезінде Кесіп айтар өзіңе Өнеге мол өзіңе Өсиет көп өзінде Көзімнің хошын-ай Көп шәкірттің досындай Ақ ниетті, кеңпейіл Ұстаздарым осындай.
Заман Қоңырау дауысы сыңғырлап құлаққа, Естіледі,тынбады созылды ұзаққа. Жүректі тербеді,сезімді серпілтіп Мектепке ұмтылдым,жүрсем де жырақта.
Нүсіпжан Мынау менің сезгенім Ол—сыныптың анасы Өзінің де,өзгенің Баласы—оның баласы
Алмат Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Білдіріп шәкірттерің ақ ниетін, Ұстаздың алып жүрген атын еркін. Біз сізге сыйлық қылып ұсынамыз, Жүректің алғысы мен рахметін. . Сания Әліппені қолға алып Әріпті алғаш таныдық Талай тоқсан толғанып Сырын ұқтық қанығып
Камила Білімді де зейінді Білмейтін еш кеюді Ұстаз болам мейірлі. Білетін бар өнерді , Білгір сөзі мәнерлі, Ұстаз болам өнерлі. Зерттеп терең ғылымды Зерлеп ерен ілімді. Ұстаз болам білімді. Көп шәкіртті баламдай Көретін,ой санам бай. Ұстаз болам анамдай!
Ерасыл Ұстаз кім—ол зергер,дәрігер,қайраткер. Ойында оның ел болашағы сайрап тұр. Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған. Ертеңгі ғалым,президент,не маман, Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те Мұғалімге де нарық салып салмақты Мойымайтын дархан тұлға Ұстаз ғана емес пе?
Ұстаздарға мың алғыс!
Ескендір Көп жыл бұрын шыққанменен ол зейнетке, Бір табан әлі жақын жүр «Бейнетке». Ұрпағына өсиет боп қалдыру үшін тарихты, Қыл қаламын тебіренте кітап жазу үстінде.
Аружан Жайқалған шырайлы шаңырақтың ұйтқысы, Ұлдары мен қыздарының ата - анасы. Өздерінің жолын қуып білім кезген, Немере мен жиендерге толы айналасы.
Жансая Шәкірттері қанат қақты алысқа ұшып, Әр саланы бағындырып еңбек етіп. Шәкірттердің шыңдалғаны емес пе
Ұстазының жүргені көпшілікке мерейлі боп!
Дастан Ұстаз болып атың шыңға шыққанда Артықпын деп өзегеден жалғыз шықпадын. Көмек қолын созғаныңда баршаға
Еңбегіңді сатулы деп санамадын,- дей келе бүгінгі мерекелік кешіміздің құрметті қонағы ардагер ұстаздарымызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз және де мектебімізге қош келдіңіздер дейміз.
Ж1.
Сіздермен сұхбатымызды бастамас бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз туралы танып білуіміз үшін бейнебаянға назар аударайық.
(«Ардагерім – ардақты» слайды көрсетіледі.)
Ж2.
Біздің оқушыларымыз да сұрақтар қойғысы кеп отыр, ендеше ...
1.Отбасыңыз туралы айтсаңыз?
2.Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
-Мақпұз апай және Зәмзәгүл апай біздің оқушылар сіздерге сұрақтар мен қатар түрлі тапсырмалар дайындаған болатын солардың алғашқысына кезек берсек.
І тапсырма
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
3.Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет,- деген екен Бауыржан Момышұлы. Ендше сіз өзіңіздің бірнеше жылғы оқушымен өткен қызметіңізге қандай баға берер едіңіз?
4.Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Қазіргі заманымызда оқушы мен ұстаз арасында қарым-қатынас сыйластыққа көңіліңіз тола ма?
5.Осы біз ұстазды ұлықтаймыз, оны жүрегімізде мәңгі сақтаймыз дейміз. Дегенмен ұстаздың ұлылыған дәріптеуіміз төмен-ау деймін. Себебі атақты ұстаздарымызды суретпен көрсетсек жастарымыз танымайды, ал оның орнында әнші болса бірден-ақ таниды. Бұның себебі неде?
-Мақпоз апай мен Зәмзәгүл апай, біздің оқушыларға айтар ақыл-кеңестеріңіз болса....
-Мақпоз апай мен Зәмзәгүл апай, біздің мектебімізге келіп оқушылармен ой бөлісіп, сұрақтарға жауап бергендеріңізге көп-көп рахмет. Сіздей ардақты ұстазға арнап біздің оқушыларымыз өнерлерін көрсетпек қарсы алыңыз.
Ән айту.
Ж1.
Мұғалім болу әркімнің қолынан келеді. Бірақ нағыз ұстаз болу – барлығының бағына бұйырмайтын бақыт. Ал бүгінгі біздің мерекелік кешіміздің кейіпкерлері шын бақытқа ие болған жан. Аяулы ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Білім беру жолындағы еңбектеріңіз еленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер деген ізгі тілекпен бүгінгі кездесуімізді аяқтаймыз.
Ж2.
Ардагер ұстаздарға қарап бой түзеп жүрейік. Осындай еліміздің азаматтары көп болсын! Бүгінгі кешіміздің қонағы Мақпоз апай және Зәмзәгүл апайға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасының амандығын тілей отырып, осындай мағыналы, мәнді ақыл-кеңестерін жас ұрпақ санасына сіңіре беріп, ортамызда аман-есен жүріңіз дегіміз келеді.