kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздік - азатты?ты? алтын ді?гегі" д??гелек ?стел

Нажмите, чтобы узнать подробности

 1 Ж?ргізуші:     Ке?байта?,к?зжетпейтін жерім мені? 

                             Таулы,орман жасыл, жайлау к?лім мені? 
                              Б?гінде,бар,?лемге,да??ы,жетті 
                             Т?уелсіз,?аза?стан–елім,мені?

        Армысыздар ??рметті ?стаздар, ?адірлі ?она?тар мен о?ырмандар. Сіздерді? назарларыныз?а Абай атында?ы Орталы? кітапхана  елімізді? сан мы? жылдар бойы найзаны? ?шымен, елімізді? ерен ісімен, кешегі д?ниені д?р сілкіндерген Желто?сан о?и?асымен келген, тарихымызда  алтын ?ріптерімен жазылып ?ал?ан «Т?уелсіздік – азатты?ты? алты? ді?гегі, ?лтты? ?рлеуді? ?лы к?ші » атты д??гелек ?стелді ?сынады,   ?ош  келді?іздер. 

 Б?гінгі бізді? д?нгелек ?стелімізді? ?она?тары:

  1. ?аза?стан Республкасыны? ка?арманы, Парасат орденіні? иегері, батыр ?айрат Рыс??лбековті?  ту?ан ?пкесі   Г?лнар Рыс??лбекова
  2. №47 орта мектебіні? тарих п?ніні? м??алімі- Айс?лу  Кембебаева
  3. Осы атал?ан мектепті? тарих п?ніні? м??алімі- Айн?р Ба?тиярова

?ош келді?іздер!


2 Ж?ргізуші:   Желто?сан – жадымызда жаралы к?н.

                            Жастарым, жаппа шеккен жаралы м??.

                            Еркіндік егемендік елдігімді

                            Емірене а?сады саналы к?н.

 Желто?сан бастауы – ?асырлар ?ойнауынан жал?асып келе жат?ан ?лы тарихты? бір белесі - 16 желто?сан. Б?л ерлік пен ?рлік, ?ай?ы мен ?асірет мидай аралас?ан ?рі жар?ын,  ?рі ?аралы, ?асіретті к?н еді. Б?л ?асіретті к?н  ?айрат, ?айыркелді, Т?гелбай, Сабира, Ербол, Л?ззат сынды ж?здеген, мы?да?ан ?ыршындарды? ?анатын ?иып т?скен озбырлы? ?ктемдік к?ні еді.

   1 Ж?ргізуші : Желто?санда жар?ырап, мезгілсіз а??ан ж?лдыздар е? биікте т?руы тиіс. Хал?ымызды? т?уелсіздігі,  егемендігі жолында, ?з ?мірін ?и?ан ??рбандарды? рухына ??рмет к?рсету - ?аза? азаматтарыны?  игі борышы. Б?ла?ты к?лге, ?скерді елге ?арсы ?ою?а болмайды,  ?йткені ?ділет же?бей ?оймайды.

2 Ж?ргізуші:  Желто?сан о?и?асы - м??гілік тарих. Біз Желто?сан о?и?асын еш?ашан есімізден шы?армаймыз. Жылдар ?ткен сайын Желто?сан о?и?асы ай?ындала т?суде. ??рбан бол?ан ерлерімізді? бейнесі сол жас ?алпында есімізде м??гі са?талады. К?теріліске шы??ан жастар рухы — т?уелсіздік киесі.  болаша?ымызды н?рландыр?ан, т?уелсізік ?перген азаматтарды біз ?мыту?а тиіс емеспіз.

1 -ж?ргізуші:  И?, ізгілік атаулыдан к?дер ?зіп, е? со??ы ?міті, бар сенімі к?йреген, рухани езілген бала? жігіт ?айрат. ?айрат есіл ер к?зі тірісінде жаз?ан ?ле?дері  ж?регі  тебірентеді. 


2ж?ргізуші.  Соны? бірі «Мені? та?дырым». 

 ?мір бойы жолым болып к?рмеді, 
Жылап келем б?л д?ниеге келгелі. 
?ай?ы ша?ы басты мені? денемді, 
Т?спейді ша? сілкінсем де мен енді. 
Жолда?ан с?лемімді дос алмады, 
Шын ба екен-ау тас кере? боп ?ал?аны. 
Айта берем, айта берем ?айбірін, 
Ауыр мені?, ауыр мені? та?дырым. 
Та?дыр мені аямады, ?орлады, 
Жалынсам да, жыласамда болмады. 
?ара??ы ?мір ба?ытым жо?, жо? мені?, 
Арманда?ан а? с?улеге жетпедім. 

1-ж?ргізуші: 
Осы ?ле? жолдары ?айратты? ?атты ?иналып ?аза?стан  ?шін жанын ??рбан еткенін еске т?сіруге болады. 
(Осы кезде ?айрат, Ляззат, Сабира, Ерболдарі слайдпен к?рсетіледі) 
  Орыны а?аларды? бізбен толсын, 
С?билер а?аларды? жолын ?усын. 
1минут ?нсіздікпен еске алайы?, 
Аруа? а?аларды? ырза болсын. 
 

 1 мин ?нсіздік


2-ж?ргізуші: 
          Ала??а шы?ып ?з ойларын айту?а тырыс?ан ?аза?ты? ?рімдей ?арусыз жастарына солдаттар мен милиция ?ызметкері ?арсы ?ойылды. ?ыз жігіттерді аяусыз тая??а жы?ты, т?рмеге ?амады. ?айрат, Ербол, Ляззат, Сабира  сынды жа?а ?ана б?ршік атып келе жат?ан тал шыбы?тай жастарымызды? ?мірін ?зді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік - азатты?ты? алтын ді?гегі" д??гелек ?стел»

      1. Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі,

ұлттық өрлеудің ұлы күші

«Дөңгелек үстел»


Күй. 7 «А» Жылқышиев Р.

9 «А» Шакенбаев М.


 1 Жүргізуші: Кеңбайтақ,көзжетпейтін жерім менің 

Таулы,орман жасыл, жайлау көлім менің 
Бүгінде,бар,әлемге,даңқы,жетті 
Тәуелсіз,Қазақстан–елім,менің

  Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар мен оқырмандар. Сіздердің назарларынызға Абай атындағы Орталық кітапхана еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тәуелсіздік – азаттықтың алтың діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші » атты дөңгелек үстелді ұсынады, қош келдіңіздер. 


Бүгінгі біздің дөнгелек үстеліміздің қонақтары:


  1. Қазақстан Республкасының каһарманы, Парасат орденінің иегері, батыр Қайрат Рысқұлбековтің туған әпкесі Гүлнар Рысқұлбекова

  2. №47 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі- Айсұлу Кембебаева

  3. Осы аталған мектептің тарих пәнінің мұғалімі- Айнұр Бақтиярова

Қош келдіңіздер!


2 Жүргізуші: Желтоқсан – жадымызда жаралы күн.

Жастарым, жаппа шеккен жаралы мұң.

Еркіндік егемендік елдігімді

Емірене аңсады саналы күн.

Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі - 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сабира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық өктемдік күні еді.


1 Жүргізуші : Желтоқсанда жарқырап, мезгілсіз аққан жұлдыздар ең биікте тұруы тиіс. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында, өз өмірін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету - қазақ азаматтарының игі борышы. Бұлақты көлге, әскерді елге қарсы қоюға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды.


2 Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы — тәуелсіздік киесі. болашағымызды нұрландырған, тәуелсізік әперген азаматтарды біз ұмытуға тиіс емеспіз.


1 -жүргізуші:  Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері жүрегі тебірентеді. 


2жүргізуші. Соның бірі «Менің тағдырым». 

Өмір бойы жолым болып көрмеді, 
Жылап келем бұл дүниеге келгелі. 
Қайғы шаңы басты менің денемді, 
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. 
Жолдаған сәлемімді дос алмады, 
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. 
Айта берем, айта берем қайбірін, 
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. 
Тағдыр мені аямады, қорлады, 
Жалынсам да, жыласамда болмады. 
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, 
Армандаған ақ сәулеге жетпедім. 

1-жүргізуші: 
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. 
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдарі слайдпен көрсетіледі) 
 Орыны ағалардың бізбен толсын, 
Сәбилер ағалардың жолын қусын. 
1минут үнсіздікпен еске алайық, 
Аруақ ағалардың ырза болсын. 

1 мин үнсіздік


2-жүргізуші: 
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат, Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. 

Гүлнар апке сіз осы Қайраттың бауыры ретінде , өскелен ұрпаққа Қайраттың балалық шағындағы өжеттілігін, Тәуелсіздік жолында көрсеткен ерлігі жайында айтып кетсеңіз. Сөз кезегі өзіңізге.

8 «А» Сағындықова А.  
Жас арудың жанарында – Желтоқсан, 
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. 
Қаралы өмір қайыстырған халқымның, 
Қара тұман қабағында – Желтоқсан. 
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, 
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. 
Жазықсыздың көз жасына жуынып, 
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. 
Намысымның шырағы да – Желтоқсан, 
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. 
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, 
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 

Бейнеролик желтоқсан оқиғасы


8 «А» Ералиева М.
Тұрса да биік өр басын, 
Қазаққа бақыт орнасын. 
Сексен алтыншы жылғыдай, 
Желтоқсан желі болмасын! 
Күн кешіп лапылдаған жастарым, 
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. 
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін 
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.  


1- жүргізуші . Айсұлу ............................... сіз тарих пәнінің маманы ретінде осы кезеңдегі тарихи деректердің маңызын аша кетсеңіз.

2- жүргізуші. Айнұр ............................ сол кездегі қазақ жастарының бостандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, оқушыларға үлгі етіп айтып берсеңіз.

Ән. Қазақ елі. 9 «А» Бегалы С.


2 жүр: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдынды кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойынсынбайтынын паш етіп берді.


1 жүр: Одан бері талай жаз бен қыс алмасты, талай су ақты, талай оқиғалар тарих парақтарына жазылып қалды, бірақ Желтоқсан оқиғасының ұлттық азаттығымыз жолындағы күресте орны бөлек екендігін уақыт дәлелдеуде. Енді XX ғасырдың еншісінде қалған ереуілге толы екі-үш күннің оқиғасы әлем жұртшылығының назары Қазақстанға аударғаны кеше ғана сияқты.1991 жыл 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел танылды. Ал, міне, Тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толды, Желтоқсан оқиғасына биыл 29 жыл болды. Бұл екеуін бір-бірінен бөлек қарастыру мүмкін емес.


2 жүр : Себебі, біз Тәуелсіздікке, Азаттыққа, Бостандыққа аңсап, зарығып, қаншама қанымызды төгіп, жанымызды шүберекке түйіп жеткен халықпыз. Ата-бабаларымыз азат күнді тек армандап қана ғұмыр кешкен жоқ, сол жолды жолбарыстай жұлқысып, арыстандай арпалысып күресіп өтті. Ұрпағынан ұрпағына қалар аманат арқалатты. Аманаты – ата-бабаның қаны сіңген қасиетті топырақты, ұлан-ғайыр кең өлкемізді, қазақ жерін қорғау, сақтау.

Гулдер би ансамблі. «Бәйшешек»


8 «Ә» Ершеева А.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі


 8 «Ә» Құрбанбаева Г.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!


8 «Ә» Орынбек Ж.

Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!

Отансыздар мына өмірде бос қалар,

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.

 

8 «А» Бердалы А. Өз шығармашылығы

Кітап көрмесі


1жүргізуші: Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрсада 24 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымақтығы жарасқан республикамызға Көк байрағың биіктеп арманыңа жет, Алашым деп тілек айтпақпыз. Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Т?уелсіздік - азатты?ты? алтын ді?гегі" д??гелек ?стел

Автор: Кульбаева Айжан Шукирбаевна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318990


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства