Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік таңым атқанда»
ТӘУЕЛСІЗ ТАҢЫМ АТҚАНДА
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесінің маңызын түсіндіру. Бала бойына отансүйгіштік, ізгілік қасиеттерін дарыту. Өзара көмек көрсете білуге, қазақтың патриоттық және туған жер туралы әндеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Барысы.
Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені зал ішіне тарап тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.
«Балдырған», «Айгөлек», «Балауса», «Шапағат» тобының бүлдіршіндері әдемі киініп, музыка ырғағымен ішке еніп, орындарына жайғасады.
Жүргізуші: -Құрметті әріптестер, сүйікті балалар! Міне, көптен күткен төл мерекеміз Тәуелсіздік күні де келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Арайлап атқан таң тек шаттық пен мереке әкелсін! (Слайдта эмблема)
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл! Құтты болсын егемендік!
Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арнаған «Тәуелсіз таңым атқанда» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Елдің елдігі,
Ердің ерлігі – Әнұран!
Әннің асылы,
Ұранның басымы – Әнұран!
Барлығымыз орнымыздан тұрып Әнұранымызды айтайық.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. (Бейнеролик гимн)
- Балалар, сендер осы Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отан дегеніміз не?
- Отан – біздің ауылымыз, жеріміз, еліміз.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Нұрсұлтан Назарбаев.
25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар!
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз.
Жүргізуші:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады – дей келе Жақсылықов Әлжанның орындауында «Өз елім» әні. Қабыл алыңыздар!
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар.
Осы өлең жолдарымен бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз таңым атқанда» атты ертеңгілігімізді «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар қолдарына көк туларын жоғары көтеріп, әннің ырғағымен қимылдар жасайды.
«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ дефектологы