Жүру барысын алдын ала үйлестіру Алғашқы сөз (кезең) Ортаңғы кезең Тапсырм лар легі Соңы(бекіту) | Ұйымдастыр кезеңі. Психологиялық ахуал. Көңіл күйі Армысың досым, Кел, маған қосыл Алақанға салып алақан Шеңберге бірге тұрайық Жер шарындай айналып, Әлемге жарық шашайық Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық. Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық. Балалар 1 мамыр күні – бірлік пен ынтымақтастық, достық, татулық күні деп аталып өтіледі. Осы ай бірлік пен ынтымақтастық айы. Олай болса осы аптаның дәйек сөзін тағы бір қайталап өтейік. Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін. Балалар біздің оқушыларымыздың айтқан өлеңдері не туралы? -Достық, бірлік, ынтымақ туралы Бүгінгі біздің сынып сағатымыздың да тақырыбы «Сен және мен – біз екеуіміз доспыз» деп аталады. Мақсатымыз: достың адам өміріндегі маңызын, достықтың шынайы белгісі туралы ұғыну. Біздің еліміз дүние жүзіндегі татулық пен достықты сақтаудағы теңдессіз ел.Жүзден аса ұлттар мен ұлыстар достық пен татулықты ту етіп ұстанып, ұлттық - мәдени салт-дәстүрлерімізді ұрпаққа өнеге етіп отыр. Достық дегенді қалай түсінесіздер? оқушы: Мұстафа Достық- жақсылық жасау. оқушы: Аймекен Достық киелі ұғым. 3-оқушы: Төребек Ақылды, жаны таза болу- нағыз достықтың белгісі. 4-оқушы:Алихан Достық- шынайы құрмет көрсету 5-оқушы: Азамат Адамдардың бір-біріне адал сенімі. 6-оқушы:Адия Адамдардың бір-біріне қамқорлық жасауы. Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар,балалар. Ал «Дос» дегеніміз кім? 7 оқушы: Айзере Сыр бөлісетін адам. 8- оқушы: Нұрдәулет Сені жақсы түсінетін адам. 9- оқушы: Көзайым Сенімді адам. 10- оқушы: Сенің ата-анаң, бауырың. Балалар сіздердің араларыңызда ата-аналарыңыз отыр. Ең алдымен бұл кісілер сіздерге нағыз дос болып келеді. Кейін ғана ата-аналарыңыз болып табылады. Сондықтан да балалар қандай да сырларыңыз, мұңдарыңыз болмасын ата-аналарыңызбен бөлісіп, әрдайым сырласып жүріңіздер. Бүгін ата-аналар сіздерге көмек қолын созуға келіп отыр. Олар бір-бірінің қуанышында да, сәтсіздігінде де ортақтасып отырады. Достың арасында қандай қасиет болу керек? Олай болса бүгін біздер осы асыл қасиеттерді атай отырып, топқа бөлініп отырамыз. Кластер қорғау. топ: «Шынайы достық топ: «Жалған достық» топ: «Қоршаған ортамен достық» Қауіпсіздік сабағы кетеді. 5 минут Қоршаған ортамен достық дегеніміз, табиғатты аялау білу, жан-жануарларға қамқорлық көрсету. Өмірімізге қауіп төндіретін заттар. Бұлардан сақтану үшін әрине, қауіпсіздік сабағына жүгінеміз. Қауіпсіздік ережелері. -Отпен ойнама -Зиянды тамақтардан алыс болу -Тәтті тағамдарды тұтынбау -Ең алдымен адам өзімен дос болу керек, ол дегеніміз денсаулығымызды сақтап, зиянды әдеттерден аулақ болу. «Иә- жоқ» ойыны Мұғалім: Балалар, біз досымыздың бойында болуы керек қасиеттерді атадық. Мен сөздерді атаймын, ал сіз бұл сөздер нағыз досқа сәйкес келетін-келмейтініне жауап бересіз. Иә -болса шапалақтайды Жоқ- болса орнында тұрып қолымен айналады. Көмектесу Қолдау Бөлісу Өсек айту Шындықты айту Сенім Қызғаныш Қоңырау шалу Құрмет Көмек Бұйрық беру Басқалардың жетістіктеріне қуана білу «Мақалды жалғастыр» ойыны. Тақтада көрсетілген мақалдардың жалғасын алдарыңызда жатқан парақтардан іздейсіздер. Әр топ қол көтеріп жауабын айтасыздар. Мақалды жалғастыр 1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам .......... 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, .............. 3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, .................. 4. Киімнің жаңасы жақсы, ...................... 5. Көп ақшаң болғанша, ......................... 6. «Досы көппен сырлас, .............................................. 7. «Досы жақсының-...................... 8. «Дос басқа қарайды, ......................... 9. «Ақылсыз достан ................................ 10. «Досың мың болса да-аз,.............................................................. 11. «Доссыз адам ................................... Мұғалім: Керемет! Жарайсыңдар, балалар!!! Мен сізге "Достық заңдары"жадынамаларын бергім келеді. - Қазір сіз тек дос болуды үйреніп жатырсыз. Достық берік болуы үшін заңдарды сақтау керек. Достықтың көптеген заңдары бар. Достықтың негізгі заңдары. 1. Барлығы үшін және барлығы бір үшін. 2. Бір-біріңізді құрметтеңіз және бір-біріңізге көмектесіңіз. 3. Достарыңызбен бірге қуаныңыз. 4. Достарыңызды және айналаңыздағы адамдарды ренжітпеңіз. 5. Достарыңызды қиындыққа қалдырмаңыз, оларды жібермеңіз, сатқындық жасамаңыз, алдамаңыз, уәделеріңізді бұзбаңыз. 6. Достарыңызға қамқорлық жасаңыз, өйткені досыңызды жоғалту оңай. Ескі дос жаңа екеуінен жақсы. – Егер сіз осы заңдарды орындасаңыз, онда сіз нағыз дос боласыз. Олай болса қанекей барлығымыз ортаға шығайық. Флэшмоб: Достық биі Шар таратылады. Ұстаздарға шар апарып береді. Рефлексия. Қорытынды сөз Сабағымызды күн шуағымен бастадық. Сол күннің сәулесін біздерді одан әрі жылытып, нұрландырып тұру үшін оны достық сөздерімен толықтыруымыз керек. Нағыз достық қандай қасиеттен тұратынын білдік. Сондықтан да сіздер өмірде нағыз дос бола білулеріңіз керек және де менің сіздерге тілерім шынайы достарыңыз көп болсын!!! Мұғалім: Сөз соңында айтарым, «Балалар бір-бірімізбен дос болайық!!!» Сау болыңыздар!!! | Оқушылар қолдарындағы күннің шуағын көтереді. Ортаға оқушылар шығады. оқушы: Әмірбек Достық- әдеп, сыйласын Дос-өмірлік қимасың, Дос-арыңдай қымбатты, Достық сезім-тым тәтті. оқушы: Амир Достық- игі жақсылық, Достық ниет – жақсы үміт. Достық жасап адамға Достаса біл әманда. Дос ниетпен, адал, кең Дос бол ізгі адаммен. 3-оқушы: Фариза Мамырдың бірі, достық күні Ән салып, билеген халықтың үні. Тұтасып, тойлаған ұлттар, Керемет мереке, мамырдың бірі. 4-оқушы: Асылай Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз! 5- оқушы: Нұрислам Бір ата, бір ананың түлегіміз, Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз, Бірлік бар да, тірлік бар деген бабам, «Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз. Оқушылар өздерінің таңдаған суреттерін плакатқа жапсырады. Топтан 2-3 адам шығып қорғайды. Оқушылар қимыл-қозғалыспен көрсетеді. Оқушылар берілген мақалдың жартысын табады. 1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. 3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». 4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы». 5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын». 6. «Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас». 7. «Досы жақсының-өзі де жақсы». 8. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды». 9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық». 10. «Досың мың болса да-аз, Дұшпаның біреу болса да-көп». 11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең» 1. Біз әрқашан тату-тәтті өмір сүреміз. 2. Досыма көмектесемін, себебі мен оны жақсы көремін. 3. Біз бәріміз – бір үйдің баласымыз. 4. Бірлік бар жерде – тірлік бар. 5. Ынтымақты ел – ырысты ел. 6. Мен барлық достарымды жақсы көремін. 7. Біздің елімізде көп ұлт өкілдері тату тұрады. 8. Біз бәріміз – Қазақстанның балаларымыз. 9. Әр бала – болашақтың иесі. 10. Достық – біздің үлкен байлығымыз. |