kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саналы ұрпақ-жарқын болашақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Мектеп: 5 мектеп-лицей
































































































































Мектеп: 56 ЖОББМ
















































































































7

Күні: 02.09.19

Мұғалімнің аты-жөні: Тыныштықова Ж.Ә

Класы: 2 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Өскелең ұрпақты білімге деген құштарлығын арттыра отырып, биік шыңдарға жету жолдарына бағыт-бағдар беру. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.

Мақсаты:

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді.

  • Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай отырып, идеяларымен бөліседі.

  • Ұжымда бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып, қолдау көрсетуге төселеді.

  • Оқушылар еліміздің даму бағытын бет бұра отырып , болашақ білімде екенін түсінеді.

Құндылықтар

Отанды құрметтеу, елін-жерін қастерлеу, патриоттық сезім ояту.

Пәнаралық байланыс

Музыка, математика, көркем еңбек, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Аудио жазба, бейне материал

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өз Отанын, ел басын, ел ордасын, рәміздерін, т.б. біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар
























Басы












Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Кешегі сәби балаңыз.

Жарады міне, қараңыз!

Білім атты теңізге,

Біздер сапар саламыз.

(Оқушылар бірі – бірлеріне жаңа оқу жылына арнап, өздерінің тамаша жылы лебіздерін арнайды.)

Топқа бөліну

1-топ «Бәйтерек»

2-топ «Ақ орда»

3 – топ «Ханшатыр»

4-топ «Мәңгілік ел» қағбасы

5-топ «Тәуелсіздік» монументі

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалады)

  1. Кіріспе сөз

Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі.

Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.

— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы басқа аға - апаларымызды білеміз

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.






















Ортасы

Тарих толқынында

Тарихқа шолу жасау

Сұрақ – жауап

1.Білім күні қай күн?

1 қыркүйек
2. Еліміз Тәуелсіздік алған күні?

1991жыл 16 желтоқсан

3.Ел басымыз?

Қасым-Жомарт Тоқаев

4.Ел ордамыз?

Нұр-Сұлтан
5. ҚР - ның рәміздерін ата.

Ту, елтаңба, гимн

6.Тудың авторы?

Шәкен Ниязбеков

7.Елтаңбаның авторы?

Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов

8.Гимн авторлары?

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Сөзі: Жүмекен Нәжмеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.
10. ҚР - ның ата заңы қашан тойланады?

31 тамыз.
«Еңселі елдің елбасы» өмірбаян

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықтармен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді.

Топтық жұмыс

«Менің білерім»

Абай кім...? (топтастыру)

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропамәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Қара сөздің - құдіреті

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны  да рас,  бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол,  пайдаң да мол, бірақ залалың да мол,  кейде  жақсылықты  берік ұстап,  кейде жамандықты берік ұстап  кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе   табылмайтұғыны   да   рас.   Жаратқан   тәңіріні   де   сен   танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті.  Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден  қуып  шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп  кітаптың айтқаны осы, — депті.

Абай өлеңдері

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Аңсаған шөлде су тапса,

Бас қоймай ма бастауға?

Біреу түртсе, я қақса

Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Ескі өмірді түргізер.

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты бар қып жүргізер.

Есіткендей болады

Құлағым ескі сыбырды.

Ескі ойға көңілім толады,

Тіріліп өткен құрғырды.

Ішіп, терең бойлаймын,

Өткен күннің уларын.

Және шын деп ойлаймын,

Жұрттың, жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын

Күнде алдағыш қуларға.

Есім шығып қашпаймын,

Мен ішпеген у бар ма?

«Сағындырған әндер - ай»

ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ  

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,

 Бір суынып, бір ысып,

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?

























Соңы


Кері байланыс

«Білім шыңы»

3,2,1 әдісі

- Мен білген 3 дерек

- Қызықты болған 2 кезең

- Айтарым бар 1 ұсыныс


Пирамида

стикер




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Саналы ұрпақ-жарқын болашақ

Автор: Тыныштықова Жайнагүл Әлімжанқызы

Дата: 13.10.2019

Номер свидетельства: 522527

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ"
    ["seo_title"] => string(31) "sanaly_urpak_zharkyn_bolashak_1"
    ["file_id"] => string(6) "520417"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1569083338"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Саналы ұрпақ-жарқын болашақ""
    ["seo_title"] => string(29) "sanaly_urpak_zharkyn_bolashak"
    ["file_id"] => string(6) "519209"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1567856382"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" сынып сағаты"
    ["seo_title"] => string(42) "sanaly_urpak_zharkyn_bolashak_synyp_sagaty"
    ["file_id"] => string(6) "524719"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1572344755"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Саналы ұрпақ-жарқын болашақ""
    ["seo_title"] => string(32) "sanaly_urpak_zharkyn_bolashak_10"
    ["file_id"] => string(6) "522834"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1571193924"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Саналы ұрпақ- жарқын болашақ""
    ["seo_title"] => string(31) "sanaly_urpak_zharkyn_bolashak_6"
    ["file_id"] => string(6) "522501"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1570970297"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства