kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сайыс сабақ "Жол әліппесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:  «Жол әліппесі»

Мақсаты:  Оқушыларға көше қатынасы, жол белгілері  ережелерін меңгерту.

Оқушылардың жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді дағдыға айналдыру.

Оқушыларды көшеде жүру ережесін, жолда жүру мәдениетін есте сақтауға,  сақтыққа  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сайыс сабақ "Жол әліппесі"»

№ 5 мектеп-лицейі








Сайыс сабақ «Жол әліппесі»


("Жолдағы қауіпсіздік!" жолда жүру ережесі онкүндігі)






Өткізген: Нұрымбетова Н.О

3 «А» сынып















2022-2023 оқу жылы



Тақырыбы: «Жол әліппесі»

Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы, жол белгілері ережелерін меңгерту.

Оқушылардың жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді дағдыға айналдыру.

Оқушыларды көшеде жүру ережесін, жолда жүру мәдениетін есте сақтауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточка, жол белгілері.

Өтілу барысы: Жүргізуші:

Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Алдымен беріледі сәлем деген.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және қатысушы сайыскерлер! Бүгінгі «Жол әліппесі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Ақпарат: (слайдтан көрсету) Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан.Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің ең белгілі түрі – бағдаршам.

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.


1 топ: «Бағдаршам» тобы.

2 топ: «Аялдама» тобы.

3 топ: «Жол белгілері»тобы.


Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,

Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,

Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Сайыс болған жерде әділ бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін арнайы қонақтарымызды таныстырайық.

1.

2.

3.

Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық: (слайд)

І- «Таныстыру» бекеті

ІІ- «Жолдан өте біл» бекеті

ІІІ- «Саналы жүргіншілер» бекеті

IV- «Жол белгілері» бекеті

V- «Жол белгілері» патшалығы .


І-«Таныстыру» бекеті. ( 5 ұпай)

Әр топ өздерің таныстырады. Топ аты, ұраны, сәлемдемесі және эмблемасы болу керек. (бірдей киім кию керек, бұны да ескеру)

1 топ: «Бағдаршам»

Ұраны: Қызық жарық жанғанда

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл шамы жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

Сәлемдеме: Данышпан ағалар қылған талап,

Жол бойын тұру үшін қадағалап.

Орнатып қойыпты олар бағдаршам,

Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.


2 топ: «Аялдама»

Ұраны: Тоқта, демал, аялда.

Күтеді әлі жол алда.

Сәлемдеме: Жол бойында тұрады аялдама,

Жолаушыңды отырғыз аялда да.

Жүргізушіден жолаушы өтінеді,

Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.

3 топ: «Жол белгілері»

Ұраны: Белгілерді білеміз, аман есен жүреміз!

Сәлемдеме: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілің біл!

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлыңғыр.


Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді

Сары жанса дайындыққа кір дейді.

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

ІІ- «Жолдан өте біл» бекеті (5 ұпай)

Бұл бекеттің шарты: Үш топтан бір-бір баладан шығады. Үшеуі де бірдей тапсырма орындайды. Жасыл белгі жоғары көтерілгенде алға 1 адым жылжиды, қызылды көтергенде 1 адым артқа шегінеді, ал сары жарықты жоғары көтергенде орындарында қозғалмай тұрып қалады.


Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау - саламат жүреміз.

ІІІ- бекет «Саналы жүргіншілер» бекеті (2 ұпай)

3 топқа 3 сұрақтан викториналық сұрақтар беріледі:

«Бағдаршам» тобы: 1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

(жиекжолдың оң жақ шетімен)

3.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

«Аялдама» тобы: 1.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? (аялдамада)

2.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

(14 жастан)

3.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтат алмай, адам өміріне қауіп төнеді)

«Жол белгілері» тобы: 1.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)

2.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

(ішімдік ішкен жағдайда)

3. Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)


Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ, үлкен кіші баршамызға!

IV- бекет «Жол белгілері» бекеті (5 ұпай)

Слайдан суреттер беріледі. 3 топқа 3 суреттен. Әр топ өздеріне берілген белгілерді анықтап айту керек.


1.Мына белгі нені білдіреді?

(Абайлаңдар, балалар!)



2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса.

(сары-дайындал, жасыл жүруге рұқсат, қызыл-тоқта)

3.Мына белгі нені білдіреді?


(жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі)


4. Мына белгі нені білдіреді?

(жылдамдықты азайту белгісі)






5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі)


Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.

V- бекет «Жол белгілері» патшалығы.

Соңғы бекетте 3 топқа «Кім қанша жол белгілерін біледі?» деген тапсырма жүктеледі. Мұнда 5 минутта әр топ өздері білетін жол белгілерін суретерін салып, аттарын жазып көрсетеді. (Әр топқа ақ парақ, қарындаш, қалам беріледі.)

Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

жаяу жүргінші өтпесі

балалар

тайғақ жол

жол жөндеу жұмыстары

екі жақты қозғалыс

велосипед жолымен қиылыс

шлагбаумы бар темір жол

шлагбаумы жоқ темір жол

Тыйым салатын белгілер.Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады

кіруге тыйым салынады

қозғалысқа тыйым салынады

велосипедпен жүруге тыйым салынады

жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады

аялдауға тыйым салынады


Қорытынды: Міне біздің «Жол әліппесі» атты сайысымыз да өз мәресесіне жетті. Сайыскерлеріміз 5 бекеттен сүрінбей өтті, қызықты да, тартымды сайыс көрсетті. Ал ендігі сөзді бүгінгі сайыскерлерміздің әділ бағасын беріп, жеңімпаз топты анықтайытн әділ-қазылар арқасына береміз.

(әділ-қазылар сөйлейді, топтарды марапаттайды)

Айналайын абайла

Жан-жағыңа қарайла

Жол әліппесін әрқашан,

Есте сақта қалайда.

-Келесі сайыстарда кездескенше сау болыңыздар!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Сайыс сабақ "Жол әліппесі"

Автор: Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы

Дата: 27.10.2022

Номер свидетельства: 616114

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Жол жүру ережесі."
    ["seo_title"] => string(19) "zhol_zhuru_erezhesi"
    ["file_id"] => string(6) "484028"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1541581009"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "конспект мероприятия жол атасы-ба?даршам"
    ["seo_title"] => string(42) "konspiektmieropriiatiiazholatasybagdarsham"
    ["file_id"] => string(6) "289101"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454740506"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "конспект мероприятия "Жол атасы-ба?даршам""
    ["seo_title"] => string(43) "konspiektmieropriiatiiazholatasybagdarsham1"
    ["file_id"] => string(6) "289114"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454741393"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жолың болсын балақай"
    ["seo_title"] => string(22) "zholyn_bolsyn_balak_ai"
    ["file_id"] => string(6) "383393"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485276895"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Тілдер мерекесі к?ніне арнал?ан "Тіл білгірі"  та?ырыбында?ы сайыс "
    ["seo_title"] => string(72) "tildier-mieriekiesi-kuninie-arnalg-an-til-bilghiri-tak-yrybyndag-y-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "115937"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1412178751"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства