kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып мұғалімдеріне тәуелсіздік күніне мерекелік шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты»

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстаным, саған арналады!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау; Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар Қазақ халқының тарихын еске түсіреді. Қазақстанның даму жолымен танысады. Оқушылардың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артады. Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.



Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар. «Туға елге тағзым» бағдарламасының бөлімі. Топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу, диалогтік қарым-қатынас арқылы жұмыс жасауға бағыттау.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, бейнебаян, карта, нақыл сөздер, суреттер, түрлі-түсті парақшалар, бояулар, маркер, стикер,  А - 3, 4 парақтары, стикер, т/б.

Оқыту әдістері: Сұрақтар қою, топтық жұмыс, АКТ, бірін-бірі бағалау,оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Тапсырмалар: Топтық тaлдaу, постермен жұмыс, рөлдік  көрініс, ой түрткі, сергіту сәті, бағалау, рефлекция.



Барысы:

Мұғалімнің сөзі:

Отан дейміз – от жаққан жерімізді,

Отан дейміз – өсірген елімізді.

Отан дейміз – туған жер, атамекен,

Биік тау, орман тоғай көлімізді.

Отаным менің кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!

  • Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған? Отан дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауаптары)

  • Балалар тақтада Қазақстан картасы ілінген. Сол картаға бүгінгі сағатымыздың әр бөлімінде облыстарды орналастырып отырамыз.

  • Қазақстанда қанша облыс бар? (оқушы жауаптары)

  1. Топқа бөліну. Үш түстегі ленталардан шеңбер жасап тұрғызылады. Мұғалім балалардан «Қазақстан қандай ел?» деген сұрақтарға жауап алады. Олай болса, балалар сары түсті лента ұстағанбар «Егемен» тобына, көк түсті лента ұстағандар «Тәуелсіз» тобына, ақ лента ұстағандар «Бейбіт» тобына жиналамыз.

Мұғалім сөзі: «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген...»,- Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай...

Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Қазақстаным, саған арналады!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

  1. Әр топтан тәуелсіздік мерекесіне құттықтау сөз.

«Егемен» тобы - Султангалиева Жасмина

«Тәуелсіз» тобы – Есенғали Бейбарыс

«Бейбіт» тобы – Амандық Малика

  1. Мерекелік ән-шашу. Хор: «Қазақстаным менің» әні.



  1. «Ой қозғау». Сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.



  1. ҚР-ның мемлекеттік тілі

  2. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім?

  3. ҚР ата заңы қашан қабылданды?

  4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата

  5. Әнұранның сөзін кім жазған?

  6. ҚР-ң тұңғыш ғарышкері кім?

  7. 1 желтоқсан қандай күн?

  8. Абайдың неше қара сөзі бар?

  9. ҚР-ның Тәуелсіздігі қай күн?

  10. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?

  11. Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына неше жыл?



  1. Бейнетаспа. «Қазақстанның даму жолы»



  1. «Өз еліме қосар үлесім». (3-топтың оқушылары өз ойларын ортаға салады. Қанатты, рухты, нақыл сөздермен жеткізуі тиіс.)



Мұғалімнің сөзі: Олай болса, сыныбымыздың күйші қызы Аружанның мерекелік сәлемдемесін қабыл алыңыздар!

  1. Күй «Балбөбек». Орындайтын Алқуат Аружан.



  1. Оқушылар сәлемдемесі

1-оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

2-оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәр бірге)

4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елорадамызды тұрғыздық.

5-оқушы: Қазақстан мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел!.

6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан - 2050» стратегиясының түп қазығы. «Қазақстан - 2050» - мәңгілік елге бастайтын еі абыройлы, ең мәртебелі жол.

Бәрі: Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.



  1. Суретпен жұмыс. 1991-2017 жылдар аралығында болған оқиғалардың суреттері беріледі. Жылдары бойынша орналастыру.



Мұғалімнің сөзі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғырды қолға ала отырып, Бірбұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын ж»не бұқаралық сананы қалай өзгертетініні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.



  1. Постер қорғау.

  1. Рухани жаңғыру – заман талабына сай жаңғыру.

  2. Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

  3. Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі.

Бәрі:

- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.

- Мы патриоты нашей страны

- We are patriots of our countries

Мұғалім: 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».

  • Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

  • Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

  • Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

  • Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

  • Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.



  1. «Туған елге тағзым». Астана, Маңғыстау, Сайын (берілген суреттерден буклет құрастырып, сол тақырып бойынша сөз сөйлейді)



  1. Музыкалық сәлемдеме. Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» әні



Мұғалімнің сөзі:



  1. Кері байланыс. Оқушыларға түрлі түсті қиықтарды беріледі. Сол қиықтарды қыран құсқа жабыстыру арқылы «Рухани жаңғыру» эмблемасын шығарады.



  1. Тілек арнау! Облыстарға апарып тілектерді жабыстыру.



Мүғалімнің қорытынды сөзі.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз! Еліміздің тәуелсіздігі, егемендігі мәңгілік болсын! Бейбіт өмір сүрейік!












































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты

Автор: Асканбаева Гаухар Медетхановна

Дата: 22.12.2018

Номер свидетельства: 492145

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Т?уелсіз елді? жа?а белесі!» Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "tuielsizieldinzhanabieliesitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "326511"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463209834"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "2 сыныпта өткен "Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан" атты ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(79) "2_synypta_otkien_mienin_otanym_t_uielsiz_k_azak_stan_atty_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "372853"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482516682"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Тәуелсіздік- тірегім!" тәрбие сағаты, 2в класс"
    ["seo_title"] => string(47) "t_uielsizdik_tirieghim_t_rbiie_sag_aty_2v_klass"
    ["file_id"] => string(6) "385892"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485845145"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""Тәуелсіздік тұғырым"Тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(36) "t_uelsizdik_tug_yrym_t_rbie_sagaty_1"
    ["file_id"] => string(6) "519536"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1568226191"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан! (Тәрбие сағаты)"
    ["seo_title"] => string(51) "t_uielsizdik_bastauy_zhieltok_san_t_rbiie_sag_aty_1"
    ["file_id"] => string(6) "385089"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485682925"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства