Просмотр содержимого документа
«?лы же?іс жасасын! »
Батыс Қазақстан облысы,Зеленов ауданы,Чувашка ЖББОМ
Каскарауова Саним Шамшитденовна
Тақырыбы: Ұлы жеңіс жасасын!
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән маңызы туралы мағлұмат беру.
Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Жеңіс күні адамзат аңсап өткен күн Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. 1941 жылы Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Енді міне, әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы жеңіс күні. Содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды.
Алақай – ай, Әйгілі! Тоғызыншы май бүгін. Алғаш күні шаттықтың, Соңғы күні қайғының. 1-оқушы: Соғыс жалмап аға іні – бауырды, Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Жалғызынан айырыпты ананы, Әкесінен айырыпты баланы. 2-оқушы: Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз, Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз. Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған, Ардагерлер, ағаларға мың алғыс! -Балалар біздің шекараны кім қорғайды? -Солдаттар Шекарада солдат тұр. Көңілденсін ағалар, Амандық хат жолдап тұр.
Жүргізуші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты. 3-оқушы:
«Жеңіс» деген сөзді сөзді естіп қуанам, Қуанғаннан қолыма да ту алам. 70 жылдық жеңісімді жырламай, Мен қалайша өлең айтпай тұра алам.
Ән: «Солдат болам мен ертең» 4-оқушы: «Жеңіс» деген сөзді естіп қуанам. Қуанғаннан қолыма да ту алам, 70 жылдық жеңісімді жырламай, Мен қалайша өлең атпай тұра алам. 5-оқушы: 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы, 70 жыл шуақты күн таратты әнін 70 рет көктемде содан бері, Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Би: «Катюша» Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? -Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Б. Момышұлы т.б батырларымыз бар. –Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. 6-оқушы: Құтты болсын Жеңіс күні, халайық, Батырларды бір сәт еске алайық. Аруағына батырлардың сиынып, 1 минуттай тыныштықты табайық.
Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық.(1 минут үнсіздік) Ән: «Мәншүк апай»
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың, Ерлігіне таң қалмаған ғажап тым. Солар төккен қызыл қанның арқасы. Қазақстан аспанында азат күн.
Барлығы бірге: Бейбітшілік болсын! Соғыс болмасын! Достық болсын! Адамдар бір-бірімен тату, дос болсын!
Отаным еркелеймін енді кімге, Өзіңмен нені болса көрем бірге. Қалайша қабырғама батпас менің, Басына қатер болды төнген күнге.
Ағалар саптан шықпасын, Аналар қабақ шытпасын. Бақытқа жетіп бар адам. Сәбилер тыныш ұйықтасын.
Би: «Смуглянка» Тыныштық! Жаса тыныштық! Осы сөз бізге тым ыстық Көркейе берсін еліміз Көркейе берсін ырыс-құт.
Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын!-деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындаймыз. Осымен біздің «Ұлы Жеңіс – жасасын!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Жеңіс күні құтты болсын. Болашақ бүлдіршін сарбаздарымыз аман болсын!