kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлттық өрлеудің ұлы күші - ТӘУЕЛСІЗДІК!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты : оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету.оқушыларға өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлттық өрлеудің ұлы күші - ТӘУЕЛСІЗДІК!"»

Ұлттық өрлеудің ұлы күші - ТӘУЕЛСІЗДІК!

Мақсаты : оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету.оқушыларға өз елін сүюге, қадірлеуге , осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.

Көрнекіліктері: слайд, карта, плакаттағы суреттер, нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың портреттері, сөзжұмбақ, ребус.

Барысы:

І. Әнұран

ІІ. Кіріспе.

Құрметті ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады.

Тәуелсіз еліміздің жастары үшін талабына сай өнерлі де, білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.

Болашақтың тірегі – мына бүгінгі балалар, сендерсіңдер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

1 тарау.«Менің Отаным – ҚАЗАҚСТАН»топтық сайыс.

Барысы :

Ұйымдастыру

Психологиялық сәт.

Әрбір адам – туысың , досың, жұрағат.

Әрбір сабақ – үйрену,ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің – тірлік, еңбек, адамдық,

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.

Негізгі бөлім.

А) сыныптарды екі топқа бөлу

І топ –«Намыс»

ІІ топ - «Жігер»

Ә) ҚАЗАҚСТАН еліне сипаттама беру.

РӘМІЗДЕР


ОРМАН

ТӨЛ ТЕҢГЕ





ҚАЗАҚСТАН


ТАУЛАР



ЕЛБАСЫ



ҮЛКЕН ҚАЛАЛАР

ЖЕР






Біздің Отанымыз - ..... (Қазақстан)

Олай болса балалар ,бүгін біз Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз. Алдымен шықпас бұрын картаны тауып алуымыз керек.

Картамыз сандықта жасырылған. Сандықты ашу үшін жұмбақты шешуіміз керек.

Жұмбақ

Құстай ұшар,

Қанатты тұлпар. (ұшақ)

Жақсы балалар, олай болса біз бүгін қалаларға ұшақ арқылы саяхатқа шығамыз. Біз Отанымызды тағы да зерттеп білеміз. Біздің алып қалаларымызды аралау үшін билет сатып алу мүлдем міндетті емес. Саяхатқа бару алдымен қалалар бойынша тапсырмаларды орындау керек.

Ақтау. Маңғыстау облысының бас қаласы. Ақтауға барған қонақты міндетті түрде теңізге апарады. Бұл қала әлемдегі ең үлкен көлдің (Каспийдің) жағасында тұр.

Тапсырма «Дұрыс аудар»

Мектеп – школа Отан - Родина Мемлекет – государства Ту – знамя

Елтаңба – герб Әнұран – гимн Моя школа менің мектебім

Наша Родина біздің Отанымыз Красивый город әдемі қала

Зеленое дерево жасыл ағаш Жақсы оқушы хороший ученик.

Атырау . облыс мұнайға, газға сонымен қатар ақ балықтардың құнды тұқымдарына бай.

Тапсырма . «Шала қазақ».

Біздің Родина – Қазақстан.

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Қазақстан үлкен государство

Қазақстан – үлкен мемлекет.

Мен Қарағанды городта тұрамын.

Мен Қарағанды қаласында тұрамын.

Орал. Батыс Қазақстан облысының басты қаласы – Орал. Ол тарихи оқиғаларға куә болды. Оның атақтылығы сол екі құрлықтың (Еуропа мен Азияның) арасындағы шекара соның үстімен өтеді.

Тапсырма . Сұрақ жауап

І топ

  • Отан деген не?

  • Отан туралы қандай өлең білесің?

  • Біздің мемлекетіміз қандай елдермен шектеседі?

  • Абай кім?

  • Қазақстанның рәміздерін ата.

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

ІІ топ

  • Қазақстанда қандай қазба байлықтар өндіріледі?

  • Қазақстанды кім басқарады?

  • Ыбырай кім?

  • Келешекте Қазақстанның болашағы кімдердің қолында деп ойлайсың?

  • Қазақстанның ұлттық валютасы не?

Ақтөбе. Хром , никель, фосфарит қорларымен даңқы шыққан.

Кім жылдам?

Бір заттың атын айту, оқушы оның не екенін тез айтуы керек.

І топ

Кітап – оқулық. Сырдария – өзен. Жылқы – төрт түлік мал. Қараша – күз айы. Мәншүк Мәметова – батыр. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» - мақал.

ІІ топ

Мектеп – біліс ордасы. Қарлығаш – құс. Күз – мезгіл. Ақтоғай – аудан. Әйтеке – би.

«Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған» (бор)

Қостанай. Өздерінің астықты алқаптарымен атақты.

«Жұмбақ ат»

Қоржын ішіндегі заттардың сипаттамасы берілген, аттарын атау.

І топ

Табиғат байлығы, өзі қатты, қара, жанғыштық қасиеті бар. Ол не?(көмір)

ІІ топ

Дәнді дақыл, түсі ақ , тағам ретінде пайдаланамыз. Ол не? (бидай)

Көкшетау. Ақмола облысы курорттарымен әйгілі. Бұл жерге жыл сайын мыңдаған туристер денсаулықтарын түзеу үшін,өте көркем көлдерге сүйсініп, қарағайлы ормандарды аралауға келеді.

Кім тапқыр? (түстерді таны) ойыны

Түстер арқылы адам бейнесін жасау.

Петропавл. Солтүстік Қазақстан облысы өздерінің астықты алқаптарымен атақты.

«Сиқырлы ұяшық» ойыны

Сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

10 Біздің Елбасымыз кім?(Н.Ә.Назарбаев)

10 Қандай мемлекеттік рәміздер бар?(Әнұран, Елтаңба, Ту)

10 Республикамыздың бас қаласы?(Астана)

10 ҚР ның мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

10 Мемлекетіміздің туының түсі қандай?(көк)

20 Біздің Отанымыз қалай аталады?(ҚР)

20 Мемлекеттік туда нелер бейнеленген? (күн, бүркіт, ою)

20 Біз Тәуелсіздігімізді қай жылы, қай күні алдық?(1991 жылы 16 желтоқсан)

20 Білім күні қай күн?(1 қыркүйек)

20 1 желтоқсан қандай мереке? (Тұңғыш Президент күні)

30 Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

30 Үш би

30 Біз қандай елміз?

30 Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

30 2002 жыл қандай жыл? (ауыл жылы)

40 20+40+50+30 сандарының қосындысы нешеге тең? (140)

40 =125

40 Күй атасы Құрманғазы

40 Қазақстан сөзін қазақша, орысша, ағылшынша жазып бер.

40 Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?(1991 жылы )

50 Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?(1989ж)

50 Картадан Астананы көрсет.

50 Шоқанның әжесі (Айғаным)

50 Дыбыстың неше түрі бар? (дауысты және дауыссыз)

50 Диалог деген не? (екі адамның сөйлесуі)

Қарағанды. Ол еліміздің шахтерлар қаласы деп аталады. Ол облыста әлемдегі ерекше көлдердің бірі Балқаш көлі мен қорыққа айналған Қарқаралы ормандары орналасқан.

«Жаңа сөз»

Берілген сөзден сөз шығару.

«ҚАЗАҚСТАН», «ТӘУЕЛСІЗДІК»

Павлодар. Бұл облыста «Богатырь» көмір кеніші бар, ол дүние жүзіндегі аса ірі ашық шахта.

Сөзжұмбақ шешу.

ЖЕЛТОҚСАН, ҚАЗАҚСТАН

Өскемен. Мұндағы кентастарда қорғасын, мырыш, мыс, күміс, кадмий, молибден, висмут, индий, талий секілді сирек металдар бар. Ал ормандары аң құсқа, өзендері мен көлдері балыққа бай.

Ребус шешу

Талдықорған. Ол өлкедегі басты өзендердің санына қарай Жетісу деп атайды. Бұл өңір ең таулы өңір болып есептеледі.

«Біреу білмегенді біреу білер»ойыны

Салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру.

І топ

Жүннен жасалатын бұйым (киіз)

Сәндік бұйым жасайтын ұста (зергер)

Ұлыс күні жасалатын тағам (Наурыз көже)

ІІ топ

Ұлыс күні айтылатын тілек (бата)

Қазақ қыздарының бас киімі (сәукеле)

Ең құрметті жанашыр адам (Ана)

Қызылорда. Әйгілі Қызылқұм шөлі мен Арал теңізі орналасқан аймақ. Ол облыста Байқоңыр айлағы бар.

Әріптер арқылы сөздер құрастыру

І топ

Ұлттың бірі (Қазақ)

Қ. Рысқұлбеков қай қалада түрмеге қамалды?(Семей)

ІІ топ

2008 жылы олипиада қай жерде болды? (Қытай)

Желтоқстан құрбаны (Ербол Сыпатаев)

Шымкент. Ерте замандарда Шымкент облысы аумағымен Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлкені «Мыңдаған ежелгі қалалар елі болған» деп батыл атауға болады.

Сұрақтарға иә немесе жоқ жауап арқылы жауап беру (топ басшыларына)

І топ

Қазақстанда 13 облыс бар екеніне сенесің ба?жоқ

Қазақстан 5 мемлекетпен көрші екеніне сенесің ба?ия

ІІ топ

Тудың авторы Шәкен Ниязбеков екендігіне сенесіңдер ма?ия

Жер көлемі жағынан 8 орында екеніне сенесің ба? Жоқ

Тараз. Егер сіз Жамбыл облысна келсеңіз, сізге Тараз қаласына таяу тұрған Айша Бибі кесенесіне барып қайтуға кеңес береді.


«Төртіншісі артық»ойыны

І топ

Бес, тоғыз, жеті, қыз

Тақта , орындық , мұғалім,кітап.

ІІ топ

Жасыл , есік, қоңыр, қызыл

Күз, жаз, жеті, көктем

Алматы. Бұл еліміздегі ең үлкен қала. Мұражай , театр, концерт залдарының , кітапханалардың, ғылыми зерттеу институттарының, мектептер мен спорт кешендерінің ең көп шоғырланған қаласы.

Ойлан, тап!

Қошақанға көмектес.

(11-3)-6=3

Балапанға көмектес

(12+3)-10=5

Астана . Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы мен елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы. Енді онда ең кемі миллион адам тұратын болады және көпшілігі балалар болмақ.

«Жасырын санды тап»ойыны

4+7+9-10+30-1+20=59

12-6+14+30+7-3+16=70

Жақсы балалар , біз қалаларға саяхат жасай келе біраз нәрсені үйрендік. Өте жақсы келесі кезекті әділқазы мүшелеріне береміз. Жеңген топты анықтау.

2 тарау

«Менің Отаным Қазақстан» атты сурет көрмесі

Жеңген оқушыны анықтау.

3 тарау

«Тәуелсіздік – сан ғасырлық арман, қол жеткізген ақиқат» мерекелік кеш

Қазақстан ол біздің еліміз, жеріміз, тіліміз, дініміз, Отанымыз.

1-бөлім «Рәміздерім – елдігімнің белгісі»

Көк байрақ халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Оның көк болуы шексіз теңсіздікті көрсетеді. Алтын күн – азаттық күні. Қыран құс ерлік белгісі. Азат күнді дүниені ерлікпен қорғайтын қырандай түлегі болу зор бақыт.

Ән : «Көк тудың желбірегені»

Елтаңбадағы көк аспан кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері биіктігі жарық жұлдыз. Алтын шаңырақ қазақтың қара шаңырақ деген қасиетті сөзінен алынған.

Ән Балақан

Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн. Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Сұлтан

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Виктория

Мұнда да бір ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.

Қара шаңырақ ел күні.

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім

Елдің тыныш тірлігі.

Хор.

Елтаңба, Туың, Әнұран

Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі

Қасиетті осы Рәміздер.

2- бөлім.

«Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы»

1986 жыл Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы үдірістің дамуына жол салып берді.

Қадірлі қауым! Осы бір жан тебірентер сәтте туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай кеткен Желтоқсан құрбандарын еске түсірейік. Желтоқсан батырлары Қайрат, Ербол, Сәбира,Ляззат тағы басқа батырларымызға тағзым етіп еске алу – ұлттық парызымыз. Қазақ халқында «Өлі разы болмай, тірі байымас » деген қағидалы сөзі бар. (Желтоқсан құрбандарына бағыштап,құран оқылып, жеті шелпек таратылады.)

Досымжан

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Бибінұр

Әділдікті қолдаймыз,

Жазықсызды қолдаймыз.

Құрбандарды ақтауға

Жаратылған жандармыз.

Санжар

Қайратты жан екенбіз,

Ақтатқан батыр Қайратты.

Желтоқсан да , қазақ та

Сіздей ермен ардақты.

Исахан

Мен қазақтың ұлымын,

Өр намыстың құлымын.

Жалғыз ғана тілегім

Аман болсын тұғырым.

Дилназ

Кетпес мәңгі көңілден

Қырдың гүлі қырмызы.

Ағып түскен көгінен

Желтоқсанның жұлдызы.

Қайрат пен Ербол

Қайсар туған ұлдары.

Ляззат пен Сәбира

Қайсар туған қыздары.

Хор. Туған ел

3- бөлім. «Отан отбасынан басталаады»

Мадина

Қазақстан елімнің,

Көшбасшысы Нұр атам.

Балаларға үлкенге

Қамқор болған бұл атам

Нұрсұлтандай патшасын

Мақтан тұтар ел, Отан!

Нұрсая

Отаным менің Қазақстан,

Ол менің туған жерім.

Қуанған мен туғанда,

Ол менің думанды елім.

Сұлтан

Отан атам, Отан әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Отан әжем, Отан анам!

Туған ел деп, туған жер деп

Ол бекерге аталмаған.

Атам, әжем, әкем, анам

Төртеуі де Отан маған!

Мирас

Отан жерім, Отан суым

Отан қуат , нәр береді.

Отан ұран , Отан туым

Отан мәңгі гүлденеді.

Нұрсұлтан

Отан өлкең, астанаң

Отан аудан, ауылың.

Отан тарих, Отан тіл,

Жасаған елдің , ер халқың.

Мадина

Отан өлкең, Отан жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы достарым

Көңілге мұны түйе біл,

«Отан» деп өс жас қауым.

Ән:Ақ көгершін

Би. «Қара жорға»

4- бөлім «Тәуелсіздік шежіресі»

1991 жылы 1желтоқсанда республика жұртшылығы Н.Ә. Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында ҚР ның Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демакратиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышқа самғады.

4 маусымда Президент ҚР ның мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.

1993 жылы 12 қарашада төл теңгемңз дүниеге келді.

1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Т.Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. 1995 жылы ақыл ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны А. Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтті.

1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

1997 жыл «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

1998 жыл «Халық бірлігі мен қлттық тарих» жылы

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы

2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы

2001 жылы «, желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

2002 жыл «Денсаулық»жылы

2003 жыл «Қазақстандағы Ресей жылы»

2002-2005 жылдар «Ауыл жылы»

2008 жылы Астана 10 жасқа толды.

2009 жылы «Дағдарыстан дамуға»жолдауы жолданды.

2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ ға төрағалық етті.

2011 жыл.Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл және «Азиада – жасампаздықтың жемісі»

2012 жыл 12қараша. EXPO -2017 халықаралық көрмесін өткізуге шешім қабылдады.

2012 – 14 жылдар Ауылды қолдау жылы.

2014 -2015 жылдары өте есте қаларлық жыл болды.

ҚР ның Конститутциясына- 20жыл

Қазақстан халқы ассамблиясына – 20 жыл

Қазақ хандығына – 550 жыл.

Ұлы жеңіске – 70 жыл

А. Құнанбайұлының – 170 жасқа толған мерейтойын атап өттік .

2016 жыл.

Ақиық ақын М. Мақатаев – 85 жасқа толды.

Әлихан Бөкейхановтың– 150 жылдығы және Тәуелсіздікке 25 жыл.

Жақсы балалар, келесі кезекте «Жылдардың ақиқатын еске алайық» атты жыр шумақтарын Дильназ жыр шашу ретінде шашады.

25жыл Тәуелсіздік төрімде

Бақыт құсы самғап ұшты көгімде.

Қымбатшылық, жоқшылықты өткердік,

25 жыл бір ғасырдай көрінді.


91 де президентті сайладық,

Еркіндікке белді бекем байладық.

Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,

Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.


Мойымадық қыспағына өмірдің

Ұмыт болды орталығы көңілдің.

Тоқтар аға алғаш ұшып ғарышқа

Байқоңырдың биігінен көріндік.


92 құрылтаймен белгілі

Бір сілкінді ағытып ап белдігін.

Шетелдегі бауырлармен қауыштық

Дүние жүзі мойындады елдігін.


Мүше болды БҰҰ ға белсенді

Төл теңгеміз көтергендей еңсеңді.

Алғаш рет Ата заңға ие боп

Нұр ағамыз бастауына ел сенді.


94 те ел басына арнадық,

97: татулықты тойладық.

99 ұрпақтарды еске алып,

2000 да мәдениетті қолдадық.


2001де тәуелсіздік 10 жылын

Бар халқымыз мақтанышпен тойладық

2002 денсаулыққа арнасақ

Үміт артып келешекке жалғадық.


2003 ті «Ауыл жылы» атадық,

Өзге елден қатарласып қалмайық.

Сусындаған тиянақты білімді

Аулымызды көркейтуге арнайық.


Содан бері жылдар жылжып өтуде

Жан емеспіз түк түсінбес бос кеуде.

Аспанымыз ашық болып әрқашан

Талпынайық биіктерге жетуге.

5-бөлім. «Тәуелсіздік ғасырдардың арманы»

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы армандап келген мақсатына қол жеткізді. Тәуелсіздігін алып жеке мемлекет болды.

Сұлтан

Өзіңдікі Елің де,

Өзіңдікі Жерің де.

Өзіңді өзің еткен Бақ –

Тәуелсіздік төрінде.

Балауса

Егемендік иесі мен деген сөз.

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген қыз.

Құндыз

Егемендік ел болудың белгісі

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егемендік деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Бекайдар

Әйнегі күн, шатыры аспан,

Кең дала ... төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістен шашқан,

Қазқстан Республикам менің!

Дильназ

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте , достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан Республикам менің!


Төлеген , Мәншүк, батырлар шыққан,

Қазақстан Республикам менің!

Орманы пүліш, бұлағыы күміс,

Қазақстан Республикам менің!

Таулары заңғар, өзені ырыс,

Қазақстан Республикам менің!

Ән. «Туған жер»

Би: «Күрең күз»

6-бөлім. «»Ару қала АСТАНА» (жыр шашу)

Нұрсұлтан

Астанам алтын ордам,

Бар қазақ ғашық оған.

Астанам әсем қалам

Бір көру арман маған.

Нұрзат

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз.

Азат елдің тірегі.

Болайықшы бәріміз.

Бекайдар

Отан дейміз кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де , шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Би: Астана

Елім барда

Не сыйлайды, не береді келер күн?!

Неде болса тірі тұрса көрермін.

Желідегі құлыныңмын мен елдің

Көгендегі қозысымын мен елдің.


Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман мен де аман.

Таулар менің таусылмайтын бақытым

Ал ырысым ұлаң ғайыр кең далам.


Не істемекпін, алтын , гаухар, жақұтты

Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты.

Марапаттау.

Қорытынды.

Арманның асқарындай Астанамыз,

Елорда, алтын орда бас қаламыз!

Авторы,сәулетшісі Астананың

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!


Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.


Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ашық аспан , жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш, шаттық тілейміз.


Тәуелсіздік ! Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік ар – ожданың кісілік.

Тәуелсіздік !Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұқтар, Абай , Шоқаным.

Тәуелсіздік – сәбилердің күлкісі,

Тәуелсіздік – ақ батасы атаның.

Еламан

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің,

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Дастарқанын мол болсын,

Абыройың зор болсын,

Өрендерің ер болсын!

Көре алмаған бағыңды

Сындыра алмаған сағыңды

Дұшпандарың жер болсын!

Жарылқа , Алла, қабыл ет

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ дәулет,

Қызыр дарып, бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

Аумин!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Ұлттық өрлеудің ұлы күші - ТӘУЕЛСІЗДІК!"

Автор: Адамбаева Гульжан Канатовна

Дата: 01.10.2016

Номер свидетельства: 347018

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тәуелсіздік -ұлттық өрлеудің ұлы күні!"
    ["seo_title"] => string(40) "t_uielsizdik_u_lttyk_orlieudin_u_ly_kuni"
    ["file_id"] => string(6) "385657"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485792389"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Тәуелсіздік -ұлттық өрлеудің ұлы күші! (ашық тәрбие сағаты)"
    ["seo_title"] => string(63) "t_uielsizdik_u_lttyk_orlieudin_u_ly_kushi_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "385671"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485793225"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?уелсіздік та? н?ры "
    ["seo_title"] => string(22) "t-uielsizdik-tan-nu-ry"
    ["file_id"] => string(6) "181891"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425405044"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""Т?уелсіздік - азатты?ты? алтын ді?гегі" д??гелек ?стел"
    ["seo_title"] => string(53) "tuielsizdikazattyktynaltyndinghieghidonghieliekustiel"
    ["file_id"] => string(6) "318990"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460711403"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Тәуелсіз Ел- Мәңгілік"
    ["seo_title"] => string(24) "t_uielsiz_iel_m_n_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "379182"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484385318"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства