kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіршіліктің тірегі - Ана!" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

аналар мерекесіне арналған ертеңгілік кеш

1 класс оқушылары өткізген аналарына арнап

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіршіліктің тірегі - Ана!" тәрбие сағаты»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіршіліктің тірегі – Ана! »
МақсатыАна жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу,ұстазға атаанаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлейбілуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Мұғалім: Құрметті аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезімменнұр құйып,тағыда 8Наурыз халық аралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстықсезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әротбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі теканалар мен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегіөзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізде аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілікөзі. Өмір бесігін тербетіп, адамзат

баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананыңжүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілгенаяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзентіболар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда қарызыңнан құтылаалмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзібар. Шынымен солай. Адамзат жүріпөткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнгежеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айту  мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердіңбақыты.Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар!

1) Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық ,әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік

1.Вальс 1 «в» класс оқушылары

2. оқушылардың тақпақтары

1 - оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
2 - оқушы
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
3 - оқушы
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 - оқушы
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
5 - оқушы
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!
Мирас:
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!
Жібек:
«Адал бол, деп - балдырған»
Әлділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді
Бәрі: Анамызға мың алғыс! /бас иеді/

3.Слайд ана – туралы

4. өлең. Орындайтын Нұрбақыт, К.Бақытнұр, У.Каусар,

5. ата – аналармен ойын.

4 ата – ана шыгып бір адым аттап ртырып, баласына айтатын жылы сөзін айту арқылы мәреге жету.

6. ойын. Иіс сезу арқылы өз баласын табу.

7. Саматұлы Бибарыс өлең шумағын оқиды.

Қорытынды.

1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады






















































































Ән: «Аяулы анашым»

Ойын: « Кім жүйрік?»: яғни 2 қыз 2 анасы мен алма жеп жарысады. Кім алманы берілген уақытта көбірек жейді, әділ қазыларға апарып көрсетеді. Көп жеген қыз жеңіске жетеді.

2)Ұлдардың тақпақтары----

.

Би: Флеш-моб(ұлдар билейді)

Ойын: «Шебер қолдар»: яғни шаш өру сайысы деп аталады. Үш қыз бала аналарымен ортаға шығады.

Қыздардың тақпақтары: -------

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дей келе кезекті әнге берейік!

Ән: «Айналайын мама!» (Хор)

Ойын: «Білімді мыңды жығар – білекті бірді жығар»- демекші енді қыздарымыздың білімін сынайық. Әр қыз ,ана, қыз туралы 5 мақалдан айту керек.

Аяулысың, аналарым,асылдарым,
Жайнасын
 көңілдердің жасылбағы.
Сіздер
 үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер
 үшін мереке шашулары,- дей келе алдарыңызда

Би: «Бояулар»қыздарымызды ортаға шақырамыз!(Ақмейір,Асем,Зинеп)

Ойын: «Судың да сұрауы бар » дегендей суды тасудан қыздарымыздың ептіліктерін байқайық.Ортаға 3 қыз бал шығады

Көрермендермен ойын:

СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ.

1.ОРМАН ДӘРІГЕРІ(ТОҚЫЛДАҚ)

2.Күндіз көрмейтін құс(жапалақ)

3.Мемлекеттік тіл(қазақ тілі)

4.Басты байлық –денсаулық

5.Қазақстан Р.валютасы

6.Ұя салмайтын құс

7.Абылайдың шын аты кім?(әбілмансұр)

8.Бір жұмыртқа 5 минут піссе 3 жұм. ше?

9.Жылдан құр қалған жануар?

10.Жүз жыл (ғасыр)

Би: «Нозли гүлім» Оңғарбек Балжан

Балалар өздерінің сыйлықтарын аналарына табыстайды.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

көрініс

Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
(Залда орындық үстінде сырты күміспен қапталған сандықша тұрады)
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бұл жерде сандықша тұр екен. Қане, ашып көрейікші. Мына сандықшаның үстінде ақ конверт бар екен, соны ашып оқып берейін:
«Сәлеметсіңдер ме, аналар, балалар, апайлар! Бұл хан сарайынан келген сандықша. Сандықшаны ашу үшін ұйымдастырылған ойынды ойнап, сұрақтарына толық жауап беру керек. Бұл ойынға аналар мен апайлар ғана қатысады. Ең ақылды, жылдам, шапшаң, өзің жақсы көрсеткен, тапсырмаларды толық орындаған ана ғана, сандықшаны аша алады».
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, аналарымызды ортаға, ойын ойнауға шақырайық.
Ортаға 5 ана шығып, ойын ойнайды.
Ойынның шарты:
Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру. Әр бір дұрыс жауапқа, 1 қадам алға жүріп отырады. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сандықшаға бірінші болып жетеді және сандықшаны ашып, сыйлықты алады.
Сандықшаны ашқанда, ішінен тағы бір ақ конверт шығады. Онда: «Супер игра» деп жазылып тұрады.
Супер игра: «Өз өнеріңді көрсету»
Жеңімпаз анамыз өз өнерін көрсеткеннен кейін, оған сонау хан сарайынан келген сандықшадан алтын алқа беріледі.
Қатысқан аналарға мақтау қағазы беріледі.
Балаларымыздың тағы бір аналарына сыйлығы бар екен, ортаға шақырайық. Балалар өз қолдарынан жасалған сыйлықтарын береді және де ән айтады.

Тақпақтар

әрбие сағатының тақырыбы: «Ақ жарқын – жан анам»
Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.
І. Дайындық кезеңі
1. Аналарға арнап сыйлықтар әзірлеу 2. Аналарды шақыру 3. Қабырға газетін шығару, құттықтау, суреттер 4. Үздік шығармалар көрмесі
ІІ. Негізгі бөлім
Аналар мен қонақтар төрден орын алады. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі./ музыка сәл ғана естіліп тұрады/
Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. «Ақ жарқын - жан анам»атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын.
/музыка әуенімен сыныпқа қолдарында гүлдері бар оқушылар билеп кіреді, гүлдерін аналарына тарту етеді/
Асылхан: Қуанышы баланың - Тахмина: Қуанышы ананың Қуанышы ананың. Қуанышы баланың
Асылхан: Бізді өсірген апатай, Тахмина: Құтты болсын, апатай, Еңбегіңіз зор екен. Құтты болсын мерекең. Хор: Аяулы анашым әні
/Аналарға арналған өлеңдер оқылады/
1 - оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
2 - оқушы
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
3 - оқушы
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 - оқушы
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
5 - оқушы
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!
/Еңбек сабағында дайындаған құмырадағы гүлдерін аналарына табыстайды./
Би: Орындайтын ұлдар тобы.
Ал, енді қызықты көріністерді тамашалайық.
1 - көрініс. Менің анам ең жақсы адам. Рөлде ойнайтындар: Асан мен Самал.
2 - көрініс. Үш ана. Рөлде ойнайтындар: Эльмира, Дильназ, Әсем, Данияр, Әли, Әлиби, Рамазан.
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.
Біз сіздермен ойын ойнасақ. Ойын «Өз баласын иіскеп табу» /көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек/
Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек/
Келесі кезекті Асанға береміз. Асанның орындауында «Асыл ана»әні қабыл алыңыздар.
Ал, енді аналар тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі «үздік шығармалар» көрмесі./онда оқушылардың аналарына шығарған өлеңдері, суреттері, құттықтаулары қойылған. Келген қонақтардың арасынан әділ қазылар сайланып сол оқушыларды марапаттайды.
Енді ұлдарымыздың қыздарды құттықтайтын кез келді./сыйлықтарды табыстайды/
Қыздарға арнап Азат «Сұлу қыз» әнін орындайды.
Мирас:
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!
Жібек:
«Адал бол, деп - балдырған»
Әлділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді
Бәрі: Анамызға мың алғыс! /бас иеді/
Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынап тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз. Қош сау болыңыздар!

Ма0саты?

1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Балалардың тақпақтары
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Презентация бейнефильм
Ән шашу:
1 жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз»
әнін қабыл алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән шашу
1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Омар:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!
Ән шашу:
1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Мақсат бата
беремін деп отыр.
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!
Ән шашу:
1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады
Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Тіршіліктің тірегі - Ана!" тәрбие сағаты

Автор: Нашанова Асель Саматовна

Дата: 12.03.2017

Номер свидетельства: 399487

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "«Ба?ыт г?лін терген к?н!» атты ?лы же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(90) "bak-yt-ghulin-tierghien-kun-atty-u-ly-zhien-istin-70-zhyldyg-yna-arnalg-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "214657"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432392491"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Т?рбие са?аты  ?лы Же?іске 70 жыл"
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-u-ly-zhien-iskie-70-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "266531"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450184327"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "«Ананы? аялы ала?аны» - ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(43) "ananyn-aialy-alak-any-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "160180"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422011769"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«?ариясы бар ?йді?, ?азынасы бар» та?ырыбында т?рбие са?аты  "
    ["seo_title"] => string(62) "k-ariiasy-bar-uidin-k-azynasy-bar-tak-yrybynda-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "325867"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463052513"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства