kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Толағай" отбасылық сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасылық сайыс түрінде өтті. Оқушылар ата-анасымен қатысып, өнер,білім және спорттық сайыстарда сынасты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Толағай" отбасылық сайыс»

«Толағай - 2015» отбасылық сайысы

Сыныбы: 2 сынып

Мұғалім: Туленова Жанна Даукеновна


Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеу.

Сайыстың міндеттері:

  • Отбасы құндылықтарының бірі – ата-ана мен бала арасындағы байланысты байқау;

  • «Отбасы – Мектеп – Қоғам» атты қауымдастықтың нығаюына мүмкіндік жасау;

  • Сынып оқушыларының спортқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.


Сайыстың жоспары:

  1. Таныстыру (+ төсбелгі)

  2. «Өнерлі өрге жүзер» - өнер сайысы

  3. «Білімді мыңды жығар» - білім сайысы

  4. Қызықты жағдаяттар шешу

  5. Көңілді эстафета


Сайыстың барысы:

І. Бастау

  • Уа, халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.


  • Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Топтарымызды шақырамыз!


1-топ – Өмірзақовтар отбасы – «Жұлдыз» тобы

2-топ – Ахметхановтар отбасы – «Отбасы» тобы

3-топ – Курмангалиевтар отбасы – «Шаңырақ» тобы

4-топ – Муслимановтар отбасы – «Бейбарыс» тобы

5-топ – Қойлыбаевтар отбасы – «Мирас» тобы

6-топ – Аққожиндар отбасы – «Нұрлы жол» тобы




  • Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі!

Мықты болсын елімнің керегесі!

Тату-тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі!


ІІ. Әнұран орындалады


ІІІ. Әділ қазылар алқасымен таныстыру

  • Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңіздер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!


  • Сайысты бастамас бұрын, әділ баға беріп сіздерге қызмет ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Әділ қазылар алқасының төрағасы – қалалық Кәсіподақ ұйымының бас маманы – Мұсабеков Ербол Асемханұлы.

Мүшелері:

  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Сартаева Алтынай Хасенқызы

  • І санатты бастауышы сынып мұғалімі – Сағымғали Гүлжан Мерханқызы

  • Сайыстың бас төрешісі- І санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі – Набиев Ардақ Бөжейұлы.


IV. Сайыс барысы

  1. Таныстыру (+ төсбелгі)


  • Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

Қатысушы топтар өздерін таныстырады


  1. «Өнерлі өрге жүзер» - өнер сайысы


  • Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды – демекші, келесі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» айдарымен өнер сайсын бастамақпыз.

Қатысушы топтар өз өнерлерін көпшілік қауымға паш етеді


1-топ – «Жұлдыз» тобы – «Ханшайым» көрінісі және «Алло!» әні;

2-топ – «Отбасы» тобы – «Қазақстан елім менің!» өлеңі;

3-топ – «Шаңырақ» тобы – «Жасыл шырша жанында» отбасылық қойылым;

4-топ – «Бейбарыс» тобы – «Қаражорға» биі;

5-топ – «Мирас» тобы – «Гүлдерайым» әні;

6-топ – «Нұрлы жол» тобы – «Атамекен» әні.

  1. «Білімді мыңды жығар» - білім сайысы


  • Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!


  • Сайысшыларымызды білім жағынан тексеретін де кез келген сияқты! Олай болса «Білімді мыңды жығар» - білім сайысының шарттарымен таныс болыңыздар.


Сайыстың шарты:

  • Топтар әділ қазылар алдындағы парақшалардың біреуін таңдайды;

  • Әр топқа 2 тапсырма беріледі;

  • 1-тапсырма – отбасына арналған;

  • 2-тапсырма – оқушыға арналған (пәндер бойынша);

  • Ұпай жауап толық болған жағдайда ғана берілуі тиіс!



№1

  1. Өз балаңды өскенше бағасың,

Немереңді . . . .

  1. Қосудың және азайтудың компоненттерін ата.

№2

  1. Ата-ананың қадірін,

. . . .

  1. Есептің құрамды бөліктерін ата.

№3

  1. Итпен ойнасаң - үрерсің,

Баламен . . . .

  1. Судың қасиеттерін айт.

№4

  1. Балажанды биелер құлындарын теппейді,

Балажанды адамды бала . . . .

  1. Дауысты дыбыстар туралы не білесің?

№5

  1. Қыздың аңқауынан сақта,

Ұлдың . . . .

  1. Сөйлем түрлері туралы айтып бер.

№6

  1. Сайына қарай саласы,

Әкесіне . . . .

  1. Дауыссыз дыбыстар туралы не білесің?



  1. Қызықты жағдаяттар шешу

  • Бұл сайыста ата-аналар арасындағы байланысты байқау көзделіп отыр. Ендеше, жүргізушінің басшылығымен өтетін бөлімге сайыскер топтарды ортаға шақырамыз!


1

Сіздердің отбасыларыңыз лотореядан шет елге жолдама ұтып алды делік. Жолдама тек 2 адамға арналған. Кімдер барады?

2

Сіздің ұлдарыңыз мектепте өзінен үлкен баламен төбелесіп қалды делік. Мектеп әкімшілігі сіздерді жиналысқа шақырды. Кім келеді?

3

Қыздарыңызға осындай керемет есімді кім қойды?

4

Осы тәтті балақанды үйде қалай еркелетесіздер?

5

Ұлыңыз сыныптас қыздардың біреуін ұнататынын айтып келді. Махаббат туралы кім сөйлескені дұрыс?

6

Балаңызға мектеп туралы әңгіме айтқанда ең бірінші орында не дер едіңіз? (тәртіп, білім, достар)



  1. Көңілді эстафета


  • Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па?

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа! – дей келе «Көңілді эстафетамызды» да бастауға рұқсат етіңіздер!


  • Топ мүшелері межеленген жерге дейін жүгіріп барып, белгіні айналып, қайтадан жүгіріп кері қайтады. Уақытқа байланысты ұпай беріледі;

  • Топ мүшелері алақандарымен үрленген шарды қысып ұстап, шеңбер жасап тұрады. Белгіден кейін шарды түсіріп алмай жүгіріп барып, кері қайтады. Ұпай тез әрі шарды бүтін алып келген топтарға беріледі;

  • Бұл сайысқа оқушылар қатысады. Олар ыдыстағы суды екінші ыдысқа қасықпен тасу керек. 2 мин ішінде жиналған су мөлшері бойынша ұпай беріледі;

  • Топ мүшелері секіртпемен секіру арқылы жарысады.

V. Қорытынды


  • Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол –

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады!


  • Олай болса, біздің әділ қазылар өздерінің соңғы шешімін шығарғанша, мектебіміздің биылғы жылғы түлегі атанғалы отырған, болашағынан зор үміт күтетін жас әнші 11 «Б» сынып оқушысы Сатбаев Ришатты «Алға, Қазақстан!» әнімен ортаға шақырамыз.

Марапаттау рәсімі


  • Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген!

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген!

Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген!


  • Бүгінгі 2 «Ә» сыныбында болып жатқан «Толағай» отбасылық сайысына алтын уақыттарыңызды бөліп көрермен ретінде және де өздерінің берекелі, мерекелі жанұя екендерін дәлелдеп, ортаға шығып өнер көрсеткен сайысқа қатысушы топтарға алғысымыз шексіз!

Жақсылықта, амандықта, жеңісті әрі жемісті күндерді кездескенше!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Толағай" отбасылық сайыс

Автор: Туленова Жанна Даукеновна

Дата: 15.12.2017

Номер свидетельства: 444582

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Толағай" отбасылық сайысы"
    ["seo_title"] => string(26) "tolagai_otbasylyk_saiysy_1"
    ["file_id"] => string(6) "518513"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1566905566"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Тола?ай" отбасылы? сайысы"
    ["seo_title"] => string(22) "tolagaiotbasylyksaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "304277"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457694234"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Толағай" отбасылық сайысы"
    ["seo_title"] => string(24) "tolagai_otbasylyk_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "505658"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1554144629"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Тола?ай" отбасылы? сайыс 14.12.2015ж"
    ["seo_title"] => string(31) "tolagaiotbasylyksaiys14122015zh"
    ["file_id"] => string(6) "303110"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457433474"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "« Тола?ай  » отбасылы? сайысы "
    ["seo_title"] => string(25) "tolag-ai-otbasylyk-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "175257"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424254339"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства