kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "?ош келді?, Жа?а жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

с. М??а?али Ма?атаевтікі

?. Т. Сарыбаевтікі

Наурыз айы ту?анда,

Той болушы еді б?л ма?да.

Са?талушы еді сыба?а,

Сапар?а кеткен ?лдар?а,

Наурыз айы ту?анда.

                           

Наурыз, наурыз, к?н игі!

К?ні игі жерді? - т?рі игі.

Бауыры жылып науат-?ар,

Бабымен ?ана жібиді.

Шашылып ырыс шана?тан,

Ша?ырып бір ?й бір ?йді,

Шаттанушы еді бір игі.

 

Осынау игі ке? жерге,

Наурыз айы келгенде,

Наурыз тойын бергенде,

К?рмегендер де - арманда,

Арманда - оны к?рген де.

Келіп ем ?мір - орман?а,

Наурыз айы келгенде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "?ош келді?, Жа?а жыл"»

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл»

Мақсаты: балаларды Аяз атамен, Ақшақармен жүздестіру. Жаңа жылдық мерекені сезіндіру. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, сіздерді келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге ашық аспан, мол бақыт, деніңізге саулық, отбасында татаулық, оқуда озат болуларыңызды тілейміз.

 Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа бөлеп алады маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалар, келіндер

Тамашаны көріндер,

Жүргізуші: Ендеше, балалар, Аяз атамыз келгенше «Шырша» әнін орындайық

Балалар шыршаны айналып жүріп «Шырша» әнін айтады.

Жүргізуші: Жарайсыңыздар, балалар.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын ескі жылымыз қой жылымыз қайда екен? Балалар, қой қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды ортаға қарсы алайық.

Ортаға ескі жыл- келеді.
Жүргізуші: Ескі жыл, сіз бізбен бірге 1 жыл бойына болдың. Бізге жақсы жыл сыйладың. Жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
Жүргізуші: Ендеше 1б сыныбының оқушысы Серік Риза және Ерсайын Ақжүністі «Жаңа жыл әнімен» ортаға шақырайық.

Жарайсың, Ақжүніс, Риза. Өркендерің өссін.

Жүргізуші: Қане, балалар, жаңа-жылға, жасыл шыршаға арнаған тақпақтарымыз бар ма, кім айтады?







Ақжүніс:

Жаңа жыл

Жаңа жыл

Жаңа жылда – жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.



Ақылбек:

Тамаша

Тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса.



Мейірімжан:

Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

- Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге Аяз атамыз бен ақшақарымызды ортаға шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет

Аяз ата сөйлейді:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, Аяз ата, Ақшақар, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Эхсан:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

Адай:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Құралай:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.


Инабат:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Алуа:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Сұрақтар қою:

Мен білемін бір ойынды:

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,

Ал, сендер аяқтаңдар ойынды.





Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!


Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

Жүргізуші:Ендеше, балалар «Буги-Буги» биін билеп билейік.

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Ескі жыл:

Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, ескі жылмен қоштасып,жаңа жылды қарсы алайық.

Сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі: Қош, қош, Ескі жыл!


Жаңа жыл келеді:
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін





Жүргізуші: Оқушылар, ортамызға Жаңа жыл да келіп жетіпті. Ендеше, жаңа жылымызға да өз өнерлерімізді көрсетейік.

_________________

Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

_____________________
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

____________________
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Жүргізуші:Біздің балғын балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады. Ендігі кезекте ата-аналарымызбен ойын ойнайық. Ортаға 4ата-ана шыға қойсын.

  1. Ойын аты: «Чупа-чупс» деп аталады.

Ал ойын шарты: Ата-анамыздың неше баласы болса, сонша чупа-чупсты аузына сала отырып, Жаңа жылға тілегін айтады.

  1. Ойынымыз да ата-аналарға арналады. Ортаға тағы да 4 ата-ана шыға қойсын.

Ойын аты: «Кедергілерден өту»

Ойын шарты: Ата-ана, алдарыңызға бірі жоғары, бірі төмен жіп берілген. Сол кедергілерден төмен жіптен аттап, ал жоғары жіптен еңкейік өтулеріңіз керек.

Жарайсыздар, ата-аналар. Ары қарай мерекемізді балғын балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Саят:

Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Әсемай:

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

 Асқар тау қарлы шың.





______________

Жаңа жыл, жол болсын.

Тынбасын жарқын ән

Қамбада мол болсын

Ақ маржан-алтын дән.



_______________________

Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.


Жүргізуші: Ендеше ортаға оқушыларымызды «Ақшақар» биімен қарсы алайық.

___________________
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

_______________________
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.


Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушылар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Мерекенің осындай керемет өтуіне ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім, осы мектептің жоғарғы сынып оқушылары сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Та?ырыбы: "?ош келді?, Жа?а жыл"

Автор: Суюнова Орынкул Балтабековна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312597

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Сауыс?ан мен К?кек"
    ["seo_title"] => string(18) "sauyskanmienkokiek"
    ["file_id"] => string(6) "327556"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463462062"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Сауыс?ан мен К?кек"doc,"
    ["seo_title"] => string(22) "sauyskanmienkokiekdoc1"
    ["file_id"] => string(6) "327557"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463462070"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства